ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Мерзімі: 05. 01. 2017 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісі) _
Мақсаты: балаларды «Айлакер түлкі» ертегісімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету ;
Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: айлакер, зәресі ұшу
Үштілдік компоненет: түлкі – лиса – fox, жолбарыс - тигр – tiger
Керекті құрал - жабдықтар: қорапша, қоңырау, кейіпкерлердің суреттері, «Ненің үйі?» дидактикалық ойынына керекті карточкалар.
Әрекет Кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық- Қозғаушылық | Шаттық шеңбер: Күн күлімдеп нұр шашты, Бізге жолдап сәлем! Жақсы сөздер нұр септі, Бізге жолдап сәлем! Есте сақтап кеңесті, Достарға жолда сәлем! Ғажайып сәт: Мен жолда келе жатып, кішкентай ғана қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеді ме? Қане ашып қарайықшы. Бір балаға алып шыққызады. Бұл не? Қоңырау. Дұрыс айтасыңдар. Сыңғырлатып көрейікші. Орыс халқының әуенімен топқа орыс халқының киімін киген «Ертекші» кіреді. Балалармен амандасады. Ертекші : Всем от сердца , большой поклон! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сиқырлы қоңыраудың дыбысын естіп сендерге келдім. Құр қол келген жоқпын, сендерге ертегі елінің патшасының мына ертегілер кітабын сыйға тартуға келдім. Тағы бір жерде қоңырау соғылған сияқты. Мен кетейін, ал апайларың сендерге ертегі оқып берсін. Рахмет, Сізге Ертекші! Сау болыңыз! (Ертекші шығып кетеді) | Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды. Бір бала сыңғырлатады. Таңдана қарсы алады, үш тілде амандасады. |
Ұйымдастыру– іздестіру | Әңгімелесу: Жұмбақ жасырады: Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айқай мен шу Ол не? Кіріспе әңгіме. «Айлакер түлкі» ертегісі. Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлғаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: Мені жей алмайсың. Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді. Жолбарыс Түлкіге олай бір, бұлай бір, бұлай бір қарап, сенбей: Мүмкін емес, - дейді. Сенбесең, екеуміз орман ішімен жүріп өтейік, - деп ұсыныс жасайды Түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі Жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстардың зәресі ұшып, тым – тырақай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшып кетеді. Ал қу Түлкі басын одан сайын көтере түсіп: Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма? – деп мақтанады. Иә, сен шынында да айбарлы екенсің, - деп, алданған Жолбарыс жайына кетеді. Әңгімелесу. Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Ертегідегі түлкі қандай аң? Түлкі үй жануары ма, әлде жабайы аң ба? Жабайы аңдар қайда өмір сүреді? Сергіту сәті: Тышқан шықты інінен, Сағат неше болды деп? Бауын тартып қалып еді, Дүңгірледі барлық жер. Тышқан қорқып қайтадан, Кіріп кетті ініне. Сөздік жұмысы: Айлакер деген – қу, бәрін алдап кететін деген сөз. Ал, зәресі ұшты деп қорыққан кезді айтады. Тақпақ айту. Балалардың түлкі туралы тақпақтары. «Не жасырынды?» дидактикалық ойыны Балаларға әртүрлі үйдің артына жасырынған бір аңның суреті бар, суреттер таратылады. Бұл суреттерде, сол аңдардың бір дене мүшесі көрініп қалған . Осы дене мүшесі бойынша, қай аңның үйі екенін тауып алуды ұсынады. | Жұмбақты тыңдайды, ойланып шешуін табуға тырысады. Қызыға қарайды, мұқият тыңдайды. . Иә, ұнады. Түлкі қу. Түлкі жабайы аң. Жаңа сөздердің өзге тілдердегі баламаларын қайталап, есте сақтауға тырысады. Қимылдарын келтіріп, бірге айтады. Түлкі, түлкі, түлкімін. Көрдің бе түсін тонымның? Қара етік киемін, Бойымда жоқ бір мінім! * Иә,біраз айлам бар, Айладан түсер пайдам бар. Жолап кетсем қораңа, Тауықтарың жоғалар. * Сезіп қалсам бір пәле, Табалмастай қашамын. Үлпілдеген құйрықпен, Ізімді әркез жабамын. автор : А. Темирбековна Суреттерге мұқият қарайды, қай аң жасырынғанын табады. Мысалы: - Мынау, түлкі, өйткені құйрығы көрініп тұр. - Мынау, қоян. Оның құлақтары көрініп тұр. |
Рефлексивті– түзетушілік | Қорытынды: Түлкі қандай екен? Ал жолбарыс қандай? Түлкі орысша қалай? Мақтап, мадақтайды. | |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ертегі мазмұнын;
Болу керек: жануарлардың ерекшеліктері, айнадан көрінетін бейне туралы түсінік;
Істей білу керек: сөйлем құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай жеткізе білу, рөлге бөлініп ойнауды.
Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова – Шагирова
Тексерілді: ____________
ҰОҚ – нің жүйесі:
Шаттық шеңбері «Амансың ба».
Мультик көрсету
Әңгімелесу.
Жұмбақ жасырады.
Ұзын құлақ қорқақпын,
Үлпілдек жүнді томпақпын.
Сәбізді жақсы көремін.
Үнемі қашып жүремін
Ақпараттық слайд көрсету арқылы Қоян туралы айтып өту.
Тақпақтар айтқызу.
Ұзын құлақ,
Мен сәбізді ұнатамын,
Кішкене сұр қоянмын.
СЕРГІТУ СӘТІ (ысқыру)
Қай жыл мезгілі ,сұрақтар қою. Балалар, қоян қыста өз дұшпандарынан қалай тығылады?
ТӘЖІРИБЕ жасау
Қорытынды шығару.
Тыныс алу гимнастикасы.
Қоян жапсыру.
Қорытынды сұрақтар, мақтап, мадақтау.
Сюжетті – рөлдік ойын орталығы
Тақырыбы: «Пысырма жасау» (Печенье)
Мақсаты: Балаларды пысырма жасауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: қамырды оқтаумен жаюға, түрлі қалыптармен оюға үйрету;
Дамытушылық: ұсақ қол бұлшықеттерін дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.
Үштілдік компонент: жұмыртқа – яйца – egg (эг), ұн – мука – flour (флоо), қант – сахар – sugar (щу- гәә) , май – масло – butter (баттә)
Қажетті құрал жабдықтар: түрлі пысырмалардың суреттері, 4 – 5 түрлі пысырма түрлері, ұн, май, қант, жұмыртқа, майлықтар, әр балаға алжапқыш, басорамал, жеңше, оқтау, тақтайша, екі тәрелкеге салынған бірнеше қалып түрлері .
Кіріспе әңгіме.
Балалар, үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?
Қалай ойлайсыңдар , біз бүгін не істейміз?
Дұрыс! Біз бүгін пысырма жасаймыз. Қараңдаршы алдымызда пысырманың неше түрі салынған. Пысырмалар әртүрлі болады. Нан зауыттарында пісірілетін зауыттық пысырмалар, және қолдан пісірілетін пысырмалар болады. Бірақ барлығын да ұннан, майдан, жұмыртқадан жасайды. Ішіне әртүрлі салмалар салынып пісіріледі. Кейбіреулеріне мейіз қосса, енді біріне түрлі жаңғақтар, көкнәр қосады, кейбір пысырмалардың беттерін, қантпен, түрлі пістелермен, ұнтақтармен безендіріп, әдемілейді. Бүгін біз өзіміз қолдан пысырма жасап, пісіретін боламыз.
Үйде аналарың пысырмалар пісіреді ме?
Дәмді ме?
Қалай ойлайсыңдар үйден пісіретін пысырмалар дәмдірек пе, дүкеннен сатып алғандар ма?
Әрине үйде пісірген пысырмалар дәмдірек! Себебі пысырманы аналарымыз үлкен мейіріммен, сүйіспеншілігімен пісіреді.
