СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығулар

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

План открытого урока по ритмике с элементами хореографии для второго курса по специализации: "Учитель английского языка", на тему: " Упражнения, направленные для развития мышц ног и рук"

Просмотр содержимого документа
«Аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығулар»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ- ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ







АШЫҚ САБАҚ

Аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығулар. Полька биі.








Оқытушы: Рысбаева Г.Ж.












2020

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ырғақ

Топ: 22бш

Колледж: №1АҚМГПК

Күні:04.12.2020

Мұғалімнің аты-жөні :Рысбаева Г.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығулар.

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар саны:-


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

Би өнері негіздері және машықтану жаттығулар

Сабақ мақсаттары

Білім алушыларға классикалық, халық билерінде әр қимылды үлкен сезіммен бейнелеп,көрнекті түрде көрсете білуіне ықпал жасау.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: білім алушыларға мамандықтарына қажетті білім, білік, шеберлік пен дағдыны игертуге қол жеткізу Білім алушылардың орындалу техникасын арттыру, жаттығулар орындалу әдісі мен орындау шеберлігін және лексикасын жетік үйрету.
2.Дамытушылық: Жаттығулар орындалу техникасын, қимыл координациясын , дене пластикасын, төзімділікті дамыту.
3.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру. Көркемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу. Қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Бағалау критерилері

Білім алушылар өздерінің жұмысы мен топтастарының жұмысын бағалау критерийлер бойынша

Сөздік қор


Demi plie, Grand plie, Bаttement tendu, Releve, Port de bras, Preparation

Pulka

Құндылықтарды дарыту

Рухани – адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Денсаулық және

Техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сабақта қолданылады:қауіпсіздік ережесі, сергіту сәттері

Пәнаралық байланыстар

Классикалық, халықтық - сахналық билерді оқыту теориясы мен әдістемесі.Сүрет. Тарих.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

ZOOM, Blm.kz, Google форма, QUIZIZZ

Алдыңғы меңгерілген білім


Бідім алушылар алдыңғы оқу мақсатында алған би комбинациясы жаттығуларға сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі

«Сәлемдесу» тренингі

І кезең- «Білімділер ғасыры»
ІІ кезең - «Танымдылық»
ІІІ кезең – «Кім мұқият?»
IV кезең – «Буын биі»
V кезең – «Полька биі»
VІ. Бекіту.
VІІ. Қорытындылау.
VIІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма.


1.Ұйымдастырукезеңі:Сәлемдесу ,сабаққа қатысуларын дайындықтарын тексеру;

2. «Сәлемдесу» тренингі
Қыздарға арналған тәжім ету (книксен)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Бастапқы қалып III позиция.

«Бір» дегенде II позиция жағына қарай оң аяқтан pas degage істейді. «Екі» дегенде сол аяқ сырғымалы қозғалыстан оң аяққа қарай тартылып, арт жағынан жарты башпайға қойылады және содан кейін тізе ию орындалады.

Дене қыздыру жаттығуларын орындау.

Мәңгі - бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.

І кезеңіміз- «Білімділер ғасыры» деп аталады

Сұрақ- жауап Google test


ІІ кезеңіміз - «Танымдылық» деп аталады.

Ойын шарты: Атақты бишілердің сүреті беріледі, олардың кім екенің және сол бишілер жайлы қандай деректер білесіздер. Венн диаграмма арқылы.


Сабақ ортасы


ІІІ кезеңіміз – «Кім мұқият?»

Ойын шарты: Аяқ және қол, бұлшық еттерінің дамуына бағытталған

би қимылдары , жаттығулары,қалыптары көрсетіледі.

Тренаждық элементтер жасау. (Demi plie, Grand plie, Battement tendu алдыға, жанға, артқа - еркін қалыпта ,3 қалыпта Releve, Port de bras)


Ерекше талант иесі болуың мүмкін,

алайда дайылмасаң, жаттықпасаң

бәрі желге кетеді – Майкл Джексон

IV кезеңіміз – «Буын биі»

«Қара жорға»

Би ырғағының адам денсаулығына пайдасы.

