САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мамандық пен біліктілік атауы: | 0809000- «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» (бейін бойынша) мамандығы, 080922 3 - «Техник-технолог» | Сабақ № | 11 |
Модулдің (пәннің) атауы: | Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы |
Сабақтың тақырыбы: | Апаттардың негізгі түрлері және пайда болу себептері |
Оқытушы: | Қалекеш Ж.Б. |
Күні: | «22»_қазан_2019ж. | Ұзақтылығы | 90 мин |
Өтетін орны: | 313 |
Тобы: | МГ-431.1қ тобы |
Сабақтың мақсаты: | Мазмұндық | 1. Студенттерге бұрғылау кезіндегі апаттардың түрлері мен пайда болу себептері жөнінде ақпарат беру. 2. Студенттерге апаттардың алдын алу шараларын үйрету; |
Тілдік | 1. Тақырыпқа сәйкес жаңа терминдермен таныстыру (Accidents during drilling process-Бұрғылау процесі кезіндегі апаттар; Clogging of drilling and casing pipes-Бұрғылау және шегендеу құбырларының ұстап қалуы; Fracture of shoots- Қашаудың сынуы; Breakage of the turbocharger- Турбобұрғының сынуы; Accidents with drilling pipes-Бұрғылау құбырларымен апаттар) және қатесіз жаза білуді үйрету. 2. Тақырып бойынша жаңа терминдерді оқушылардың сөздіктеріне енгізіп, сөздердің дыбысталуын ұғыну мақсатында оқытушы мен студент арасында сұхбат ұйымдастыру. |
Коммуникативтік | 1. Студенттердің политехникалық қабілеттерін және білімдерін тәжірибеде қолдануды дамыту |
Мәдениет | 1. Тілді меңгеруде мәдениетті сақтауды үйрету |
Күтілетін нәтиже: | 1. Студенттер бұрғылау кезіндегі апаттардың негізгі түрлерін біледі; 2. Студенттер апаттың алдын алу шараларын және пайда болу себептерін біледі; 3. Студенттер тақырыпқа қатысты кәсіби терминдерді біледі; 4. Студенттер кәсіби терминдерді тәжірибеде қолдана алатын болады. |
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру |
Пәнаралық байланыс | Мұнай және газ скважиналарын пайдалану, шет тілі |
Бағалау критерийлері |
«5» | «4» | «3» | «2» |
Тақырыпты толық меңгеріп, берілген тапсырмаларға белсенді жауап беру. Шет тілінде берілген терминдерді және олардың грамматикалық сауаттылығын, сөздікпен жұмыс жасау қабілетін көрсете білу. | Тақырыпты толық меңгеріп, берілген тапсырмаларға орта деңгейде жауап беру. Шет тілінде берілген терминдерді және сөздікпен жұмыс жасау қабілетін көрсете білу. | Тақырыпты орташа меңгеріп, берілген тапсырмаларға белсенді жауап беру. Шет тілінде берілген тапсырмаларға жауап беруге қиналуы. | Мүлдем сабаққа назар аудармай, дайындықсыз отыруы. |
Сабақ барысы |
Кезең | Процесс | Input |
1. Ұйымдастыру сәті | Good afternoon, students! Who is duty today? Who is absent? | |
2. Өткен тақырыптарға шолу, жаңа тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, коммуникативтік біліктілікті арттыру. | 1. Өткен тақырыптар бойынша оқытушының фронтальді сұрақтарына жауап беру. 2. Студенттер үйге берілген кәсіби терминдерді қазақша-орысша-ағылшынша айтуы керек. 3. Оқытушы студенттерге суреттер көрсету арқылы жаңа тақырыпты табуға бағыттау. | Активити «Вокабуляр» |
