СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Адам еңбегінің нәтижесі" үйымдастырылған ашық оқу -қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Таным білім беру саласы, Қоршаған орта оқу-қызметі бойынша "Адам еңбегінің нәтижесі" тақырыбында өткізілген ашық-оқу қызметі

Просмотр содержимого документа
«"Адам еңбегінің нәтижесі" үйымдастырылған ашық оқу -қызметі»

Ашық ұйымдастырылған оқу -қызметінің конспектісі.


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: « Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Адам еңбегінің нәтижесі»

Мақсаты: Ересектердің еңбегін ойын- әрекеттерінде көрсете отырып, ересектермен бірге еңбек әрекеттерін орындауға баулу. Тіршілікте қолданылатын барлық өнімнің адам еңбегінің нәтижесінде келгендігі туралы түсініктерін кеңейту;Түрлі материалдармен,олардың қасиеттерімен және сапасы мен таныстыруды жалғастыра отырып,сұрақтарға ойланып жауап беру дағдыларын дамыту.

Қажетті көрнекіліктер,құрал-жабдықтар: дидиактикалық ойын «Құралын тап» (флипчарт әдісімен)моншақтар,желім,тоқуға арналған резиналар,духовка,миксер,дайын қамыр,,саз балшық,қыш,құрылысшы қалағы, сурет салу құралдары;мамандық иелерінің киімдері(аспаз,құрылысшы,суретші,зергер) ;

Билингвалы компонент: Аспазшы – повор – chef

Тігінші – швея – tailor

Құрылысшы – строитель – Builder

Әнші – певец – Singer

Бағбан – садовник – gardener

Сауыншы – доение – dairy

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Мотивациялық қозғаушылық:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бізде ерекше күн,өйткені бізге көптеген қонақтар келді.

Кәне,бәріміз қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар шаттық шеңберін құрып,келген қонақтармен үш тілде сәлемдеседі.

Ғажайып сәт: кененттен электронды тақтада еңбекқор атай пайда болады .

Барлығы электронды тақтаға назар аударады, атаймен сәлемдеседі.

Атай : -Сәлеметсіңдер ме,балалар? Мен еңбекқор атаймын. Сендердің ақылды да зерек балалар екендеріңді естіп,алыстағы ауылдан сендердің қандай еңбек жасай алатындарыңды қөргім келіп келдім.Сендер мені қалай таң қалдыра аласыңдар?

Тәрбиеші: балалар ,қанекей біз атайға өзіміздің қандай еңбекқор екенімізді көрсетеміз бе?

Балалар атайдың сұрағына келісе жауап береді.

Балаларды орындарына отырғызады.

Балалар орындарына жайғасады.

-Ал ,сендер еңбек деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар,адамдар күнделікті еңбектену арқылы өмір сүреді екен.Біз бүгін адамдардың еңбектері туралы әңгімелесеміз. -Мына суретке қараңдаршы (кір жуып жатқан,үй сыпырып жатқан адамдардың т.б. суреттерді слаид арқылы көрсетеді),суретте не бейнеленген?Адамдар немен айналысып жатыр?

Слаидты тамашалайды,сұрақтарға толық жауап береді .

-Олай болса,біз жұмысымызды ойыннан бастайық.

Іздену-ұйымдастырушы :

Дидактикалық ойын «Құралын тап» тапсырманы 4 бала электроны тақтада орындайды (флипчарт әдісі арқылы) ,ал қалған балалар ойынды Мнемо кесте арқылы орындайды.

Ойынды қызығушылықпен , белсене араласып ойнайды

Билингвалды компонент: Аспазшы – повор – chef

Тігінші – швея – tailor

Құрылысшы – строитель – Builder

Әнші – певец – Singer

Бағбан – садовник – gardener

Сауыншы – доение – dairy

Жаңа сөздерді үш тілде қайталайды.

-Балалар,осы айтылғандардың жұмыстың бәрі де адамдардың еңбегі болып табылады.

Адамдардың еңбегі туралы көп айтуға болады екен.Мысалы, сендердің күнделікті жейтін тамақтарыңды дайындау үшін де адамдар көп еңбек етеді екен.Сендер сол адамдардың еңбегін бағалау үшін не істеулерің керек деп ойлайсыңдар?

Тәрбиешінің түсідірмесін мұқият тыңдайды,есте сақтайды.

Балалардың жауаптары : -Киімді ұқыпты киюіміз керек.

-Тамақтарды жерге тастамай, жинап жүру керек.

Тәрбиеші балаларды үлкендердің еңбектерің жасап көру үшін «Мамандықтар жәрмеңкесіне» шақырады.

Ол үшін балаларды карточкалар арқылы 4 топқа бөледі:

1-ші топ: «Зергерлік шеберханада» жұмыс жасайды;

2-ші топ: «Құрылыс алаңында » жұмыс жасайды;

3-ші топ: « Мен аспазшы боламын!» бекетінде жұмыс жасайды;

4-ші топ: «Сиқырлы бояулар» бекетінде жұмыс жасайды;

Балалар текшелер арқылы топқа бөлінеді,орталықтарда жасалатын жұмыс түрлерімен танысып алады.


Тәрбиеші тапсырмаларды анықтап түсіндіріп,балаларға бағыт-бағдар беріп отырады.

Рефлексифті-коррекциялаушы : Балалар жұмыстарын жасап болған соң, тәрбиеші музыка әуенімен балаларды орталықта жинап,балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл- күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Алған әсерлерін,.не үйренгендерін,ненің суретін салғанын айтады.

Тәрбиеші: -Балалар,енді біз еңбекші атайды тыңдайық, ол бізге не айтар екен?

Еңбекші атай: -ой балапандарым,сендер өте еңбекқор екенсіңдер.Мен сендердің бүгінгі жұмыстарыңа өте риза болып отырмын. Ал,енді маған сендермен қоштасатын кез де келіп жетті,келесі кездескенше сау болыңдар!

Балалар еңбекші атайға рахмет айтып,қоштасады.

Тәрбиеші балаларға еңбек туралы мақал-мәтелдер айтуды ұсынады.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтады

Балаларды мадақтап,алғыс айтады.


Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: мамандық иелерінің пайдаланатын құрал-жабдықтарын ;

Түсінеді: еңбектің нәтижесінде пайдалы және қажетті өнім алатынын; Қолданады: ересектердің еңбегін ойын әрекетінде қолдануды;






«Бегім Ана » балабақшасы





«Адам еңбегінің нәтижесі»

(ашық оқу-қызметі)

Тәрбиеші: Бектурова А













2018-2019 о.ж