Біз бүгін үгіліп пісетін пысырма (печенье) пісіреміз. Ол үшін бізге 2 жұмыртқа, ұн, май, қант қажет болады. Әуелі жұмыртқа мен қантты қосып толқиды, кейін май мен ұн қосып жұмсақ қамыр илейді. Қамыр орысша қалай болады?
Енді мына сөздерді өзге тілдерде де айтып көрейікші: жұмыртқа – яйца – egg (эг), ұн – мука – flour (флоо), қант – сахар – sugar (щу- гәә) , май – масло – butter (баттә).
Тамаша!
Қауіпсіздік ережесін ескерту.
Біз қалыппен жұмыс жасайын деп отырмыз. Сол себептен абай болуымыз керек. Оқтаумен, тақтайшамен ойнауға, бір – бірімізге сермеуге болмайды. Жұмыс жасап болған соң, орнына қоямыз.
Сергіту сәті:
Барлық орталықтарға бір. «Тышқан» атты сергіту сәті.
Жұмыс барысы:
Алжапқыштарымызбен жеңшелерімізді киеміз, ең алдымен тақтайшаға біраз ұн себеміз. Енді қамырымызды қоямыз.
Енді оқтауды алып, қамырдың бетіне қойып, қатты баспай, қамырды жаямыз.
Қамыр жайылған соң, оқтауды орнына алып тастаймыз.
Өздеріңе ұнаған қалыпты таңдап алыңдар, енді сол қалыптың өткірлеу жағын қамырдың бетіне қойып, алақанымызбен басып, ойып аламыз. Шеттеріндегі артық қамырларды алып тастаймыз да, дайын пысырманы үлкен тақтайға тіземіз.
Жұмыстарыңды аяқтасаңдар, қолдарыңды майлықпен сүртіп, қоқыс салғышқа тастаңдар.
Қорытынды:
Бүгін біз не істедік?
Сендерге пысырма жасаған ұнады ма?
Біз пысырманы неден жасадық?
Маған бүгін сендердің пысырма жасағандарың өте ұнады. Жеп көргілерің келе ме? Онда аспазшы апайларымызға апарып, пешке пісіртіп алайық.
Жұмыс барысында:
Балалармен ҰОҚ бойы тақырып төңірегінде әңгімелесіп отыру
Тақырып төңірегінде сұрақтар қоюды ұмытпау
Көмек керек балаларға бағыт беріп , көмектесіп отыру (балаларға өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік беру, балалар үшін олардың орындарына ештеңе мүмкіндігінше жасамау)
Жұмыс соңында келесі айналымда келетін балаларға жұмыс орындарын тазалап, әзірлеп кету.
№ 3 «Балауса» тобы
24. 01. 2017 жыл
Сюжетті – рөлдік ойын орталығы
Тақырыбы: «Оливье жасау»
Мақсаты: Балаларды салат жасауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: көкөністерді, жұмыртқа мен шұжықты пышақпен турауға, оларды біріктіріп, майонезбен араластыруға үйрету;
Дамытушылық: ұсақ қол бұлшықеттерін дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.
Үштілділік компонент: жұмыртқа – яйца – egg (эг),қияр – огурец – cucumber (кукумбә), картоп – картошка – potato (патэйтоу), сәбіз – морковь – carrot (кәррот), шұжық – колбаса – sausage (со сидж) , көк бұршақ – зеленый горошек - green peas (грин пииз), қаймақ – сметана – sour cream (соо криим).
Кіріспе әңгіме.
Балалар, үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?
Қалай ойлайсыңдар , біз бүгін не істейміз?
Дұрыс! Біз бүгін салат жасаймыз. Біз ең дәмді және ең тойымды «Оливье» салатын жасайтын боламыз.
Неге бұл салат тойымды деп ойлайсыңдар?
Ендеше тыңдап алыңдар, бұл салатқа жұмыртқа және ет сияқты адамды тез тойғызып жіберетін өнімдер салынады. Оған қоса түрлі ақуыздарға бай көк бұршақ та бар.
Бұл салатқа ересек адамдар пияз қосып жасағанды жақсы көреді.
Мен сендерге осы пияз туралы біраз айтып бергім келеді. Пияз адамға өте пайдалы, пиязда тұмауға қарсы тұратын көп дәрумендер бар. Пиязды тазалағанда көзіміз ашып, жас ағады ғой, міне осы өткір иістен микробтар да қорқады екен.
Ал, енді салатымызға кірісеміз. (Дастарханда тұрған көкөністерді, пісірілген өнімдерді ататып шығу)
Қауіпсіздік ережесін ескерту.
Біз пышақпен жұмыс жасайын деп отырмыз. Сол себептен абай болуымыз керек. Пышақпен ойнауға, бір – бірімізге сермеуге, жүзінен ұстауға болмайды. Тек арнайы қолшығынан, сабынан ғана ұстаймыз. Жұмыс жасап болған соң, орнына қоямыз.
(жүзі домаланған пышақты қолдану)
Сергіту сәті:
Түлкі, түлкі, түлкімін.
Көрдің бе түсін тонымның?
Қара етік киемін,
Бойымда жоқ бір мінім!
*
Иә,біраз айлам бар,
Айладан түсер пайдам бар.
Жолап кетсем қораңа,
Тауықтарың жоғалар.
*
Сезіп қалсам бір пәле,
Табалмастай қашамын.
Үлпілдеген құйрықпен,
Ізімді әркез жабамын.
Жұмыс барысы:
Алжапқыштарымызды киеміз, ең алдымен картоп тураймыз. Тақтайшаға қоямыз, қолымызға пышақты дұрыстап ұстаймыз. Міне былай көлденең дөңгелектер турап аламыз, енді осы дөңгелектерімізді ұзыншақ етіп тураймыз. Осы ұзыншақтарымызды енді кішкентай шаршылар етіп тураймыз.
Енді дәл осылай сәбізді тураймыз.
Келесі тұздалған қиярды , жұмыртқаны, шұжықты тураймыз.
Енді осы қоспалардың барлығын біріктіреміз де, оған жасыл бұршақ пен тұз - бұрыш, қаймақ қосып араластырамыз.
Енді, қонаққа келген апайларымызға да ұсынайық.
Жұмыстарыңды аяқтасаңдар, қолдарыңды майлықпен сүртіп, қоқыс салғышқа тастаңдар.
Қорытынды:
Бүгін біз не істедік?
Сендерге салат жасаған ұнады ма?
Біз салатқа не қостық?
Маған бүгін сендердің салат жасағандарың өте ұнады. Жеп көргілерің келе ме? Ауыз тиіп көріңдерші (балаларға жеке шай қасықтар ұсыну, жегізу).
Жұмыс барысында:
Балалармен әрекет бойы тақырып төңірегінде әңгімелесіп отыру
Үш тілде әрбір өнімнің атауын айтқызып отыру. Мысалы: жұмыртқа – яйца – egg (эг),қияр – огурец – cucumber (кукумбә), картоп – картошка – potato (патэйтоу), сәбіз – морковь – carrot (кәррот), көк бұршақ – зеленый горошек - green peas (грин пииз), қаймақ – сметана – sour cream (соо криим), шұжық – колбаса – sausage (со сидж).
«Оливье» салатының тарихын айта отыру. Негізінде бұл салатты Франция елінде ойлап тапқан, ең әуелде бұл салатқа құс еті қосылатын болған, ал қазір түрлі шұжық түрлерін қосып та жасайды, ал біз сиыр етінен жасап отырмыз.
Тақырып төңірегінде сұрақтар қоюды ұмытпау
Көмек керек балаларға бағыт беріп , көмектесіп отыру (балаларға өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік беру, балалар үшін олардың орындарына ештеңе мүмкіндігінше жасамау)
Жұмыс соңында келесі айналымда келетін балаларға жұмыс орындарын тазалап, әзірлеп кету.
№ 3 «Балауса» тобы
24.11. 2016жыл