Просмотр содержимого документа
«Ата-ана және бала.»
Баланы мәжбүрлеу, жазалау.
Ата-ананың шешімін таппаған көптеген жан сырқаттары олардың балаларына асқынған күйде мұраға қалуы мүмкін. Өз жан күйзелістерімен ата-ана балаға кішкентай кезінен бастап сендіру (мойындату) жолымен бөліседі. Олар қалай өмір сүру қажет екенін, басқа адамдармен қалай араласу керек екендігін өз өмірлік
тәжірибесінен ала отырып, баласына мәжбүрлі түрде үйретеді. Осылай өз бастарында болған проблемаларды байқамастан баласына жүктейді, Мұндай қалыппен тіпті баланың өміріне қиянат жасаулары әбден ықтимал.Өздерінің еріктерін ата-ана балаға бұйрық райында орындатады, ал орындаудан бас тартқан бала жазаланады. Жазалаудың түр-түрі бар. Оның бірі физикалық (дене) жазалауы болса, ендігісі психологиялық (балаға күнәсін мойындату). Жазалаудың қай түрі болмасын балаға ауыр тиеді. Кейде ата-ана физикалық жазалау түрін пайдалана отырып, баланың жас-шамасын ұмытып кетіп, асыра сілтеп жіберуі мүмкін. Психологиялық жарақаттың ауыртпалығы физикалық жарақаттан кем түспейді, кейде тіпті асып кетеді. Себебі, бала кездегі жан жарақаты ересек өмірде көптеген психологиялық кедергілерге әкеліп соқтырады. Ең басты ақыл-кеңесіміз - балаға жарақаттың еш түрін мүмкіндігінше тигізбеуге тырысу. Дене жарақатын ерекше агрессор ата-ана жасайды, ал жан жарақатын болса, ата-ана байқамай тигізуі мүмкін.
Осылай, ата-ана өздері еріктерінен тыс баласының бойына өзін әрдайым күнәлі сезіну қонымын ұялатады.
Ата-ананың от баста жасаған осы қателіктері психологиялық жарақаттарға айналып, баланың ересек өміріне ерекше кері ықпалын тигізеді.
Олардың кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
Сенің өмірге келуің бізге көп қиындықтар әкелді;
Еліктеуге итермелеу (өзінен ұялу);
Балалық танытпа;
Ересек болма;
Көп ойланба;
Сезінбе;
Сен бәрінен де артық болуың керек;
Ешкімге сенбе;
Ештеңе істеме (ештеңені бүлдірме).
Осындай қоныммен өмір сүретін адамның ешқашан өз ісіне көңілі толмайды. Ол үнемі басқа біреуге ұқсағысы келеді де тұрады. Ал, оны мұндай ойға әрине ата-анасының: «Әне, Әйгерімге қарашы, жасы сеннен кіші болса да, ақылы сеннен көбірек. Соған қарап үйрен»; «Анау балалардан үлгі ал» - деген секілді сөздері итермелейді. Өсе келе мұндай адам өзіне өзі қатаң сынмен қарайтын болады. Осындай өз ісіне қанағаттанбаушылық сезімнен кейін ол өзінен жиренеді, тұлғалық келбетін ұнатпайды, көңілі толмайды және өзінен артық санаған адамдардың маскасын киіп, соларға ұқсағысы келеді.
Адамның бойына мұндай сезімнің ұялауына себепкер болатын тағы да бір жәйт, ол ата-анасының басқа жынысты баланы дүниеге әкелгісі келгендігі және баласына, оның көңіліне кері әсер тигізеді ау, - деп ойламастан осы туралы ұялмастан тіке айтып отыруы: «Бізге Нұрлан керек еді, қайтейік Нұргүлді тудық. Бізге ер бала сүю бұйырмаған да...», - деген секілді... .