СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам қаңқасымен және оның бөлімдерімен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы.»

Сабақтың тақырыбы: §21. Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы

Сабақтың мақсаты: Адам қаңқасымен және оның бөлімдерімен таныстыру.

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ үй тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырып

ІV Қорытынды 

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы: тірек-қимыл жүйесіне (аппаратына) қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір-бірімен дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектер қаңқа түзеді. Қаңқа (скелет) ағзаның тірегі, ал оның бұлшықеттері қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді – жамбас белдеулері сүйектері қорғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі – қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан минералды алмасуға қатысады.

 

36-сурет. Адамның қаңқасы:

1– бассүйек; 2 – бұғана;  3– жауырын; 4 – төссүйек; 5 – қабырғалар ;  6 –    омыртқалар; 7 – жамбас сүйегі; 8 – тоқпан жілік;  9– шынтақ сүйегі; 10 – кәрі жілік; 11 – білезік, алақан, саусақ сүйектері; 12 – ортан жілік; 13 – тізе тобығы; 14 – асықты жілік; 15– шыбық (садақ) сүйек; 16 – толарсақ сүйестері; 17, 18 – табан, башпай сүйектері

 

Адам қаңқасының бөлімдері. Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.

Қысқа сүйектерге – омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектері жатады.

Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.

Қаңқа – тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді (36-сурет).

Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.

Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33–34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4–5 құйымшақ омыртқалар (37, а-сурет).

 

а)

ә)

 

 

37-сурет. Омыртқа жотасының бөлімдері:

а) 1 – мойын бөлімі (7); 2 – арқа бөлімі (12); 3 – бел бөлімі (5); 4 – сегізкөз бөлімі (5); 5 – құйымшақ бөлімі (4–5); ә) 1 –мойын омыртқа; 2 – арқа омыртқа; 3 – бел омыртқа

 

Енді осы сүйектерге жеке-жеке тоқталайық.

Омыртқаның құрылысы – әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасында көптеген қанаттары (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады (38-cурет). Мойын омыртқалардың (7) пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқасының (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бас сүйегімен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады (37, ә-сурет).

Арқа омыртқалары (12) мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.

Бел омыртқалары (5) басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі (37, ә-сурет).

 

 

38-сурет. Омыртқаның құрылысы:

1 – денесі; 2 – доғасы; 3 – буындық қанаттары; 4 – арқа қанаты; 5 – бүйір қанаттары; 6 –омыртқа тесігі.

 

Сегізкөз омыртқалары (5) бір-бірімен қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сәл иіліңкіреп ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларында 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады (39-сурет).

Құйымшақ омыртқалар (4–5) қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бір-бірімен шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

      Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі (39-сурет). Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18–20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Бұл иілімдер дененің тепе-теңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бір-бірімен жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі (қисаюы) – сколиоз ауруына әкеп соқтырады.

 

 

39-сурет. Омыртқа жотасының иілімдері:

1 – мойын иілімі; 2 – арқа иілімі; 3 – кеуде (көкірек) қуысы; 4 – бел иілімі;  5 –сегізкөз иілімі;  6 –құйымшақ; 7 – жамбас сүйегі

 

Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

а) орындықта түзу отырмау;

ә) жазу столы мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі;

б) көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

в) сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылдану керек.

Кеуде қуысының қанқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағын жалғыз төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі шеміршек шеттері қабырғалардың жұптарымен өзара қосылып доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы жартылай қозғалмалы байланысады. Қабырғалардың 11, 12-жұптарында шеміршек болмағандықтан алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады (40-сурет). Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығарғанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, бронхылар, өңеш және жүйкелер. Кеуде қуысының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде қуысының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төссүйектің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.

 

 

40-сурет. Кеуде (көкірек) қуысы

1 – қабырғалардың шеміршекті шеттері; 2 – қабырғалар; 3 – төссүйек; 4 – омыртқа жотасы

 

Уйге тапсырма беру.