СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ: "ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР"

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном материале предоставленна разработка урока и презентация к уроку. 

Просмотр содержимого документа
«Қазақтың ұлттық тағамдары»


Сынып:5

Тақырыбы: Тиімді тамақтану

Мерзімі:

Мақсаты: 1. Оқушылармен қазақтың ұлттық тағамдары туралы тақырыбына байланысты әңгімелесу, жазбаша тапсырмалар беру. Білімдерін тексеру.

2. Жаңа сөздерді меңгеру, жаттығуларды орындау арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін дамыту.

3. Өзіңнің туып-өскен жеріндегі халықтың тарихын, салт-дәстүрін, тағамын білгенін сол халыққа деген құрмет көрсету белгісі екенін түсіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиеу.


Көрнекілігі: Ұлттық тағамдар.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру

кезеңі: - Амандасу.

- Тізім бойынша тексеру

-Отырғызу.

-Рақмет

ІІ. Тіл дамыту: - Қазір қай жыл мезгілі?

- Аптаның қай күні?

-Бүгін нешесі?

-Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

ІІІ. Дыбыстық

жаттығу: Қазақ алфавитінде 42 әріп бар. Соның ішінде қазақ тіліне тән тоғыз дыбыстар бар.

Тән дыбыстарды қайталап. Мысалдар келтіреміз, д/с түрін ажыратамыз.

IV. Өткен сабақты

қайталау: Өткен сабақта Қазақстан Республикасының халқы туралы өткен болатынсыңдар. Қазақстан – көп ұлтты ел, онда бүгінгі күнде 40-тан астам конфессиядан бірккен 130-дан астам ұлттар халқының өкілдері достық пен татулықта өмір сүруде.

Тәуелсіздік жылдары бойы біз түрлі этникалық топтар арасындағы келісімді сақтап келеміз. Қазақстанда кеңестік кеңесінен кейінгі халықаралық қақтығыстар уақытында бағаланды. Мұны бірінші болып түсінген біздің мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә. Назарбаев болатын. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау біздің мемлекетіміздің ішкі саясатының өзекті бағыттарының бірі болып саналды.

Ұзақ уақыт бойы біздерде ұлттар арасында ерекше бір дәстүр қалыптасты. Барлық дүниежүзінде қазақстандық этникалық аралық келісім моделінің бар екені туралы айтыла бастады. Оның негізінде қазақтардың біздің жалпы отанымыздың территориясына өмір тағдырымен келген барлық этникалық диаспораларына толерантты – төзімділік қарым-қатынасы жатыр. Үй тапсырмасына біздің еліміздегі ұлттар жайлы ақпарат алып келу болатын. Олардың ұлттық киімдері, дәстүрлері, тағамдары туралы дайындаған материалдарыңды тыңдайық. (білім алушыларды тыңдаймыз).


V Жаңа сабақ: - Ал, енді балалар бүгін сендермен жаңа сабақ өтеміз. Мына мәтінге назар аударайық. Мәтінді білім алушы оқиды. Бүгін демалыс, бірақ біз ерте тұрдық. Жуынып, таңертеңгі асымызды іштік. Анам маған: «Асыңды ішіп болсаң, үйді жинастыра бер» деді де, өзі киініп дүкенге кетті. Бүгін кешке біздің үйге көп кісі келмек. Сондықтан біз ерте тұрып, дайындалуды жөн көрдік. Анам дүкеннен келген соң тағам әзірлеуге кірісті. Мен анама көмектестім. Анам үлкен қазанға ет салып, еттің нанын жайуға кірісті. Сонымен осы мәтіннен не түсіндік? Бүгін демалыс, неліктен олар ерте тұрды? Анасы қандай жұмыс атқарды? Қызы не істеді? Бұл мәтінге қандай тақырып қоямыз? (Қонақ күткенде) Қонақ күткенде үйдегі басты шаруа қандай? (тамақ әзірлеу). Тақырыбымыздың аты тағамдар екен. Анасы қандай тағам пісірді? Ет асты, бұл ұлттық тағам. Тақарабымыздың аты –. Қазақтың ұлттық тағамдары.



Сұрақ-жауап:

  • Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?

  • Солардың ішінде қазақ ұлттық тағамдарын атаңыздар

  • Ұнайтын қазақ ұлттық тағамы қандай?

  • Үйлеріңде қандай қазақ ұлттық тағамдарын дайындайсыздар?

