СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ: "Тілдер мерекесі"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:   Сабақта оқушылар тіл – жан танудың кілті екенін түсінеді

Күтілетін нәтиже: Нақыл сөздер арқылы оқушылар тілдің қадірін түсіне алады, топпен жұмыс істей алады. Сөз қорын байытады.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Тілдер мерекесі"»

21.09.2017ж

7 «Н» сынып

Тақырыбы: Тілдер мерекесі

Мақсаты: Сабақта оқушылар тіл – жан танудың кілті екенін түсінеді

Күтілетін нәтиже: Нақыл сөздер арқылы оқушылар тілдің қадірін түсіне алады, топпен жұмыс істей алады. Сөз қорын байытады.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс

Көрнекіліктер: бағалау жұлдыздары, флипчарт, фламастерлер, стикерлер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тексеру, ай, күн, аптаны сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы оқиды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Ынталандыру сәті.

«Достық» видео ролик

  1. Кіріспе сөз.

Құрметті оқушылар, жиылған қауым сіздерді келе жатқан тілдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге ден саулық, шығармашылық табыс тілеймін.

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі.

Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.

Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.

Жүсіп Баласағұн

Игі істің басы – тіл,

Тәрбие басы – тіл.

Махмуд Қашқари

Әдеп басы — тіл.

Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.

Ахмет Йүгінеки


  1. Оқушылар Ана тілі туралы өлеңдерін оқып шығады.


1 – оқушы. «Ана тілім – әнім»

Ана тілім менің

Әлдилеген тәнім.

Ана тілім – демім

Ана тілім – жаным.

Жанымнан да қымбат

Ана тілім маған.

Ана сөзін тыңдап,

Үлгі-өнеге алам.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған шамым.


2 – оқушы. «Туған тілде сыры терең жаным бар...»


Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар!

Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар!

Нанбасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


3 – оқушы. «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін!


  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін не туралы өтеміз?

(Оқушылар жауап береді.)


  • Топтық жұмыс.

Оқушылар топпен отырады.

Тіл дегеніміз не? Қалай түсінесіздер? Тіл арқылы не істейміз? Презентация жасап, қорғау. 20 минут

Оқушылар тобымен 3 жұлдыз, 1 тілек береді


Сергіту сәті. «Қаңқалар биі» 1,5 минут


  1. Тапсырма. Мақал – мәтелдерді сәйкестіру.

Тіл жетпейтін..... дүниенің сәні.

Сөз - .... үйлесе біледі.

Сөйлесе білген,.... түкпір жоқ.

Тілдің құлпы - ... қайнар бұлақ.

Тәтті сөз ... тіс.

Халықтың тілі - ... тас балқытады.


Жауабы:

Тіл жетпейтін түкпір жоқ.

Сөз – дүниенің сәні.

Сөйлесе білген, үйлесе біледі.

Тілдің құлпы – тіс.

Тәтті сөз тас балқытады.

Халықтың тілі – қайнар бұлақ.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына жақша ішінен тиісті нұсқасын қойып жаз.


Біздің отбасымыз … (үлкен, шағын, онша үлкен емес). Отбасымызда атам, әжем, әкем, анам, ағам, жеңгем, әпкем, інім — бәріміз … (бірге, бөлек, кейде бірге) тұрамыз. Біз отбасымызда … (қазақ, орыс, неміс, француз, түрік, ағылшын) тілдерінде сөйлесеміз. Қазақ тілі — қазақ халқының (ана, туыс, туыстас) тілі. Ол — … (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) Республикасының мемлекеттік тілі. Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп … (мүмкіндік, сыйлық, орын) жасалған.


  • Рефлексия

Тіл жайында бір ой-пікір қалдырсаңыздар (стикерге оқушылар жазады)

Үйге тапсырма беру. Тілге байланысты мақал – мәтелдер жазып келу.

Бағалау. Оқушыларға 3 жұлдыздан беремін, жұлдыздар арқылы бір бірін бағалайды.
























  1. Тапсырма. Мақал – мәтелдерді сәйкестіру.

Тіл жетпейтін..... дүниенің сәні.

Сөз - .... үйлесе біледі.

Сөйлесе білген,.... түкпір жоқ.

Тілдің құлпы - ... қайнар бұлақ.

Тәтті сөз ... тіс.

Халықтың тілі - ... тас балқытады.



2-тапсырма. Көп нүктенің орнына жақша ішінен тиісті нұсқасын қойып жаз.


Біздің отбасымыз … (үлкен, шағын, онша үлкен емес). Отбасымызда атам, әжем, әкем, анам, ағам, жеңгем, әпкем, інім — бәріміз … (бірге, бөлек, кейде бірге) тұрамыз. Біз отбасымызда … (қазақ, орыс, неміс, француз, түрік, ағылшын) тілдерінде сөйлесеміз. Қазақ тілі — қазақ халқының (ана, туыс, туыстас) тілі. Ол — … (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) Республикасының мемлекеттік тілі. Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп … (мүмкіндік, сыйлық, орын) жасалған.



3-тапсырма. Жағдаят: Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Оны тез әрі толық меңгеру үшін не істеу керек? Тобыңмен жоспар құрыңдар.


























Астана қаласы

65 мектеп – гимназия











Ашық сабақ

Тақырыбы: «Тілдер мерекесі»

7 «Н» сыныбы









Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сулейменова Ж.А.













2017 – 2018 оқу жылы