Этнология және этнография
Орындаушы: Марганбаева Сабохат Аскаровна
Қабылдаушы: Гульнара Жанабердиновна Курмангазина
Австралия және Мұхит аралдары халықтары.
Мазмұны:
1. Австралия және Океанияның тарихи мәдени аудандастырылуы.
2.Австралия және Тасмания халықтары.
3.Меланезия халықтары.
4.Полинезия халықтары.
5.Микронезия халықтары.
Австралия мен Мұхит төрт аймақтан тұрады
- Австралия мен Тасмания;
- Мелонезия мен Жаңа Гвинея;
- Полинезия мен Жаңа Зеландия
- Микронезия.
3
Австралия мен Мұхит халықтары.
1901жылдың 1қаңтарынан бастап Австралия өз алдына ерікті федеративтік мемлекет болып, Британиямен қарым-қатынастағы ел болып есептеледі. Халқының 97,1 %-ы қалада орналасқан. Олар құрлыққа біркелкі таралмаған. Жер шарының тарихи-географиялық қолайлылығына қарап, адамдардың көпшілігі Австралияның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік –батыс жақтарында тығызырақ орналасқан.
3
Австралия мен Тасмания осы күнгі халықтың басым көпшілігі еуропалықтардың, оның ішінде ағылшындардың ұрпақтарынан қрлыған. Аборигендердің Еуропадан келген отаршылдармен соғыстарынан нәтижесінде олардың көбі қырылған. Тірі қалғандарды шөл, құнарсыз жерлерге ығыстырып шығарған. ХІХ ғасырдың 70 жылында ең соңғы тасмандық –Уилльям Лэннин қайтыс болған.
Аборигендердің негізгі айналысатыны аңшылық болғандықтан, азық іздеп алысқа кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, аборигендер аштыққа ұшырап, жайылымдағы қойларды ұрлай бастады. Бұл британдықтардың аборигендерді жаппай «соғыс жариялап» қыруына себеп болды.
Аборигиндер музикалық аспаптарымен
3
Австралия және Тасмания халықтары .
Тасмандықтардың пайда болуы өте нашар зерттелінген. Антропологиялық жағынан тасмандықтар меланезиялықтарға ұқсас. Австралиялықтардың шаруашылығы- күн көріп, тіршілік етуге бейімделінген. Олар аң аулап, құрт-құмырсқа , өсімдіктердің дәндерін жинап және теңіз жағалаулары мен көлдерден балық ұстаған. Аңшылық аборигендердің өміріндегі басты кәсібі болып табылады. Негізгі құралдары: найза, найзаны лақтыруға қолданылатын темірдер істелінген атқы тақта, бумерангтар. Осы құралдардың жәрдемімен австралиялықтар жердегі жүретін аңдарды ғана емес, ұшқан құстарды да ұстай берген. Кенгурудан кейінгі үлкен аңдардың бірі- эмо түйеқұсы. Ол- өте жүйрік құс. Бірақ эмоны аборигендер алдап ұстайды. Австралиялықтар жоғарыда көрсетілген ірі аңдармен қоса інді мекендеуші, бауырымен жорғалаушыларды да аулаған. Олады көбінесе әйелдер мен балалар ұстаған.
3
Австралиялықтар
- Австралиялықтар көлік дегенді білмеген. Олар жаяу жүріп-ақ көшіп қонған. Теңіз, мұхит және өзен алқаптарында тұрғындардың қайығы мен салы болған. Қайықты ірі ағаштардың қабығынан да, ағашты ойып та істеген. Оның жарылған және бір-бірімен қосылатын жерін тіккен.
- Австралиялықтардың қоғамдық құрылысын зерттеуге еуропалықтар көпке дейін көңіл бөлмей келеген.Австралияқтардың арасында мүлік теңсіздігі болмаған.
3
3.Меланезия халықтары.
Мелонезия (гректің «мелас» - қара, «несос» - арал) – қара арал деген сөзінен шыққан. Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне қарап, олардың мекендеген аралдарына да «қара» деп ат қойған.Мелонезияда папуастар мен милонезиялықтар тіршілік етеді.Олар өздерінң нәсілдік белгілері бойынша австронегроидтыққа жатады.
3
Полинезия халықтары
- Полинезия - грекше «поли» - «көп», яғни көп аралдан құрылған ел деген мағына береді.Олардың ең ірілері Жаңа Зеландия, Самоа, Гавай, Тонга және т.б. жатады.Отаршылар келгенге дейін бұл жерлерде 1,1 млн. адам тұрған болса, қазір не барі 450 мың тұрғын қалған.
3
Микронезия – грекше «микро» «кішкентай, кішігірім» көптеген аралдар жиынтығы.океанияның солтүстігінде орналасқан.Бұл аралдардың тұрғындары – полинезиялықтардың, милонезиялықтардың қосылуынан шыққан будандар.
Сөйтіп, Океания халықтарының этникалық құрамы жергілікті тұрғындармен бірге Еуропа,Азия, Америка және т.б. жерлерден келген адамдардан құралған.
3
Мелонезия мен Жаңа Гвинея халықтары
Жаңа Гвенияның тұрғындарын этнографиялық тұрғыдан терең зерттеген Н.Н.Миклухо-Маклай. Оның еңбектерінде Мелонезияның аборигендерінің тарихы, сан-салалы тұрмыстары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және мәдениеті ғылыми негізде қарастырылған.Аборигендердің антропологиялық белгілері: шаштары бұйра, түстері күңгірт қоңыр, мұрындары жалпақ, еріндері қалыңырақ.
3
Мелонезиялықтардың антропологиялық ерекшелігіне қарай отырып, оларды төрт бөлуге болады:
аласа бойлы негроидтық (олар Жаңа Гвинеяның ішкі аудандарының тұрғындары);
негізгі меланезиялықтар;
Жаңа Каледондықтар;
Папуастар.
3
Мелонезияны отарлаудың өзінше ерекшелігі болған. Еуропалықтар келгенге дейін Мелонезия аралдарында көптеген жергілікті адамдар тұрып, олар өздерінің тарихи дамуы бойынша алғашқы қоғам құрылыстарында тіршілік еткен, содан да олар адамның адамды қанатынын жақсы түсінбегендіктен де еуропалықтардың қанай бастағанына аборигендер қатты қарсылық көрсеткен. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, жергілікті халықтың саны өте азайып кетті. Осы кезде 80 мыңдай болған Жаңа Каледониялықтардың жалпы саны 37 мыңға төмендеді. Еуропалықтардың саны өсіп, 28 мыңға, Азиаттардың саны 8 мыңға жеткен.
Назарларыңызға рахмет!