3. Тақырып бойынша ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды толықтыру. | 1. Теориялық мәлімдеу. Жазба жұмыстары бойынша мәтіндерді абзацтарға бөлшектеу. 2. Жаңа тақырып бойынша асты сызылған терминдерді жазу, сөздік көмегімен аудару және жаңа сөздердің жазылу және айтылу сауаттылығын тексеру. | «Скаффолдинг» Сөздікпен жұмыс |
4. Видео материалының түсінігін бағалау | Тақырып бойынша бейнефильмді қарап, студенттердің жаңа идеяларын талдау. | Активити «Видео» |
5. Рефлексия | 1. Оқытушы студенттерге жаңа материалдағы мәліметтер бойынша сұрақтар койып, студенттерден жауап алады. 2. Оқытушы студенттердің әрбіреуіне карточка үлестіреді. Олар оқып, «TRUE or FALSE» екендігін тауып, белгілеу керек. 3. Студенттерге шелек беріледі. Тапсырма: Осы шелекті өндірістері апат кезінде қалай қолдануға болады? | Активити «Снежный ком» Активити «TRUE or FALSE» Активити «Өз ойыңды айт» |
6. Бағалау | Оқытушы қорытындылап, бағалау критерийлерін слайдта көрсетеді. Студенттер өз білімдерін өздері бағалайды. | |
Қажетті құрал – жабдықтар: | Мультимедиапректор, сөздік. |
Қосымша ақпарат көздері: | Вадецкий Ю.В. «Бурение нефтяных и газовых скважин» М.Академия 2003, 266 бет. |
Сабақты өткізу барысы:
1. Ұйымдастырылу сәті:
Амандасу. (Good afternoon, students!)
Журнал бойынша сабаққа қатысуын және аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.( Who is duty today? Who is absent today?)
2. Өткен тақырыптарға шолу, жаңа тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, коммуникативтік біліктілікті арттыру.
1. Өткен тақырыптар бойынша оқытушының фронтальді сұрақтарына жауап беру.
1) Көп жағдайларда өнімді қабаттарды бұрғылау кезінде сулы негізінде жуу сұйықтарына қойылатын талаптарды айтып беріңіз?
2) Кумулятивті перфаратордың жұмыс істеу принципі?
3) Оқты перфоратордың құрылысы қандай?
4) Перфорациялаудың қандай түрлерін білесіздер?
5) Атқыш перфораторларды қандай жерлерге түсіреді?
6) Атқыш перфоратордың көмегімен метр құбыр ішіне қанша тесік тесуге болады?
2. Студенттер үйге берілген кәсіби терминдерді қазақша-орысша-ағылшынша айтуы керек.
Қазақша | На русском | In english |
Жуу сұйығы | Промывочный раствор | washing solution |
Құнарлы қабат | Продуктивный горизонт | productive horizon |
Перфоратор | Перфоратор | hammer drill |
Атқыш перфоратор | Стреляющий перфоратор | shotgun |
Перфорация | Перфорация | perforation |
Куммулятивті заряд | Куммулятивный заряд | cumulative charge |
Детонатор | Детонатор | detonator |
Оқты перфоратор | Пулевой перфоратор | bullet perforator |
Торпедалы перфоратор | Торпедный перфоратор | torpedo perforator |
3. Оқытушы студенттерге суреттер көрсету арқылы жаңа тақырыпты табуға бағыттау.
Қалай ойлайсыздар, жаңа сабақ тақырыбы не туралы болады?
Оқытушы студенттердің ойын тыңдайды. Кейін жаңа тақырыпты тақтаға жазады.
Жаңа тақырып: Апаттардың негізгі түрлері және пайда болу себептері
3. Тақырып бойынша ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды толықтыру.
«Скаффолдинг»
1. Теориялық мәлімдеу. Жазба жұмыстары бойынша мәтіндерді абзацтарға бөлшектеу
Бұрғылау процесі кезіндегі апаттар дегеніміз бұл скважинаға түсірілген бұрғылау және шегендеу құбырларының, қашаудың, түптік қозғалтқыштардың және басқа да металл заттардың скважинада қалып қоюы немесе сынуы. Апаттар бекітілген бұрғылау тәртібінің сақталмауынан, бұрғылау жабдығы мен құралдарының ақаулығынан немесе бұрғылау бригадасының дұрыс жұмыс атқармауынан болады. Апаттардың негізгі түрлері бұрғылау және шегендеу құбырларының ұстап қалу, скважинада қашау мен турбобұрғының сынуы, бұрғылау құбырының сынуы және кері бұрау, бұрғылау құралының жәе басқа да құралдардың скважинаға құлауы. Негізінен
бұрғылау және шегендеу құбырларының ұстап қалуы келесі себептерге байланысты:
Нақты бір уақыт ішінде бұрғылау және шегендеу құбырлары скважина қабырғасымен әсерлескенде скважинадағы қысымның ауытқуы;
Скважинада лақтыру, су көріну немесе бұрғылау ерітіндісінің жұтылуы болғанда гидравликалық қысымның лезде өзгеруі;
Құлау әсерінен скважина қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы;
Бұрғылау құралының көтеріп түсіру кезінде немесе бұрғылау процесіндегі қашауда сальниктің пайда болуы;
Бұрғылау ерітіндісінің толық дұрыс айналмауы;
Цемент ерітіндісінің уақытынан бұрын қатуы;
Электр қуатының сөнуі немесе бұрғылау қондырғысының көтергіш қозғалтқыштарының істен шығуы.
Бұрғылау және шегендеу құбырларының ұстап қалуының алдын алу үшін:
Жоғары сапалы саз ерітінділерін қолдану керек;
Саз ерітіндісінің максимальды ағынын қамтамасыз ету керек;
Саз ерітіндісінің бұрғыланған жыныс бөлшектерінентолық тазарту;
Бұрғылау бағанасындағы саз ерітіндісін ауырлату керек;
Терең скважиналардағы саз ерітіндісінің температурасын бақылау керек;
Электр қуаты болмаған жағдайда апаттық дизель генераторды қосу керек.
Қашаудың сынуы қашауда ақау болса, оны түсірере тексермесе, шектен тыс салмақ түсірілсе және қашауды түпте ұзақ ұстап тұрса болады. Қашау сынуының негізгі белгілері — бұл скважинаның тереңдемеуі және бұрғылау тізбегінде қатты дірілдің пайда болуы. Қашаудың сынуын бұрғылау тізбегін көтермесе анықтау қиынға соғады. Сондықтан қашауды уақытымен тексеріп, жұмыс уақытын шектеп тұру қажет.
Қашаудың сынуының алдын алу үшін:
Қашауды скважинаға түсірмес бұрын оның диаметрін, құлыптық резьбасын, пісірілген жіктерін, жуу тесіктерін тексеру керек;
Геолого-техникалық нарядтың нұсқауымен бұрғылау керек;
Қашауды скважинадан көтергеннен кейін дұрыстап жуып, өлшеп тексеріп алу керек.
Турбобұрғының сынуы бұрғылау ерітіндісінен ажырау себебінен болады. Мұндай сынудың белгісі бұрғылау сораптарындағы қысымның лезде төмендеуі және өтудің тоқтауы. Турбобұрғының апат болудың алдын алу үшін гайканың, ауыстырғыштың, ниппельдің бекітулерін тексеру. Жаңадан келген немесе жөндеуден шыққан турбобұрғыны скважинаға түсірер алдында оның жұмыс режимін, валын, қысым ауытқуын, резьбалық қосылыстарының саңылаусыздығын тексеру керек. Барлық мәліметтер журналға енгізіледі.
Бұрғылау құбырларымен апаттар көбіне роторлық бұрғылауда болады. Негізгі себебі құбырда пайда болатын барлық кедергілердің жиынтығы. Апаттың пайда болуының негізгі себептері бұрғылаушының, шебердің және бұрғылау бригадаларының басқа да жұмыскерлерінің біліктілігінің жетіспеулігінен болады. Бұрғылау құбырларымен апаттың көбі турбинді бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінің құбыр резьбаларын қажап желінуінен.
