СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ауылдағы Жаңа жыл

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір тармағы  "Туған жерге тағзым" аталымы бойынша шағын ғана халқы бар Аршаты ауылында Жаңа жыл мерекесін  зор ықыласпен, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуды әдетке айналдырған. 

Просмотр содержимого документа
«Ауылдағы Жаңа жыл»

Ауылдағы Жаңа жыл

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы «Туған жерге тағзым» аталымы бойынша шағын ғана халқы бар Аршаты ауылында жаңа жыл мерекесін халық зор ықыласпен, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуды әдетке айналдырған. Жыл сайын халықпен осындай мерекені ұйымдастыруға Садуов Жайнарбек бастаған мектеп ұжымы және Аманбаев Жомарт бастаған МҰТП қызметкерлері ұйытқы болып отырады. Ауылымыздың мәдени ошағы клуб үйі жаңа жылдық мерекеге сай безендіріліп, ортадағы шырша мерекеге одан сайын сән беріп тұрғандай әсерге бөледі. Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға алыс Өскемен қаласынан бастап, жақын көрші Катон, Өрел, Жамбыл, Берел ауылдарынан келген қонақтар мен ауыл жұртшылығына клуб үйі лық толды. Осы мерекені өткізуге өз ауылымыздың азаматтары ақшалай , заттай демеушілік жасап, келер 2019 жылды көңілді қарсы алуға жыл сайын зор үлестерін қосып келеді. Осы айтулы мерекелерді ұйымдастырып өткізу, ауылымыздың ұйымшылдығын паш етіп, бірлігімізді бекемдей түсті. Алғашқы жаңа жылдық құттықтауды Өрел ауылдық округінің әкімі Еркін Әмейұлы және Катон ауылдық ауруханасының дерматолог маманы Маргарита Мухтаровна бастап, жылдағы әдет бойынша лоторея ойынын Аршаты орта мектебінің мұғалімі Курметжанова Жанерке жүргізді. Лоторея билетінен түскен қаржыға тұрмысқа қажетті заттай сыйлықтар және Болаев Бекжан, Бөленханов Сансызбай, Дөненбаев Серікхан, Қасымханов Әділжан, Омаров Құмаржан, Спайынова Тоғжан, Қасымханов Тельжан, Бөленханов Мұрат сияқты ауылдың аптал азаматтары жекелей демеушіліктерін ұсынды. МҰТП жігіттерінің демеушілігімен жасалған ең үлкен сыйлық «Дружба» (30000тг) ауыл тұрғыны көп балалы әке Кененбаев Радиктің отбасына бұйырды. Мектептің жас мамандары Қабдуәлиева Талшын мен Солтанова Бұлбұлдың ұйымдастыруымен мектеп жастары мен МҰТП жігіттері өздерінің мерекелік қойылымдарын көпшілікке ұсынып, дүйім жұртты қыран - топан күлкіге бөледі. Шара барысында Серменов Айдар бастаған ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Үш торай» кафесі жұмыс жасады. Кафеде дастарханға шашылықтан бастап, тіл үйірер тәтті тағамдар ұсынылды. Мерекенің негізгі сәні әрине жаңа жылдық костюмдер. Ауылымыздың бір туар азаматтары бұл тосын сыйларға да өз сыйлықтарын берді.

І орын алған торайға 15000 тг көлеміндегі ақшалай сыйлықты Серменов Айдар, ІІ орын алған ақшақарға 10000 тг Изеков Серікбек, ІІІ орын алған торайға 5000 теңгені Қыстаубаев Самат пен Кененбаев Дидар демеушілікке ұсынды. Осындай меркелік шараның ұйымдастырылуына келген қонақтар тамсана қарап, ризашылықтарын білдірді.

Мерекенің соңы бұрын соңды болмаған отшашумен (50000 тг) аяқталды. Отшашуды алуға демеуші болған ауыл тұрғындары Серменов Айдар, Жатағанов Шалқар, Бөленханов Темірбек, Қамзинов Әскер, Қамзинов Айтуар сынды азаматтарға алғысымыз шексіз. Осындай ғажайып көңіл күй сыйлайтын игі істер жыл сайын жалғасын тапсын деп тілейміз.