VI Кітаппен,

дәптермен жұмыс:

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық дастарқанында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жал, жая, қуырдақ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ,

ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.

Ең негізгі ұлттық тамақ- қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бесбармақ» дейді. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас беріледі. Қызға жілік, күеу балаға төс береді. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып жейді. Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді.

                       

1. Мәтінді абзацқа бөлу, топтарға беру.  Жигсо әдісі

-топтарға бөлу

- шағын топ мүшелеріне нөмірлер беру

- топтарға мәтін мен эксперттік парақтар беру

- Белгі (команд) бойынша топ мүшелері №1-№1ге, №2-№2,№3-№3 ке барып тапсырманы орындайды. Мақсат:Тақырыпты оқып,түсіну және өз тобына келіп басқаны үйрету.



1.

«Ас –адамның арқауы» - деп халқымыз тегін айтпаған.

Мал шаруашылығы қазақтардың тым ерте қалыптасқан ата кәсібі. Мал олардың көлігі, киімі, тамағы. Бір сөзбен айтқанда барлық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сол малдан алынған өнім: 

Ет тағамдары: 

Қазы- қарта, жал- жая.

Тарихи деректерге қарағанда қазы-қарта айналдыру, шұжық жасау әдісі қазақ халқында ертеден қалыптасқан.

Қазы түрлерінің Қазақстанның барлық облыстарына ортақ мынадай атаулары бар:

1.     Кере қазы- семіздігі бармақ пен шынашақ аралығына тең қазы.

2.     сере қазы –

3.     би қазы – бүйен ішекке тыққан жуан қазы

4.     шынтақ қазы, бұлт қазы, қылыш қазы,  тағысын тағы.

Қазының мұндай түрлері көбінесе оның семіз, арықтығын ажыратып атаудан қалыптасқан.  

Шұжық – майлы етті турап, тұздап, бұрыштап ішекке тыққан соғым еті. Шұжық негізінен жылқы етінен жасалады. 

Қуырдақ – майға қуырған ұсақ ет.

   Қуырдақты көбінесе ірі қараның, түйенің қол етінен, сан етінен, қойдың мойын етінен қуырады. Оны әсіресе түстік асқа, жорықта жүргенде ет асудан гөрі тез дайындалатындықтан әзірлеген. Қуырдақтың ең көп тараған әдеттегі түрі ішек-қарын, өкпе-бауырдан жасалатын түрі. Қуырдақ  кез келген малдың етінен жасалады. 

Ең негізгі ұлттық тамақ –қазақша ет

 Ең құрметті қонаққа, жасы үлкен қарттарға бас тартылады.



2. Сүт тағамдары:  

Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.

Сүт –мал баққан қазақ отбасының негізгі тағамы. Одан қымыз, шұбат, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың бағы бар»-деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген.

Қымыз-

«Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз», -деді Жамбыл атамыз. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен жасалады.

Қазақ халқының бүкіл бір ғасырлық  тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев:

 ....Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға –ем, сауға-қуат, дәрі қымыз.

Елімнің кеңестік сүйген асы,

Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз,- деп жырлаған. Мұның өзі қымыздың өрен қасиетімен бірге, оның түрлерінің көп екендігін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.

Айран- Сүттің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран.

Қаймақ- піскен қаймақ, шикі қаймақ, бал қаймақ деген түрлері бар.

Ірімшік- сүтті қайнату арқылы әзірлейді.

Құрт-Сабада жиналып пісірілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.

Түрлері: жас құрт, сықпа құрт, малта, езген құрт, ұнтақ құрт, құрт-көже сияқты түрлері бар. 



3. Нан тағамдары:«Нан бар жерде-жан бар», деп мақалдай отырып, қазақ қауымы астық егуді, оның дәндерінен, жармаларынан, талқандарынан алуан түрлі тағамдар жасау өнерін жақсы меңгерген. Мал етін қадірлей сөйлеген

 әзіл сөздерінде «ет дегенде бет бар ма?» , -дейтін қауым, «Нан, нан бар жерде –жан бар», - деп оны еттен де асыра бағалаған.

«Жерде масақ қалғаны – бақытыңның жанғаны», «Дәнді бекер шашқаның- несібеңді шашқаның», «Ексең егін, тоярсың тегін», Бұл қанатты, даналық сөздерді мынадай жылы, не пәлен уақытта айтылған деу қиын, бірақ ғасырлар бойы қалыптасқан, тәжірибеден алынған, халықтың даналығынан туған сөздер.  Ендеше қазақ халқы қазіргі таңда да егін шаруашылығымен айналысатыны бәрімізге аян.

