Алдын-ала тергеу мен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын ҚР құқық қорғау органдары
- Алдын-ала тергеу органдары және олардың жүйесі. Алдын ала тергеу жүргізетін органдар және олардың мақсаттары. Анықтама жүргізу органдары және олардың мақсаттары. Ж едел-іздестіру органдары қызметінің ұйымдастырылуы.
- Жалпы қылмыстылықпен күресетін мемлекеттік ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының жүйесі және өкілеттігі. Ішкі істер органдарының мақсаттары. Ішкі істер органдары кызметінің принциптері.
- Ұлттық қауіпсіздікке қарсы жасалатын қылмыстарға алдын–ала тергеу мен жедел іздестіру жүзеге асыратын ұлттық қауіпсіздік органдары. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі және олардың мақсаттары.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қылмыстарды анықтау және тергеу
арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың
қылмыс белгілері болуы мүмкін әрекеттер немесе
әрекетсіздіктер туралы мәліметтер алу, қылмыс
оқиғасы мен құрамын анықтау, оны жасауға
кінәлі адамдарды әшкерелеу, қылмыспен
келтірілген залалды өндіру жөнінде
шаралар қабылдау, қылмыс жасауға
ықпал еткен себептер мен жағдайларды
анықтау бойынша қызметі.
Қылмыстарды тергеу екі нысанда
жүзеге асырылады :
анықтау
алдын ала
тергеу
Алдын ала тергеу
қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен регламенттелген қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыспен келтірілген материалдық залалдарды қамтамасыз ету мақсатында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша органдарға (тергеушілерге) уәкілетік берілген қызметі
Алдын-ала тергеу органдарының міндеттері
- қымыстарды тез және толық шешу,
- кінәлілерді әшкерелеу,
- әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету,
- заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға ықпал ету болып табылады
Тергеушi
қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi
тергеп-тексерудi өз құзыретi шегiнде
жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам:
iшкi iстер органдарының тергеушiсi,
ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің
тергеушісі және экономикалық тергеу
қызметінің тергеушiсi, сондай-ақ ҚПК-ін де
көзделген жағдайларда – прокурор
Қылмыстық іс жүргізу заңымен олардың құзіретіне жатқызылған істер бойынша қылмыстарды алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мекемелер, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар анықтау органдары болып табылады.
Анықтау органдарының міндеттері
- қылмыстарды тез және толық шешу,
- кінәліліреді әшкерелеу,
- әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады
Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына
- заңда белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын қолдану жүктеледі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына
- алдын ала тергеу жүргiзілетін iстер бойынша ҚПК-ін ің 196-бабында көзделген тәртiппен қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын орындау;
- алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша ҚПК-ін ің 191-бабында көзделген тәртiппен анықтау;
- ҚПК-ін ің 190-бабында белгіленген сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
- қылмыстық теріс қылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру;
- ҚПК-ін ің 189-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу ісін жүргізу жүктеледі.
Мыналар анықтау органдары
- iшкi iстер органдары;
- ұлттық қауiпсiздiк органдары;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет; экономикалық тергеу қызметі;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары;
Мыналар анықтау органдары
- арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – шекаралық қызмет органдары;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген, өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – әскери полиция органы болмаған жағдайда, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары
Мыналар анықтау органдары
- өздерiнiң қызметкерлерi болу елдерінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;
- күзетілетін іс-шаралар өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
ҚПК-нің 63-бабына сәйкес «анықтаушы - iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам»
Жедел – іздестіру қызметі
жеке адамның өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, ұйымдардың қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғуынан қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шараларын өткізу арқылы мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелерінің жария не жасырын жүзеге асырылатын
«Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы
Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
- ішкi iстер органдары;
- ұлттық қауiпсiздiк органдары;
- сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;
- Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;
- экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.
« Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы » Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ
Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
- 1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;
- 2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
- 3) қылмыстылықпен күрес;
- 4) қылмыстық жазаларды және әкімшілік жазалауды орындау;
- 5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.
Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы , азаматтық қорғау органдары құрайды.
Полицияны криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер құрайды
Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Әкімшілік полициясы полицияның учаскелік инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік, көші-қон, табиғатты қорғау полициясынан, арнаулы мекемелерден, қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады
Ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен ведомстволардан , аумақтық органдардан , сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік ішкі істер органдары, әскери-тергеу органдары аумақтық органдар болып табылады
Қылмыстық-атқару жүйесін ведомство, оның аумақтық органдары және жазаларды орындайтын мекемелер, өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды
Ұлттық ұланның құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады
Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады
Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады
Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, атқаратын лауазымына, уақытқа қарамастан, оларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берілген жағдайда не ол тікелей анықталған жағдайда құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, жәрдемге мұқтаждарға көмек көрсету, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегі ішкі істер органдарын хабардар ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті
Азаматтық қорғау органдарының құрамы және оның қызметін ұйымдастыру «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады