СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Авторлы? ба?дарлама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Методическое пособие для  учителей начальных классов, как факультативная программа.

Просмотр содержимого документа
«Авторлы? ба?дарлама»

Түсінік хат

Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді, сауатты, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күнде оқу процесі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек. Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.

Білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді. Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет. Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді әдістердің айырмашылықтарын көруге болады .


Дәстүрлі сабақ

Интербелсенді әдіс

1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді, белсенді

2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.

3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру

4.Сабақтың негізгі бөлігі – жеке - жеке бағалау

5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді


1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды

2.Мұғалім - бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды

3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді

4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады

5.Жұппен және топпен жұмыс

Мұғалім оқушыда қызығушылық тудыруы үшін мынадай тәсілдерді қолдануына болады:

1.Газет - журналдардан қызықты бір оқиғаны айтып беріңіз. (оқушылар газет-журналға қызыға бастайды)

2.Даулы немесе басқалардың көзқарасына кереғар пікір айтыңыз. ( оқушы өз ойын еркін жеткізуге әрекеттенеді)

3.Өз өміріңізден немесе іс-тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз. ( сізге ұқсауға немесе мамандық жайында пікірі өзгереді).

4.Ситуациядан шығатын тапсырмалар беріңіз, қалғанын оқушы жалғастырсын ( шығармашыл болуға әрекеттенеді).

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер, функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытады. Оқушылар өз беттерімен жұмыс жасауға жаттығады. Бұл әдістер бастауыш сыныпта жұмыс істейтін мұғалімге өте тиімді, сонымен қатар көмекші құрал.

Мұғалім оқушыларды тек қана ойлап, есте сақтауға ғана емес, келешекте сауатты да, білімді азамат болуға септігін тигізеді.

Сол себептен мен оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу мақсатында осы бағдарламаны қарастырдым. Бастауыш сынып оқушыларының барлығы дерлік шығармашылыққа жақын болып келе бермейтіні бәрімізге мәлім. Пән сабақтарында шығармашылық жұмыстарға сабақ бөлімдерінде небары 5-7 минуттай ғана уақыт беріледі. Бұл уақыт аралығында біз бала бойындағы шығармашылық қабілетті ашып та, қалыптастырып та үлгере алмаймыз. Сол себепті мен сол алған білімдерін толықтырып, өздері ізденіп талдау жүргізулері мақсатында негізгі пәндер бойынша «Білімқұмарлар» бағдарламасын бастауыш сынып оқушыларына арнап құрастыруды жөн деп білдім.


«Білімқұмарлар» бағдарламасының мақсаты:

1.Оқушыларға интербелсенді әдістерді үйрету.

2.Функционалдық сауаттылығын тапсырмалар орындата отырып қалыптастыру.

3.Білімге деген қызығушылығын арттыру.

4. Шығармашылықпен жұмыс жасауды үйрете отырып, іздене білуге жағдай туғызу.

5.Интеллектуалдық сайыстар жеңімпаздары болуға ынталандыру.

6.Ғылыми жобалар жасауға үйрету.


Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, интербелсенді әдістерді, функционалдық тапсырмаларды бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, қолданылатын пәндерге қарай мынадай 3 топқа жіктедім:


Бағдарламаның мазмұндық бөлімі


Бірінші бөлім. «Білімқұмар математиктер» (10 сағат)

Бұл бөлімде балалар математика пәні бойынша «Кенгуру» интеллектуалдық марафонының тапсырмаларын интербелсенді әдістер арқылы орындап, талқылайды.

Екінші бөлім. «Ғылым іздеушілер» (6 сағат)

Бұл бөлімде балалар ізденіс жұмысымен айналыса отырып, ғылыми жоба байқауларына дайындалады. «Пони», «Человек и природа» марафонының тапсырмаларын орындайды, талқылайды.

Үшінші бөлім. «Жас тілшілер» (18 сағат)

Бұл бөлімде оқушылар «Золотое руно», «Ақбота», «Русский медвеженок» интеллектуалдық сайыстарының тапсырмаларын орындай отырып, шығармашылық жұмыстар жинақтайды.



Күнтізбелік жоспар (34 сағат)


Функционалдық тапсырмалар

Сағат саны

Қолданылатын

интербелсенді әдіс

Интеллектуалдық сайыс

І-бөлім. «Білімқұмар математиктер» 10 сағат


1- 2

Логикалық тапсырмаларды шешу жолдары

2

Он сұрақ!»

«Кенгуру»

3-4

Қызықты есептер құрастыру

2

Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою

«Кенгуру»

5-6

Шимен құрастырмақтар шешу

2

Ойлан, жұптас, пікірлес

«Кенгуру»

7-8

Құрылымы күрделі есептер құрастыру, шешу

2

«Серпілген сауал»

«Ақбота»

9

Шығармашылық тапсырмалар орындау

1

Ролдік /іскерлік/ ойын

«Ақбота»

10

Интерактивті тақтада тапсырмалар орындату

1

«Балық сүйегі»


ІІ-бөлім. «Ғылым іздеушілер» 6 сағат


1

«Қызыл кітап» жайлы мағлұмат жинау

1

“3 таяқша” әдісі

«Пони»

2

Қызыл кітапқа енген Балқаш жерінде бар өсімдік, жануарлар туралы іздеу

1

Өзіңізді тексеріңіз

Ғылыми жобаға дайындық

3

Туған жерім - байлық кенім

1

9 ромб

Ғылыми жобаға дайындық

4

Тапсырмалар орындау


«Бинго» ойыны.

«Пони»

5

Емдік өсімдіктер

1

Броундық қозғалыс

«Человек и природа»

6

Герой Жолтайұлы жайлы мағлұмат жинау

1

«Жеке тұлғаны анықтау»

Ғылыми жобаға дайындық

ІІІ-бөлім. «Жас тілшілер» 18 сағат

1-2

Тест жұмыстарын орындау

2

Алма ағашы»

«Ақбота»

3-4

Көлемді шығарма жазуды үйрену

2

Детальдарын қосу. Еркін жазу


5-6

Эссе жазуды үйрену

2

“Автор орындығы»


7-8

Өлең шумақтарын құрастыруды үйрену

2

Серпілген сауал»


9-10

Тапсырмаларды орындау

2

«Бинго» ойыны

«Ақбота»

11-12

«Өз ойым бар»

Сурет, видеоларды талдау

2

«Өз позицияңды ұстан»


13-14

«Әрі оқу, әрі ойын» құрастыру

2

«Бірге ойлаймыз»

«Золотое руно»

15-16

Ережелер құрастыру

2

Жұптасып жұмыс істеу.

«Ақбота»

17

«Үздік портфолио» сайысы

1



18

Қорытынды

1




Мен енді әріптестеріме көмек ретінде функционалдық тапсырмаларды орындатуда қолдануға болатын интербелсенді әдістерге тоқталып өтуді жөн санадым.

Интербелсенді оқыту технологиясына:

Жұптасып жұмыс істеу.

Ротациялық (ауыспалы) үштік.

Шағын топтармен жұмыс.

Аяқталмаған сөйлем.

Есептеу ағашы.

Өз атынан сот.

Азаматтық тыңдау.

Ролдік /іскерлік/ ойын.

Өз позицияңды ұстан.

Дискуссия.

Дебаттар.

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Мысалы: Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.

Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

«Өз позицияңды ұстан» — деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс. 1.“Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.

3.«Миға шабуыл» стратегиясы. Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз.
4.“3 таяқша” әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты

1 сұрақ

1 жауап

1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

5.«Бинго» ойыны.

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.

6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі. Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
7.«Он сұрақ!» әдісі.

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

8.«Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасындасұрақтарды лақтырыңыз.

Мысалы,
“Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”

9.«Құпия зат» – мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз:

Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ

10.«Лездеме!» әдісі. Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

Конверттен бір сөзді бір рет алу

Сөздің өзін атамай түсіндіру

Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
11.«9 - ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әрқатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

12.«Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.

• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;

• осы санғасәйкес келетін оқушы жауап береді;

• талқылаужәнесаралау үшін тамашат әсіл.

13.«Детальдарын қосу» әдісі. Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!

Бастапқы сөйлемнің мысалы:

Бүгін біз мектепке жиналдық.

Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:

Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар – курстарға келдік.
14. Кері байланыс түрлері.

«Алма ағашы» әдісі

• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі – Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН

«Таңдау» әдісі.

1.Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2.Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3.Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4.Мен пікір сайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.
Кері – байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны.

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

1. Чемодан (суреті)

2. Қоқыс жәшігі (суреті)

3. Ет тартқыш (Суреті)

- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы:

Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өз арақатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзге де оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі. Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды.
«Жеке тұлғаны анықтау» атты ойынның да тиімді жағы көп. Жүргізуші (мұғалім) жазушы, ақынның портреті жапсырылған беттерді таратады. Оқушылар ғалымның фамилиясын, әр саласындағы өмірін, жаңалықтарын есімімен байланысты оқиғаларын еске түсіру керек. Талдау ұзақтығы 5 минут.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырма түрлеріне тоқтала кетейін:

Жабық тест дегеніміз келтірілген жауаптардың ішінде біреуі немесе бірнешеуі дұрыс болатын тапсырма, оқушылар бұл жауаптарды таңдап көрсетуі тиіс.

  1. Ертегілер

  2. Мақал – мәтелдер

  3. Төрт түлік

  4. Тұрмыс салт жырлары

  5. Жұмбақтар

  6. Жаңылтпаштар

А) Тақпақ жатта, жатқа жатта

Б) Жылқы, сиыр, түйе, қой

В) Алтын сақа

С) Ер дәулеті – еңбек

Д) Наурыз өлеңдері

Е) Үй үстінде ұсақ тас(жұлдыз)


Жауаптары: 1 және___ В, 2 және___ С, 3 және___ Б, 4 және___ Д, 5 және___ Е, 6 және___ А.

Компьютермен, интерактивті тақтамен жұмыстар жүргізу

Тапсырма:

1.Нысандарды боя.

2.Кемпiрқосақты боя.

3.Әр топтағы заттарды боя. Жасылмен (шырша), сарымен (күн), қызылмен

(қызанақ). Түс таңдауда жақша iшiндегi сөздер түс таңдау үшiн маңызды болып келедi.

6) Оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен

жұмыс істеуге үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн

компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. «Қылқаламның» түрлері мен “Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.

Мұғалiмге арналған әдістеме:

Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн «Қарындаш» және «Қылқалам» құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тінтуірді шерту арқылы таңдалады. «Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал «Өшiргiш» құралын таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк!

Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тінтуірдің сол жақ батырмасын шертулі

күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.

Тапсырма:

1.Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi бояулармен боя.

2.Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес.

14-сабаққа арналған тапсырмалар:

1) Артық нысанды сыз.

2) Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:

Қысы, жазы бір түсті. //Шырша/

Өзі қызыл, өзі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. /Құлпынай/

Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/

Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/

3) Мағыналары қарама - қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос.

Суық – Ыстық

Ауру – Сау

Көңiлсiз – Көңiлдi

Кiшкентай – Үлкен

Мейiрiмдi – Қатыгез

Жарық – Қараңғы

Қатты – Жұмсақ

Тәттi – Ащы

Әдеби ойын түрінде өткізілетің жұмыс түрлері:

«Сұрақ – жауап» ойыны.

Шарты: оқушыға мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті сұрақпен жауап беру керек.

Мысалы, сұрақ: - Қасқыр қарызынан қалай құтылады?

Жауап: - Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады.

Мысалдар: - Кімнің құлағы елу?

Ең ардақты ат.

Адамдықтың белгісі не?

Надандықтың белгісі не?

Кімнің өрісі кең?

Ой қисынына негізделген жаттығу.

Шарты: төмендегі бірінші бағанда көрсетілген құбылыс – аттарға екінші бағандағы белгі – қасиеттердің қайсысы тән? Тіркестіріп ата және тіркестердің мағынасын бір – ақ сөзбен, яғни синониммен түсіндіру.

Мысалы:

Жүрек перде

Қараңғылық шыжық

Тағдыр от

Үміт сызық

Өмір көз

Жауап: Жүректің көзі – саналылық;

Қараңғылық пердесі – надандық;

Тағдырдың сызығы – жазмыш;

Үміттің оты – үміттену;

Өмірдің шыжығы – қайғы;

Әрине сабақ барысында оқушылар арасында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін қолданамыз.