         Нан пісірілу түріне, қоспасына қарай жіктеліп аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан- деп, отқа көміп пісірілгенді- көмбе, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтер деп, қазанға пісірілгендерін қарыма деп, майға пісірілгенді бауырсақ, жайма деп атаған.

Бауырсақ:  

Шай дастарқанының басты асы- бауырсақ. «бауырсақ»- сөзі қазақ тілінде –бауырмал, үйірсек, жақыншыл деген мағынаны білдіреді.

Шелпек нан- көбіне халық құдайы бергенде пісірген. Әр жетінің бейсенбісінде аруақтарға бағыштап шелпек пісіріп, құран оқытады. Әр жайылған дастарханнан кейін асқа бата беріледі. Бата- тілек.  Жас ұрпақтың әдепті, сабырлы, зерделі болып өсуіне арналады. 

    

4. Қазіргі таңда осы ұлттық тағамдардың адам ағзасына пайдасы туралы ғалымдар зерттеу жүргізген. Ендеше әрбір тағамда адамға қажетті қандай дәрумендер бар екен. Мұқият тыңдасаңыздар. 

Ет тағамдары:

 В-12 – дәрумені бар.

В-дәрумен  жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді. Көру қызметін жақсартады, жұқпалы ауруға қарсы тұру қызметін арттырады. Қан айналымы қызметін жақсартады. Бой өсіреді.



Сүт тағамдары:

В-топтарының дәрумендері. 12, қан айналымын жақсартады. Бой өсіреді.

 Фосфор – сүйек тінінің қалыптасуындағы рөлі зор. Зат алмасуға қатысады.



Нан тағамдары:

РР-дәрумені – қан айналымын, холестерин деңгейін реттейді.

Магний – жүректің қызметін жақсартуға ықпал етеді.

Калий – ісікті қайтаруға ықпал етеді, тегіс бұлшық еттердің жұмысын реттеуге қатысады.

В топтарының дәруменді бар.

Е-дәрумені- склероздың пайда болуын алдын алады. Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Қартаюды тежейді.



 

Слайд арқылы әр сөзді оқыту. Қазақша.

Ұлттық дастарқан – национальная кухня

Қазы-қарта, жал-жая – лакомые куски конины

Қаймақ – сметана

Сүзбе – творг

Нан – здесь:  тесто

Бата беру – благославить

Қазақтың қанында – в крови у казахов

 Келесі оқушы аудармасын оқиды.

 Өзіндік жұмыс. Сөздікті көшіру.

2-тапсырма. Топқа сөздер жазылған парақ үлестіріледі. Сол бойынша сөйлемдерді толықтыру керек.

Ет тағамдары: ... .

Сүт тағамдары: ... .

Ең негізгі ұлттық тағам - ... .

Етті сүйегімен ... .

Ең құрметті қонаққа ... береді.

Қызға ... .

Күйеу балаға ... .

Тамақтан соң ... .

3-тапсырма. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.

Ас балық

Түскі қызмет

Сыйлы қалайсыз

Мінсіз мәзірі

Не үзіліс

Бұқтырылған қонақ


4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсету.

Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет

Где пища водится, там болезнь не заводится.

Ынтымақты үйдің асы тәтті

Не шагай через блюдо с едой.

Ат –адамның қанаты, ас-адамның қуаты

Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

В гостях у друга и воду подадут – пей. 

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Конь –крылья человека, а в хлебе-его сила

Ас- иесімен тәтті

Ячмень и пшеница –пища, золото и серебро-металл

Алтын,күміс -тас екен, арпа, бидай-ас екен.

Когда в семье лад, все вкусно подряд.

5-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, тыңдау.

Біздің халқымыздың құрметті қонақтарына ұсынатын басты тағамы-қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын тартады. Табақ тарту-үлкен өнер, елдікке сын. Қонақтың дәрежесі мен жасына, туыстық жолына  қарай табақ тарту- бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, күйеу табақ, келін табақ т.б болып аталады. Аталған табақтарға сай жілік (ет) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Табақ тартуға қазақтар ерекше көңіл бөліп отырған.

Тыңдалым бойынша тест тапсырмалары:

1. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

А) Қазақтың басты тағамы-қазақша ет.
В) Сыйлы қонаққа бас тартады.
С) Қымыз –денсаулыққа пайдалы сусын.
Д) Табақ тарту-үлкен өнер

2. Мәтінге сай сөйлемді аяқтаңыз.

Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын… .

А) қояды
В) береді
С) тартады
Д) алады

3. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Қазақтар қонақ күтпей ме?
В) Қандай ет сізге ұнайды?
С) Бүгін бесбармақ дайындадың ба?
Д) Қазақ халқы қонаққа қалай табақ тартады?


VIІ Бекіту: -  Сендер жаңа тақырыпты оқу барысында қазақ халқы дәмнен кейін бата береді дедіңдер. Ендеше қазір мен сендерге жазылған баталарды үлестіремін. Оларды әр командадан 1-оқушы шығып мәнерлеп оқиды

М/ы:

Бақ қонсын,

Дәулет дарысын.

Бас аман болсын,

Ден сау болсын. Әумин!

VIІI Бағалау: Белсене ат салысқан балаларға мадақтап баға қоямын.


ІX: Үйге тапсырма. Жазба жұмысы. Бесбармақты қалай дайындайды?

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!


Просмотр содержимого презентации
«Презентация Ұлттық тағамдар»

.

.

Мәтінді тыңда, ойлан.

Мәтінді тыңда, ойлан.

  • Бүгін демалыс, бірақ біз ерте тұрдық. Жуынып, таңертеңгі асымызды іштік. Анам маған: «асыңды ішіп болсаң, үйді жинастыра бер» - деді де, өзі киініп дүкенге кетті. Бүгін кешке біздің үйге көп кісі келмек. Сондықтан біз ерте тұрып, дайындалуды жөн көрдік. Анам дүкеннен келген соң тағам әзірлеуге кірісті. Мен анама көмектестім. Анам үлкен қазанға ет салып, еттің нанын жайуға кірісті.
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

  • Мақсаты:
  • 1. Оқушылармен қазақтың ұлттық тағамдары тақырыбына байланысты әңгімелесу, жазбаша тапсырмалар беру. Білімдерін тексеру.
  • 2. Жаңа сөздерді меңгеру, жаттығуларды орындау арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін дамыту.
  • 3. Өзіңнің туып-өскен жеріндегі халықтың тарихын, салт-дәстүрін, тағамын білгенін сол халыққа деген құрмет көрсету белгісі екенін түсіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиеу.
Қазақтың ұлттық тағамдары  Қазақтың ұлттық дастарқанында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жал, жая, қуырдақ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.  Ең негізгі ұлттық тамақ- қазақша ет. Оны кейбір кісілер бесбармақ» дейді. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас беріледі. Қызға жілік, күеу балаға төс береді. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып жейді. Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді.                          

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық дастарқанында мынадай тамақ түрлерін

көруге болады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жал, жая, қуырдақ.

Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе.

Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.

Ең негізгі ұлттық тамақ- қазақша ет. Оны кейбір кісілер

бесбармақ» дейді. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға

бас беріледі. Қызға жілік, күеу балаға төс береді. Етті майлы

сорпаға піскен нанымен қосып жейді. Тамақтан соң жасы үлкен,

құрметті кісі бата береді.

                       

№ 1.

№ 1.

  • «Ас –адамның арқауы» - деп халқымыз тегін айтпаған.
  • Мал шаруашылығы қазақтардың тым ерте қалыптасқан ата кәсібі. Мал олардың көлігі, киімі, тамағы. Бір сөзбен айтқанда барлық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сол малдан алынған өнім: 
  • Ет тағамдары: 
  • Қазы- қарта, жал- жая.
  • Тарихи деректерге қарағанда қазы-қарта айналдыру, шұжық жасау әдісі қазақ халқында ертеден қалыптасқан.
  • Қазы түрлерінің Қазақстанның барлық облыстарына ортақ мынадай атаулары бар:
  • 1.     Кере қазы- семіздігі бармақ пен шынашақ аралығына тең қазы.
  • 2.     сере қазы –
  • 3.     би қазы – бүйен ішекке тыққан жуан қазы
  • 4.     шынтақ қазы, бұлт қазы, қылыш қазы,  тағысын тағы.
  • Қазының мұндай түрлері көбінесе оның семіз, арықтығын ажыратып атаудан қалыптасқан.  
  • Шұжық – майлы етті турап, тұздап, бұрыштап ішекке тыққан соғым еті. Шұжық негізінен жылқы етінен жасалады. 
  • Қуырдақ – майға қуырған ұсақ ет.
  •    Қуырдақты көбінесе ірі қараның, түйенің қол етінен, сан етінен, қойдың мойын етінен қуырады. Оны әсіресе түстік асқа, жорықта жүргенде ет асудан гөрі тез дайындалатындықтан әзірлеген. Қуырдақтың ең көп тараған әдеттегі түрі ішек-қарын, өкпе-бауырдан жасалатын түрі. Қуырдақ  кез келген малдың етінен жасалады. 
  • Ең негізгі ұлттық тамақ –қазақша ет
  •   Ең құрметті қонаққа, жасы үлкен қарттарға бас тартылады.
№ 2.

№ 2.

  • 2. Сүт тағамдары:  
  • Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.
  • Сүт –мал баққан қазақ отбасының негізгі тағамы. Одан қымыз, шұбат, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың бағы бар»-деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген.
  • Қымыз-
  • «Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз», -деді Жамбыл атамыз. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен жасалады.
  • Қазақ халқының бүкіл бір ғасырлық  тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев:
  •   ....Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
  • Ауруға –ем, сауға-қуат, дәрі қымыз.
  • Елімнің кеңестік сүйген асы,
  • Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз,- деп жырлаған. Мұның өзі қымыздың өрен қасиетімен бірге, оның түрлерінің көп екендігін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.
  • Айран- Сүттің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран.
  • Қаймақ- піскен қаймақ, шикі қаймақ, бал қаймақ деген түрлері бар.
  • Ірімшік- сүтті қайнату арқылы әзірлейді.
  • Құрт -Сабада жиналып пісірілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.
  • Түрлері: жас құрт, сықпа құрт, малта, езген құрт, ұнтақ құрт, құрт-көже сияқты түрлері бар. 
№ 3.

№ 3.

  • 3. Нан тағамдары: «Нан бар жерде-жан бар», деп мақалдай отырып, қазақ қауымы астық егуді, оның дәндерінен, жармаларынан, талқандарынан алуан түрлі тағамдар жасау өнерін жақсы меңгерген. Мал етін қадірлей сөйлеген
  •   әзіл сөздерінде «ет дегенде бет бар ма?» , -дейтін қауым, «Нан, нан бар жерде –жан бар», - деп оны еттен де асыра бағалаған.
  • «Жерде масақ қалғаны – бақытыңның жанғаны», «Дәнді бекер шашқаның- несібеңді шашқаның», «Ексең егін, тоярсың тегін», Бұл қанатты, даналық сөздерді мынадай жылы, не пәлен уақытта айтылған деу қиын, бірақ ғасырлар бойы қалыптасқан, тәжірибеден алынған, халықтың даналығынан туған сөздер.  Ендеше қазақ халқы қазіргі таңда да егін шаруашылығымен айналысатыны бәрімізге аян.
  •          Нан пісірілу түріне, қоспасына қарай жіктеліп аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан- деп, отқа көміп пісірілгенді- көмбе, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтер деп, қазанға пісірілгендерін қарыма деп, майға пісірілгенді бауырсақ, жайма деп атаған.
  • Бауырсақ:  
  • Шай дастарқанының басты асы- бауырсақ. «бауырсақ»- сөзі қазақ тілінде –бауырмал, үйірсек, жақыншыл деген мағынаны білдіреді.
  • Шелпек нан - көбіне халық құдайы бергенде пісірген. Әр жетінің бейсенбісінде аруақтарға бағыштап шелпек пісіріп, құран оқытады. Әр жайылған дастарханнан кейін асқа бата беріледі. Бата- тілек.  Жас ұрпақтың әдепті, сабырлы, зерделі болып өсуіне арналады. 
№ 4.

№ 4.

  • 4. Қазіргі таңда осы ұлттық тағамдардың адам ағзасына пайдасы туралы ғалымдар зерттеу жүргізген. Ендеше әрбір тағамда адамға қажетті қандай дәрумендер бар екен. Мұқият тыңдасаңыздар. 
  • Ет тағамдары:
  •   В-12 – дәрумені бар.
  • В-дәрумен  жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді. Көру қызметін жақсартады, жұқпалы ауруға қарсы тұру қызметін арттырады. Қан айналымы қызметін жақсартады. Бой өсіреді.
  • Сүт тағамдары:
  • В-топтарының дәрумендері. 12, қан айналымын жақсартады. Бой өсіреді.
  •   Фосфор – сүйек тінінің қалыптасуындағы рөлі зор. Зат алмасуға қатысады.
  • Нан тағамдары:
  • РР-дәрумені – қан айналымын, холестерин деңгейін реттейді.
  • Магний – жүректің қызметін жақсартуға ықпал етеді.
  • Калий – ісікті қайтаруға ықпал етеді, тегіс бұлшық еттердің жұмысын реттеуге қатысады.
  • В топтарының дәруменді бар.
  • Е-дәрумені- склероздың пайда болуын алдын алады. Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Қартаюды тежейді.
Сөздікпен жұмыс

Сөздікпен жұмыс

  • Ұлттық дастарқан – национальная кухня
  • Қазы-қарта, жал-жая – лакомые куски конины
  • Қаймақ – сметана
  • Сүзбе – творг
  • Нан – здесь:  тесто
  • Бата беру – благославить
  • Қазақтың қанында – в крови у казахов
  •  
2-тапсырма. Топқа сөздер жазылған парақ үлестіріледі. Сол бойынша сөйлемдерді толықтыру керек.

2-тапсырма. Топқа сөздер жазылған парақ үлестіріледі. Сол бойынша сөйлемдерді толықтыру керек.

  • Ет тағамдары: ... .
  • Сүт тағамдары: ... .
  • Ең негізгі ұлттық тағам - ... .
  • Етті сүйегімен ... .
  • Ең құрметті қонаққа ... береді.
  • Тамақтан соң ... .
3-тапсырма. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.

3-тапсырма. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.

  • Ас балық
  • Түскі қызмет
  • Сыйлы қалайсыз
  • Мінсіз мәзірі
  • Не үзіліс
  • Бұқтырылған қонақ
4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсету.   Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет Где пища водится, там болезнь не заводится. Ынтымақты үйдің асы тәтті Не шагай через блюдо с едой. Ат –адамның қанаты, ас-адамның қуаты. Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Конь –крылья человека, а в хлебе-его сила Ас- иесімен тәтті Ячмень и пшеница –пища, золото и серебро-металл. Алтын,күміс -тас екен, арпа, бидай-ас екен. Когда в семье лад, все вкусно подряд. Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. В гостях у друга и воду подадут – пей.  

4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсету.

Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет

Где пища водится, там болезнь не заводится.

Ынтымақты үйдің асы тәтті

Не шагай через блюдо с едой.

Ат –адамның қанаты, ас-адамның қуаты.

Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Конь –крылья человека, а в хлебе-его сила

Ас- иесімен тәтті

Ячмень и пшеница –пища, золото и серебро-металл.

Алтын,күміс -тас екен, арпа, бидай-ас екен.

Когда в семье лад, все вкусно подряд.

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

В гостях у друга и воду подадут – пей.

 

5 -тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, тыңдау.

5 -тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, тыңдау.

  • Біздің халқымыздың құрметті қонақтарына ұсынатын басты тағамы-қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын тартады. Табақ тарту-үлкен өнер, елдікке сын. Қонақтың дәрежесі мен жасына, туыстық жолына  қарай табақ тарту- бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, күйеу табақ, келін табақ т.б болып аталады. Аталған табақтарға сай жілік (ет) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Табақ тартуға қазақтар ерекше көңіл бөліп отырған.
Тыңдалым бойынша тест тапсырмалары :

Тыңдалым бойынша тест тапсырмалары :

  • 1. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.
  • А) Қазақтың басты тағамы-қазақша ет. В) Сыйлы қонаққа бас тартады. С) Қымыз –денсаулыққа пайдалы сусын. Д) Табақ тарту-үлкен өнер
  • 2. Мәтінге сай сөйлемді аяқтаңыз.
  • Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын… .
  • А) қояды В) береді С) тартады Д) алады
  • 3. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
  • А) Қазақтар қонақ күтпей ме? В) Қандай ет сізге ұнайды? С) Бүгін бесбармақ дайындадың ба? Д) Қазақ халқы қонаққа қалай табақ тартады?
Бата Бақ қонсын,     Дәулет дарысын. Бас аман болсын, Ден сау болсын.  Әумин!

Бата

Бақ қонсын,

Дәулет дарысын.

Бас аман болсын,

Ден сау болсын. Әумин!

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

  • Үйге тапсырма. Жазба жұмысы. Бесбармақты қалай дайындайды?