Бұрғылау құбырларының апатының алдын алу негізгі шараларын төмендегілер жатады:
Қатаң ережеге сәйкес бұрғылау құбырларының жұмысын ұйымдастыру;
Құбырлар мен құлыптардың дұрыс техникалық монтаждау;
Скважинаны бұрғылау аяқталғаннан кейін сыртқы қарау, негізгі өлшемдерін тексеру және гидравликалық сынау барлық құбыр профилактикалық тексерістерін ұйымдастыру;
Құбырларды ұзарту кезінде машиналық кілттермен барлық құлыптық қосылыстарды бекіту;
Бұрғылауда арнайы майлармен тоқтаусыз қамтамасыз ету.
2. Жаңа тақырып бойынша енгізілген (асты сызылған) терминдерді сөздікке жазу, жаңа сөздердің жазылу және айтылу сауаттылығын тексеру.
Қазақша | На русском | In english |
Бұрғылау процесі кезіндегі апаттар | Аварий в процессе бурения | Accidents during drilling process |
Бұрғылау және шегендеу құбырларының ұстап қалуы | Прихват обсадных и бурильных труб | Clogging of drilling and casing pipes |
Қашаудың сынуы | Поломка долото | Fracture of shoots |
Турбобұрғының сынуы | Поломка турбобура | Breakage of the turbocharger |
Бұрғылау құбырларымен апаттар | Аварий бурильных труб | Accidents with drilling pipes |
4. Видео материалының түсінігін бағалау
Активити «Видео»
Тақырып бойынша бейнефильмді қарап, студенттердің жаңа идеяларын талдау.
5. Рефлексия
1. Оқытушы студенттерге жаңа материалдағы мәліметтер бойынша сұрақтар койып, студенттерден жауап алады. Активити «Снежный ком»
1) Қашаудың сынуының алдын алу үшін қандай тексерулер өткізу керек?
2) Бұрғылау кезіндегі апаттар дегеніміз не?
3) Бұрғылау және шегендеу құбырларының ұстап қалуы қандай себептерге байланысты?
4) Турбобұрғы апатының алдын алу үшін қандай жұмыстар жасалынады?
5) Қашау сынуының негізгі белгілерін атап беріңіз?
6) Бұрғылау құбырларының апатының алдын алу негізгі шаралары?
2. Оқытушы студенттердің әрбіреуіне карточка үлестіреді. Олар оқып, «TRUE or FALSE» екендігін тауып, белгілеу керек.
1 топ. 1) Апаттар бекітілген бұрғылау тәртібінің сақталуынан, бұрғылау жабдығы мен құралдарының дұрыстығынан немесе бұрғылау бригадасының дұрыс жұмыс атқармауынан болады. (F)
2) Турбобұрғының сынуы бұрғылау ерітіндісінен ажырау себебінен болады. (Т)
3) Бұрғылау құбырларымен апаттар көбіне электробұрғылау кезінде болады. (F)
2 топ. 1) Қашаудың сынуы қашауда ақау болса, оны түсірере тексермесе, шектен тыс салмақ түсірілсе және қашауды түпте ұзақ ұстап тұрса болады. (Т)
2) Бұрғылау құбырларының жұмысы ұйымдастыру ережесіз жүргізіледі. (F)
3) Құбырларды ұзарту кезінде машиналық кілттермен барлық құлыптық қосылыстарды бекіту керек. (Т)
3. Студенттерге шелек беріледі. Тапсырма: Осы шелекті өндірістері апат кезінде қалай қолдануға болады? Активити «Өз ойыңды айт»
6. Бағалау
Оқытушы қорытындылап, бағалау критерийлерін слайдта көрсетеді. Студенттер өз білімдерін өздері бағалайды.
Үй тапсырмасы: Қажетті анықтамаларды конпектілеп жазу. Жаңа термин сөздердің (ағылшын тілінде) жаттап келу.
Әдебиеттер:
Вадецкий Ю.В. «Бурение нефтяных и газовых скважин» М.Академия 2003, 266 бет.