«Cен және мен әлемді бірге өзгертеміз»
Тақырыбы: «Cен және мен әлемді бірге өзгертеміз»
Мақсаты: Балалардың зорлық-зомбылық, қатыгездік мәселелеріне қауымның назарын аудару, сонымен қатар қоғамда балаларға қатыгездік жасауға жол бермеуге, сенушілікті тудыруды қалыптастыру.
Жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар! Қазіргі таңда еліміздегі, тіпті әлемдегі күрт өсіп бара жатқан проблемалардың бірі, бұл – балаларға жасалатын зорлық – зомбылықтың күн санап артуы. Бұл жайттар ешкімді де ешқашан бей-жай қалдырмасы анық. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болатын мәселе де осы: жалпы алғанда, “Мен және сен болып әлемді зорлық-зомбылықтан құтқара аламыз ба? ” осы сұрақтың жауабын табу. Ендеше жағдайы жан ауыртып, қоғамға қозғау салған осы мәселеге кім қалай қарайды? Шешудің жолы қандай? Көп болып сыр алмасып көрелік.
1) Алдымен зорлық-зомбылық дегеніміз не? Қоғамымызда жасөспірімдер арасында зорлық – зомбылық, келеңсіз жағдайлардың орын алуына сіздердің ойларыңызша, не себеп?
Зорлық – зомбылықтардың анықтамасы және диагностикасы
Физикалық жағынан көңіл қоймау дегеніміз дер уақытында балаға медициналық көмек көрсетпеу, баланы үйден айдап шығу немесе баланы қамап, үйден шығармау, тамақтандырмау келеңсіздіктері жатады.
Эмоционалдық көңіл қоймауға баланың көзінше ата – аналарының ұрыс – керіс шығарып, төбелесуі, ішімдік ішіп, темекі шегулері жатады.
Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі (16 пайызы осы жәбірленуге ұшырағандар). Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата – ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы да зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата – аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата – анасында деген қорытындыға келеміз.
Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі аз, яғни балалардың 7 пайызында осындай жәбірлеу жағдайлары кездеседі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды күштеудің кең таралған түріне жатады.
Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:
1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата – анасының жоққа шығаруы);
2. Жеке қамауда ұстау (Балаға қарым – қатынас керектігін жоққа шығару. Мысалы: баланы жертөледе немесе шкафта қамау);
3. Баланы бопсалау;
4. Елемеушілік;
5. Балағаттау;
6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;
7. Балаға қысастық көрсету;
2) Біздің мектебімізде оқушылар арасында бір-біріне әлімжеттік көрсету, зорлық-зомбылық көрсету бар ма? Оқушылар арасындағы жаппай төбелес сабақ уақытында емес, сабақтан тыс уақыттарда орын алып жататындығы белгілі.
3)Баланың қылмысқа баруына мектептегі үлгерімі, құрбы-құрдастарының әсері қаншалықты маңызды?
4)Сіздің ойыңызша, осыған қалай тосқауыл қоюға болады?
5) Жасөспірім арасында қылмыстың өршуінің бірден бір себебі - ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы,тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Осы пікірге қалай қарайсыз? Өз көзқарасыңыз?
Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.
Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады:
- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;
- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;
- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;
- тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.
6) Мамандардың пікіріне сүйенсек, батыстың боевик немесе өзге де зиянды фильмдеріндегі әрекеттерге еліктеушілік қылмыстың қазіргі деңгейіне алып келіп отыр. Оқушылардың бойына батыстық үлгінің бір бөлігі сіңбес үшін қандай тосқауыл қоюдасыз?
7) Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?
Бұл мәселе бойынша негізінен отбасылық жағдай, яғни ата – аналарының бұрынғы өмірі басты себеп бола алады.балалық кезге деген өкініші, 20 пайыздайы балалық кезде осындай және басқа да күштеулерге тап болған деген дерек бар;ішімдік ішіп, нашақорлықпен айналысатын отбасыларында балалардың 4 есе көп бөлігі ұрып – соғу зорлығын көрсе, 10 есе көбі эмоционалды күштеуге душар болуда; отбасындағы айрылысу жағдайы да зорлық – зомбылық түріне жатады; теледидарда көрсетілетін оғаш күштеулер де әсерін тигізеді.
Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.
2010-2011 жылдары балалар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі мынадай:
• балалардың 50 пайызы өз отбасында қатыгездіктің түрлі формаларын басынан өткізеді;
• респонденттердің 16,2 пайызы ата-аналары немесе заңды өкілдер тарапынан көрсетілген қоқан-лоққы және бопса түрлерін (материалдық қолдау көрсетпеу, бостандығын шектеу, кешкі серуенге жібермеу т.б.) көрсеткен;
• сұралғандардың 0,7 пайызы (осылай жауап берген балалардың басым көпшілігі - 15-18 жас аралығындағылар) еңбекке мәжбүрлеу фактісін растаған;
• отбасында әсіресе сексуалдық зорлық фактілерінің орын алғандығын 34 бала растағандығы қатты алаңдатады. Жауап берген жасөспірімдер осындай зорлық көрсеткендердің қылмыстық жауапқа тартылмайтындықтарын атап өтті, өйткені балалар мұндай жағдайлар туралы жария еткеннен гөрі үнсіз қалуды қалайды екен.
Ендеше, біздің көзқарасымызша, ақпараттық, ағарту бағытындағы жұмыстарды тек балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да жүргізген өте қажет. Балаларымыз тек өз құқықтарын білуі ғана өз-өздерін қорғай алуына септігін тигізбейді, сонымен бірге осы проблема шешімінің әдіс - тәсілдерін, жолдарын көрсетіп, болашақта оны болдырмауға ықпал ету керек. Осылайша құқықтарының сақталуына байланысты жағдайға, өмірінің жақсаруына балалардың өзінің атсалысуына мүмкіндік туғызу керек.
Жағдаяттар:
1- Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүруге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. Осы жасөспірімге қалай көмектесер едіңдер?
2- Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейтін жасөспірім.
3- Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалған жасөспірім.
4- Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шылқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңдер?
Талқылау.
Осы балалардың ойлаған қылықтары дұрыс па?
Қандай кеңес айтасыңдар?
Ендеше,осындай жасөспірімдерге біздер әрдайым кеңесімізді беріп,жақсы мақсат қойып,өмірлері мәнді де,мағыналы болып өтулеріне ат салысайық.
Қорытынды
Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен ұқтыңдар.
Мазасыз жаман , жағымсыз , мағынасыз ойлар адамды психикалық , тәндік жарақатқа шалдықтырып , тіпті өлімге әкеліп соғады .
Өздерің ойлаңдаршы ? Сонда не өзгереді ? Одан сен не ұтасың ?
Оның кімге пайдасы , кімге зияны тиеді ? ...
Ештеңе де өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш пайдасы жоқ , керісін -
ше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің .
Әрине дұшпаныңа күлкі , достарыңа , ең қымбат адамыңа , ата – анаңа,
бауырларыңа орны толмас қайғы , қасірет әкелесің , одан басқа ештеңе жоқ.
«Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.
(Оқушылардың ойларын, тілектерін ашық айтуы.)
Бүгінгі сынып сағатын мына өлең жолдармыен аяқтағым келіп тұр.
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі