Просмотр содержимого документа
«7 сынып Үйкеліс күші»
Күні:____________________
Сыныбы:________________
Сабақ тақырыбы: §32. Үйкеліс күші.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.
Тәрбиелілік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, оқулық, жүк.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын қорыту,бағалау.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты қорыту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптың дайындығын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру:
1. Дененің салмағы дегеніміз не?
2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?
3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?
4. Салмақсыздық себебі неде?
5. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.
3.Үй тапсырмасын қорыту,бағалау.
4. Жаңа сабақ.
Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Ғүйк – үйкеліс күші.
Үйкеліс түрлері:
Сырғанау үйкелісі
Домалау үйкелісі
Тыныштық үйкелісі


Үйкелістің пайда болу себептері:
Үйкеліс :
Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,
Олардың өңделу сапасына;
Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N –нормаль қысым күші.
N=mg
Fүйк=µN
µ - үйкеліс коэффициенті
5.Жаңа сабақты қорыту.
Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?
Үйкеліс не себептен болады?
Қандай үйкеліс түрлері болады?
Үйкелісті қалай азайтуға болады?
Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болаы?
Нормаль қысым күші дегеніміз не?
Үйкелістің пайдалы жақтарын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.
Үйкелістің зиянды жақтарын көрсететін мысалдарды көрсетіңдер.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма: §32. Үйкеліс күші. 14-жаттығу. №1, №2.