Би кезінде қолдың шынтақ буынын бүге ұстау, тізе буынын, аяқты бүгу арқылы қозғалысқа келтіру жұмыс істеу қабілетін арттырып, бұлшық еттерді қатайтады. Иық буынын алға-артқа еңкейтіп, шалқайту арқылы теңіз толқыны тәрізді қимыл жасау омыртқа жотасының буындарына оң әсерін тигізеді. Би кезінде жоғары-төмен, алға-артқа қозғалу жауырын қақпақтарының жұмысын реттейді. Әдетте буындардың сырқырауы буын қозғалысының аздығынан болады. Буын арасындағы сұйықтың сарысуға айналуынан сақтайды. Тұздың жиналуына жол бермей, бұлшық еттерді қатайтады. Омыртқа буындарының ауыруынан сақтап, жүрек соғысын реттейді, қан айналымының жақсаруына да пайдасы зор.


V кезеңіміз – «Полька биі»

По́лька — жылдам, сергек Еуропалық би. Музыкалық өлшемі: 2/4

Польканимрамадера

 (чех тілінде pulka — жарты адым) — чех халқының ұлттық биі. Жылдам және формасы қарапайым полька биі 19 ғ-дың басында Словакия,  Сербия,  Венгрия,  Австрия елдерінде, ал 19 ғ-дың 40-жылдарында Еуропаның барлық жерлеріне бал биі есебінде таралды (И.Штраус, Э.Вальдтейфель, т.б.). Полька музыкалық жанр ретінде композитор Б.Сметана, А.Дворжак, А.Г. Рубинштейн, М.А. Балакирев, П.И. Чайковский, С.В. Рахманинов шығармаларында пайдаланылған.

Жылдам екпінмен, шағын адыммен билейтін би, музыкалық өлшемі 2/4. Польканы екі адам шеңбер бойын айнала билейді. Полька Чехияның би мәдениетінің неғұрлым типтес белгілерін қамтыды. Полька – көңілді және тез билейтін би түрі. Көбіне оны жылдам музыкамен орындайды.

«Полька»- (Чех тілінде Pulka-жарты  адым)  – чех халқының   ұлттық  биі.  Жылдам  екпінмен,  шағын  адыммен  билейтін би, музыкалық  өлшемі 2/4.

Польканы  екі  адам  шеңбер  бойымен  билейді.  ХІХғ.  Словакия,  Сербия,  Венгрия,  Австрия  елдерінде  бал  биі  есебінде  таралды.
  • Полька Ресейде 1845 жылы пайда болды. Бұл биді, сол кезде Францияда өте сәнді болғанды ​​- Санкт-Петербургтің императорлық труппасының әйгілі бишісі Николай Осипович Гольц Париж сапарынан алып келген; ол оны сахнаға шығарды, содан кейін жоғары қоғамда Санкт-Петербург қоғамында таратты, ал жоғары ақсүйектер қоғамы көп ұзамай іс - шараларда және салондарда польканы биледі.


  • Николай Осипович Гольц - ресейлік балет бишісі, хореограф, мұғалім, көрнекті пластик биші және мимика актері.

Полька ұлттық би ретінде әлемнің көптеген халықтарында кездеседі. Бұл биі Чехия, Венгрия, Германия, Швеция, Финляндия, Польша, Белоруссия, Латвия, Литва, Эстония, Өзбекстан, Молдова, Ресей, тіпті Бразилияда кең таралған.

Полька қозғалысының сипаттамасы: секіру адымы, жеңіл екпінмен орындалады, әр түрлі орындау тәсілімен. Секіру – польканың негізгі компоненті, оның бірнеше нұсқасы бар.


Михаил Иванович Глинка

1804 жылы 1 маусымда Смоленск губерниясы, Новоспасское ауылында жер иесінің отбасында дүниеге келген. 1818 жылы ол Санкт-Петербург педагогикалық институтының жанындағы дворяндық интернатқа түсіп, оны 1822 жылы бітірді. Пансионатта Глинка музыка жаза бастады және керемет романстардың авторы ретінде танымал болды. Интернат үйін бітіргеннен кейін Глинка Темір жол бас басқармасына оқуға түсті, бірақ көп ұзамай бұл қызметті тастап, өзін толығымен музыкаға арнады.

1830-1834 жж. ол еуропалық музыкалық дәстүрлермен танысып, композиторлық шеберлігін шыңдай отырып, Италия, Австрия және Германия арқылы ұзақ сапарға шықты.

Музыканттар - оның замандастары Глинканың жұмысын жоғары бағалады. Осылайша, Ф.Лист Руслан мен Людмиладан «Черномор» наурызын фортепианоға жазып алды және оны өз концерттерінде жиі орындады.

1856 жылы Михаил Иванович өзінің шығармашылығында ескі орыс знаменный шіркеу әуендерін жандандыру үшін ескі шеберлердің полифониясын зерттеуге Берлинге барды. Жоспар орындалмады: 1857 жылы 15 ақпанда Глинка қайтыс болды.


Кішкентай полька. 1830 ж.ж.

Он алты такттан тұратын Кішкентай Полька, үйдегі күнделікті музыканың үлгісі болып табылады. Фортепиано, домбыра, және т.б. аспаптарда ойнауға болады (Кішкентай полька тыңдау)

Па польки

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу – «полька», жылдамдық-модерато (бір қарқынмен, асықпай). Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Қыздар етектерін ұстап, білезік сызығын бүкпестен шынтақтарын дөңгелентіп көрсетіледі немесе жағдайды дайындық және II позиция аралығында бекітеді.Балалар қолдарын белдеріне ұстайды.

«Және» затактісінде demi-plie орындалады және сол аяқпен секіріп түседі. Бір мезетте тізесінде, алқымында және башпайларында созылған оң аяқ алға (тірек аяғына қарсы) 300-қа көтеріліп, дене тұрқы басты сәл ғана оң жақ иыққа бұрумен оңға қарай қисаяды;

«Бір» дегенде аяқ жарты башпайға қойылып,

«Және» дегенде сол аяқ оң аяққа артқы жағынан тақала тартылып (міндетті түрде айналымда);

«Екі» дегенде – оңға қарай оң аяқпен шағын қадам жасалып, жартылай башпайға қойылады.Осы сәтте бір мезетте сол аяқ сәл ғана тізеден бүгіліп, оң (толарсақтан) тобықтан төмен тартылып жақындайды. «Және» деген сөзге оң аяқпен сәл ғана секіріп түсіп, сол аяқ алға қарай созылып, қозғалысты бастайды.

Па польки қозғалыстарының сипаты көңіл-күй және қозғалыс бойынша балаларға жақын тұрады. Дегенмен де бұл қозғалыстың өзіндік күрделі құрылымы бар: ол бір мезетте жұмыс істеп тұрған аяқты көтеріп және қайтадан еденге басумен жартылай башпайға секіріп түсуді біріктіреді

Полька биінің элементтері


Қимылды практика жүзінде үйрету.


Сабақтың соңы

Рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

VІ. Бекіту.

Ойын – тест QUIZIZZ


VІІ. Қорытындылау.

Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал”

В.А. Сухомлинский

Дін, өнер, ғылым – бір ағаштың бұтақтары. (Альберт Энштейн)

Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді. (Демокрит)


VIІІ. Бағалау.
Білім алушылар өздерінің жұмысы мен топтастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.
ІХ. Үйге тапсырма. Полька биі. https://youtu.be/HiZFlB5x-fI

Қара жорға https://youtu.be/Adc7EbxFUuU

Жаңа тақырыпты дәптерге жазу. Үйден осы өткен аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларды, тренаждық элементтері, аяқ – қол позициялары қайталау

Шығармашылық тапсырма: “Полька”биінің 2 элементтерін шығару. Эскиз - киім үлгілері сүретін салу.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А: БӘРІ Білім алушылар аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларың орындалу техникасын, аяқ қол позицияларын қайталап,көрсетеді.

В: КӨБІ Білім алушылар аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларың орындалу техникасын, аяқ қол позицияларын «Қара жорға» Буын биінің қимылдары көрсетіп,билейді .

С: КЕЙБІР Білім алушылар аяқ қол позициялар, аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларың, «Қара жорға», «Полька» билерінің қимылдары көрсетіп,билейді .

1. Білім алушылар аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларың орындалу техникасын, аяқ қол позицияларын қайталап,көрсетеді.

2. Білім алушылар аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларың орындалу техникасын, аяқ қол позицияларын «Қара жорға» Буын биінің қимылдары көрсетіп,билейді .

3. Білім алушылар аяқ қол позициялар, аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларың, «Қара жорға», «Полька» билерінің қимылдары көрсетіп,билейді .

тыныс алу гимнастикасы,

гимнастика,

сауықтыру жаттығулар, ойын терапиясы,

музыкотерапиясы,

би терапиясы,

саусақ жаттығулары,

логоритмикалық жаттығулар

күлкітерапиясы,

фольклорлық арттерапия

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Білім алушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?