Басталуы 5 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Сабақтың басында оқушылардың дайындығын тексеру. Сабақ басында техника қауіпсіздігі мен санитарлы-гигиеналық нормалар туралы нұсқама жүргізу. Ұ = ұжымдық жұмыс Сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлері айтылады. Топқа бөлу «Сан таңдау» әдісі арқылы бөлінеді. Екі топ үстелдеріне қойылған бағалау шкаласында оқушы нөмірі белгіленеді.Таңдаған сан қай топқа түссе, оқушы сол топқа отырады. Бағалау әдісін түсіндіреді. «Рейтинг шкаласы» Сабақтың 3 кезеңі бойынша фигуралар жинайды. Әр кезең тапсырмасы оқушы белсенділігіне қарай өте жақсы орындаса не жауап берсе қызыл фигура, орташа жағдайда ашық қызыл фигура беріледі. 3 қызыл фигура – 10 ұпай «өте керемет»; 2 қызыл фигура – 9 ұпай «жарайсың»; 1 қызыл фигура – 8 ұпай «жақсы». Сабақ соңында жинаған фигураларды өсу ретімен жапсырып шығады.әр топтағы қызыл фигуралардың саны арқылы жеке оқушыны, топтағы барлық қызыл фигуралардың саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз. | Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Техника қауіпсіздігі мен санитарлы -гигиеналық нормалар туралы нұсқамамен танысады. Бағалау шкаласымен танысады. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау. | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер |
5 минут Ортасы Сарамандық жұмыс 25 минут 5 минут | Ұ = ұжымдық жұмыс: кезең. «Адасқан төртбұрыштар» ойыны Берілген мәтіннің мазмұны арқылы кестені ретімен орналастырып шығу. «Өнер көзі-халықта, халықсыз өнер өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру - біздің басты парызымыз». Қазақ халқы талғампаз халық , ұрпағына өнеге қалдырған бай мұрасы- тұрған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған, халықтың өміршең тәжірбиесіне толы. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән беруімен адамдарға рухани ләззат әкелген. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен қызмет атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау - шу, арқан, киім-кешек, әр түрлі төсенішттер мен ең қажетті мүліктер жасаған. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері , ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы , түйенің жүні шудасы. Жүк артып, күш –көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны «жабағы» дейді Әлгі жабағының астынан «боздақ» деп аталатын үлпілдек жүн өседі де, жабағы өзінен өзі көтеріледі. «шуда» деп түйенің мойынындағы, тізесіндегі, екі өркешінің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіреді. Шуда жіп «шертер», «керуші» деп аталатын ән-күй аспаптарына шек есебінде де тағылған Қойдың жүнін «жабағы», »күзем», »қозы», «өлі» деп төрт түрге бөліп қарайды. *Жабағы жүн- көктемде қойдан қырқылып алынады. Киімге, алаша, ши тоқуға қолданады. *Күзем жүн - қойдан күзде қырқылып алынады. Күземді көбіне киіз басуға пайдаланамыз . *Қозы жүн - қозы туылған жылы бірінші қырқылған жүн. Сапасы, қасиеті жағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған. *Өлі жүн - малдың терісінен жұлынып алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді өлі жүн деп атайды. Ешкі жүні түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шарф,шұлық,қолғап,шәлі сияқты жылы әрі жылы киімдер тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп, қылшығынан бөледі. Қылшықтан арқан жіп есуге жұмсалады. Қылды жылқыны жал-құйрығынан алады. Оны арқан жіпке, тұзақ есуге қолданады. Қобызға шек қылып тағады. Жүн Түйе Қой Ешкі Жылқы Шудасы Жабағы боздақ Күзем жабағы өлі жүн қозы жүн Түбіт қылшық қыл Киім- кешек тоқыма Текемет сырмақ киіз киім Орамал шәлі арқан жіп Арқан жіп Тұзақ есу сүзгі тоқу Дескрипторлар: - Оқушылар кестені ретімен орналастырып шығады; - Ө кестелерін қорғап шығады. Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады. Бейнебаян көру 3 кезең Сарамандық жұмыс Біз бүгін қойдың жүнінен картина жасауды үйренеміз. Ол үшін сіздердің алдарыңызда өзім үйден өңдеп алып келген қойдың жүні, гуаш бояуымен арнайы түстерге боялды. Синтепон, тор мата, су сепкіш, арнайы дайындалған сабынды су. Сабын ертіндісін дайындау үшін. 100-125гр сабынға 2литр су керек. Сабынды ірі үккіштен өткізіп алады. Үккіштен өткен сабынды табаққа салып үстіне 1 литр қайнаған су құйылады. Оның үстіне үй температурасындағы тағы 1 л су құйылады. Ерітіндіні көпіртіп, қоюланған соң жұмысымызға қолданамыз. Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік: -Жұмыс орнын ретке келтіру. -Арнайы алжапқышты тағып алу. -Жұмыс құралдарын түгелдеу. -арнайы қолымызға қолғап киеміз. Жүннен картина жасау Нұсқау карта р/с | Жұмыстың орындалу реті | Бейнеленуі | Қажетті құралдар | 1 | Алдымен жұмыс орнын ретке келтіру. Тор матаны жайып үстіне синтепонды өзімідің қалауымызша біркелкі етіп жаямыз, ескере кететініміз синтепонның көлеміне байланысты картинамыз шығады. | | Синтепон, тор мата | 2 | Өзіміздің қиялымыздағы эскизді Түрлі-түсті жүннің көмегімен синтепонның үстіне орналастырамыз. Жүннің біркелкі алынуы үшін, сол қолымызға ыңғайлы етіп алып, ал оң қолымыздағы үш саусақтың көмегімен бояу тартамыз. | | Түрлі-түсті жүн | 3 | Ендігі кезекте түрлі-түсті жүннің көмегімен қиялымыздағы эскизді жүзеге асырамыз. Мысалы: сары түспен, қызыл түспен гүлді жасап алып орналастырамыз. | | Түрлі –түсті жүн | 4 | Орналастырып болсақ Үстінен тор матаны жауып сабынды сумен алақанмен сипап отырып уқалаймыз. Сабынды су жүннің бойына сіңгенше уқалау керек. Нығыздау әрі біркелкі шығу үшін кәдімгі нан жаятын оқтаумен жаямыз. | | Тор мата, оқтау, сабынды су | 5 | Сабын сіңіп болған кезде сыртындағы тор матаны алып қоямыз. Алақанға алып шиыршықтап қысып 1-2 рет тағы да уқалауға болады. Картинканы кептіру үшін шаш кептіретін фенді пайдаланамыз. | | | Оқушылар өз жұмысын қорғайды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру мәдени дамытуға үлес қосу деп білемін. Дескрипторлар: - Эскиздерін дұрыс орналастыра біледі; - Түстерді үйлесімді қолдана алады; - Ылғалды илеу арқылы жұмысын біркелкі, нығыз етіп шығарады. Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады. 3 кезең Ө=өздік жұмыс: Бекіту «Аламан бәйге» ойыны Құрғақ жүн басу мен ылғалды жүн басудың айырмашылығы қандай? Жүн талшықтарын қалыңдығына қарай нешеге бөледі? Қойдың жүнін неше түрге бөледі? Жүн бірігу үшін судың температурасының маңызы бар ма? Басылған картинадағы түстер қанық болу үшін қандай әдістер қолданамыз? Оқушыларға слайд арқылы сұрақтар беріп, дұрыс жауап бергендерге қызыл фигура беріледі. Сұрақты толықтырған оқушыларды да марапаттаймыз. Дескрипторлар: - Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады. (Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді. «Рейтинг шкаласы» 3 қызыл фигура - 10ұпай «өте керемет»; 2 қызыл фигура – 9 ұпай «жарайсың»; 1 қызыл фигура – 8 ұпай «жақсы» Сабақ соңында жинаған фигураларды өсу ретімен жапсырып шығады. Әр топтағы қызыл фигуралардың саны арқылы жеке оқушыны, топтағы барлық қызыл фигуралардың саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз. | Оқушылар топтасып ақылдасып кестені рет – ретімен қойып шығады. Оқушылар кестені ретімен орналастырып шығады. Бейнебаянмен танысады. Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысады. Оқушылар өз жұмысын қорғайды. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап береді. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді. | Дискриптор Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін өз бетінше өнердің көркем құралдарын анықтайды, таңдайды және қолданады. Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтайды, таңдайды және біріктіреді. | Htpp://mypresentation.ru/presentotion/zanimateinye_voprosy_po_izobratelnomu_iskusstvu htpp://old.season.ru/sovety/dekor_odegdu/ htpp://www.decormaster.kz/about.php Материалдар мен құралдар: қарындыш, сызғыш, өшіргіш, фломастеры, желім қайшы т.б) https://www.youtube.com/watch?v=xkR-OOafL6o |