Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгерген-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдану аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан-жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.
Тіл – ұлттың жаны. Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді».
Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты.
Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән гуманистік идеяларға қол жеткізуге болады.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету
2.Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
3. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, ақпараттық техникалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Стикерлер арқылы топқа бөліну
ҚР Әнұраны орындалады

ІІ. Кіріспе
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар.
Сонымен қатар өз тілі бар
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы.
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші, «Ана тілім ардағым» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Кіріспе сөз :
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында “ Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” делінген. Осы үш тілді ұштастыру , білу біздің мақсатымыз
Орыс тілінде тілек
Дорогие ребята, уважаемые учителя!
Мы рады приветствовать Вас на празднике дня языков. Пусть он принесёт вам уверенность в себе ,радость общения, светлые улыбки даже незнакомых людей!
Посмотрите налево и улыбнитесь! Посмотрите направо тоже улыбка!
Как это здорово, когда люди понимают и ценят друг друга !

І бөлім
“Аламан бәйге”
І топқа
1.Қазақ хрестоматиясының авторы кім?
2. Autumn қай мезгіл?
3. Автор романа – эпопеи “ Путь Абая ?”
4. Кому?Чему? Қай падеждің сұрақтары?
5. “ Қозы – Көрпеш – Баян сұлу” қандай жыр?
6.” Екінші“ сөзі ағылшынша қалай аталады?
ІІ топқа
7. “ Бородино” өлеңінің авторы кім?
8. Абай Құнанбаев кімнің мысалдарын аударған?
9. “Евгений Онегин” поэмасын жазған кім?
10. “ Ромео и Джульетта” трагедиясының авторы кім?
11. Қазақ тілінде неше септік бар?
12. “ Сөздің майын тамызу” қандай сөз тіркесі?
ІІ бөлім
І топ
“ Жеті жұрттың тілін біл”
1,(Тіл) тәтті, бауыр қатты.
2.Егер тілім (ертең )болса құрымақ
Мен дайынмын өлуге бүгін – ақ.
3.Ақылдың көркі – тіл , тілдің көркі – ( сөз)
4.Асыл сөзді іздесең , Абайды ( оқы), ерінбе.
5.Нұрлы( жұлдыз) – бабам тілі сен ғана.
ІІ топ
1.Туған тіліне жаны ашымаған( адам) – жәндік.
2.Туған тілін білмеген , ақылы жоқ, желік бас.
Ана тілін сүймеген,( халқын) сүйіп жарытпас.
3.Шебердің( қолы) ортақ , шешеннің сөзі ортақ.
(Ақыл) көркі көңіл, тілдің көркі сөз.
4.Күлме (досыңа) , келер басыңа.пеп
5.Мектеп - кеме, (білім) – теңіз.
Мақал сөздің көркі”
В гостях хорошо , а дома лучше.
Отсутствие новостей – хорошая новость.
Не все золото, что блестит.
Плохая молва летит на крыльях.
Доброе слово дороже богатство
Человек без родины, что соловей без песни.

“ Жұмбақтар әлемі”
1.Темір тілді, күміс үнді. (шешуі не ?)
2.Сүйексіз ғып жаратқан,
Жұртты аузына қаратқан. ( бұл не?)
3.Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші .( шешуі не?)
4. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. ( бұл не?)
“ Поэзия – жүрек тілі”
Үш тілде ақындардың өлеңдерін жатқа оқып беру.
( Отан, табиғат, тіл , туған жер т.б)

“Мөлтек сыр”
Ана тілім – жүрегімнің дүрсілін де жеткізетін өзің!
Аяулы тілім – мәңгіге көкте күндей жарқыра!
Қараңғылықта жұлдыз болып жайнай бер!
Мәңгілік елдің туындай желбірей бер!
( суреттер: жүрек, күн, жұлдыз, ту)
“ Тіл туралы сұхбат”
І топ
Сенің ұлттың кім?
Сенің ана тілің қандай тіл?
Мемлекеттік тіл қандай тіл?
Ұлтаралық тіл қандай тіл?
ІІ топ
Халықаралық тіл қандай тіл?
Қазақ тілін жетік білу үшін не істеу керек?
Қандай тілдерді білесің?
Саған қандай тілдер ұнайды?
22- қыркүйек қандай мереке?
“ Хронологиялық шежіре”
Уақыты | Оқиғалар |
VII – VIII ғасыр. | Зерттеушілер. |
1072 – 1929 ж. | Араб әліпбиі. |
1929 -1939 ж. | Латын әліпбиі. |
1940 ( 1941) ж. | Орыс әліпбиі. |
1957 ж. | Тән дыбыстар. |
1989 ж. | Тіл туралы Заң. |
“ Сандар сыры”


Осымен “Үш тұғырлы тіл” атты Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған мерекеміз аяқталды. Келесі кездескенше ! Сау болыңыздар! Білім жолындағы еңбектеріңіз жаңа берсін!