Мәтінді ұжымдық оқу. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ескі кітаптардан әңгімелер, ертегілер, көрнекіліктері бар өлеңдерді қырқып алып қатты беттерге жабыстырады. Осы арқылы сыныпта қанша оқушы болса сонша мәтін дайындауға болады. Әркім өз карточкасын алып оқиды. Егер түсініксіз сөйлемдер болса мұғалімнен сұрап алады. Осыдан кейін жұптармен жұмыс істеу басталады. Оқушылар өз әңгімелерін кезекпе – кезек серіктерін оқып, көрнекіліктеріне назар аударады, бір – бірлеріне сұрақтар қояды, осыдан кейін карточкалар ауысырылады. Мұндай ұжымның әрбір мүшесі әңгімені қалайда көбірек оқып шығуға тырысады, ол үшін әрбір әңгіме өзінше қызық әрі жаңа. 20-30 минуттық ұжымдық жұмыстан соң оқушылар «кім – кіммен жұмыс істеді?», «әңгімені қанша рет қайталап оқыды?», қандай әңгіме көбірек ұнады? деген сияқты мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында, біз бірлесе отырып бір жылдық тест тапсырмаларын құрдық. Бұл тест А және Б блоктарынан тұрады. А блогы оқушылардың ойлау өрістерін кеңейтсе, Б блогы шығармашылыққа жетелейді.

А Блогі

Тапсырмаларды орындау тәртібі. Нұсқаның дұрыс жауабын таңдаңыз.

Дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріпті белгілеңіз.

1. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.

А) Б,в,г,д,ж.

В) C,ф,ш,х,ч

С) Й,л,м,н,ң

Д) Қ,к,c,х,б

Е) Б,в,г,д,ғ.

2. Тек жуан дауыстылар қатарын анықтаңыз.

А ) А,о,ү,ұ,ы

В) Ә,і,и,ө,е

С) А,о,ы,ұ,у

Д) А,о,ө,ү,ұ

Е) Ұ,ү,і,е,ө

Б Блогі

Тапсырмаларды орындау тәртібі. Тапсырманы орындаңыз. Жауабын жауап парағының тиісті орнына жазыңыз.

1.Тірек сызба бойынша сөйлем құрастырыңыз.

Менің әуес ісім

Кітап оқу.

Фотаға түсіру

Сурет салу.

2.Мәтінді оқып, ат қойындар.

Күнделікті фотоға түсіруге қызығатын адамдар бар. Фото өнер - қас қағым сәттің өмірлік шежіресі. Дамыған елдерде фото суретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Кәсіби фото суретшілер ерекше туындылар жасап шығарады.

Қорыта айтсақ, әрбір мұғалім жаңашыл, озық технологияны тиімді пайдалана білетіндей ізденімпаз болуы керек. Бұл бағдарламам жас мұғалімдерді оқушыларға жаңа инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарын ұйымдастыра, басқара білетіндей шебер болуға шақырады. Мұғалімнен, біріншіден оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс - әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасы өзгереді. Мысалы, пікірталасты өткізу- оларды сөзге шешен, мәдениетті, қарсыластарын құрметтейтін азамат етіп тәрбиелейді. Мұғалім жоғарыда айтылған диалог, пікірталас, рольдік ойындар мен бағалаудың тәсілдерін жақсы меңгеріп, орынды қолдана білсе, оқушының сабаққа деген құлшынысы да, ынтасы да артады.





Курстан соң оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:

1.Оқушылар кез келген тапсырманы қиналмай, уақытты үнемді пайдалана отырып орындай алуы керек.

2.Кез келген интеллектуалдық сайыстарға қатысуға дайын болуы керек.

3.Мәтінмен қиналмай жұмыс жасауы тиіс.

4.Шығармашылық жұмыстарды орындауда қиналмауы тиіс.

5.Өз бетінше іздене білуі тиіс.



Оқушылар нені үйренуі керек ?

1.Эссе жазуды.

2.Өлең шумақтарын жаза білуді.

3.Белгілі бір тақырыпта өзіне керекті мағлұматты таба білуді.

4.Сабақ үстінде өзін еркін ұстауды.

5.Интеллектуалды сайыстардың тапсырмаларын өз бетінше іздеп, тауып шеше білуі керек.





























Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (бастауыш сыныптар)

Әдістемелік құрал


2. Н.Назарбаев «Инновациялармен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» .- Егемен Қазақстан 2006 ж, мамыр


3. «Интербелсенді әдістер» сайты




































БАББ «Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі









Авторлық бағдарлама


Бастауыш сыныптарға арналған




















Дайындаған: Қалқанбаева Назира Науқанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі