СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бала бақшаға арналған "Алтын күз" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала бақшаға арналған Алтын күз ертеңгілігі. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.Күз өнімдерімен таныстыру. Олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Бала бақшаға арналған "Алтын күз" ертеңгілігі»


«Алтын күз»

(2 кіші тобына арналған ертеңгіліктің сценарийі)


Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.


(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарына жайғасады.).


Жүргізуші: Келді міне Алтын күз,

Сары шашты жаркың жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдаңдырып халқын күз.

- Сәлеметсіңдерме қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты Алтын күз құрметіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.


Жүргізуші: Балалар Алтын күзге арналған тақпақтарынды ортаға шығып айтайық:

Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.


Берекесі сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Алтын,сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Ағаштарын жамырап

Ұшып кетті жамырап.


Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Жайнап гүлдей жүріңдер

Ән салыңдар, күліңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет,

Тамаша,

Қандай әсем күз.


Сап-сары маңай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.


- Ал енді балалар орнымыздан тұрып кішкене сергіп алайық:


Ән: «Аяқпенен топ-топ»


Жүргізуші: Жарайсындар! Орындарына жайғаса отырындар!

(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы шығады).


Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдарма? Жаңбыр жауғысы келіп тұрған сияқты.

(Жаңбырдың дауысымен бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіндерме балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Бұлт : Күзгі көк бұлт мен болам,

Көтеріліп теңізден.

Аспанға биік барамын,

Қаласам қазір сендерге,

Жаңбыр болып жауамын.

(Балаларға жаңбыр шашады)


Жүргізуші: Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,

Дабылынды соқпай тұр.

- Біз сен жайлы өлең білеміз және оны саған орындап береміз.

Ән: «Кап-кап, тук-тук»

Бұлт : Рахмет балалар қандай әдемі өлең сендер жаңбырдан қорықпайды екенсіңдер, ал қазір, балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.



Ойын: «Жаңбыр мен күн»

Балалар жаңбыр жауғанда қолшатырдың астына тығылады, күнің көзі дегенде жүгіріп ойнайды 2 -3 рет ойналады.


Жүргізуші: Жарайсындар балалар! Орындарына жайғаса отырындар!

(Сиқырлы әуен ойнайды. Балалар тыңдайды. «Күз ханшайымы» кіріп келеді.)

Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Мен Күз ханшайымымын,

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

- Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Күз бақыт, береке әкелсің!

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе, «Күз ханшайымы»

Күз ханшайымы: Балалар, сендер менің күз мезгілі екенімді қайдан біліп қойдыңдар?

Балалар: Сары жапырақтарыңыздан.

Жүргізуші: - Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз!

Бүгінгі мерекеміздің қонағы болыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Төрлетіңіз, жайғасып отырыңыз!

Жүргізіші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкіністерді мен жемістерді қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?

Күз ханшайымы: Білмейді екем.......

Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.


Ойын «Көкөністер мен жемістер ажырат»

Ойынның шарты: ортаға екі бала шығады. Балалар екі шеңбер болып тұрады. Көкіністер мен жемістер шеңбер сыртында музыка әуенімен билейді. Музыка тоқтаған кезде шеңбердің ішінде тұрған бала көкіністер мен жемістерді өз шеңберлеріне жинау керек.


Жүргізуші: Жарайсындар балалар! Орындарына жайғаса отырындар!


Күз ханшайымы: Балалар, сіздер көріп тұрған көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіздер! Себебі: бұл көкөністер мен жемістерде түрлі дәрумендер көп. Бұларды жесеңіздер денсаулықтарыңыз мықты, әлсіз болмайсыздар және де ауырмайсыздар!

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың тамаша билегенің көріңіз.

Би: «Жүгіреді, жүгіреді кішкентай балалар»


Күз ханшаймы: Қандай жақсы балаларсыңдар! Өленде, тақпақта, ойынды да жақсы ойнадындар. Рахмет, балалар! Балалар сендерге жемісімді сыйлауға ұмытып барады екем. Топтарына барып жендер.


Бұлт: Ал мен не істеймін? Осында отырайын ба? Күз ханшайымы мен де сізбен бірге барайын. Басқа балаларды көрейін.


Күз ханшаймы: Жарайды кеттік бірге барайық! Ал балалар, қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ендеше мені басқа балалар күтіп жатқан шығар. Сау болыңдар, балалар! (Күз бен бұлт кетеді).

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Ара» тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігі аяқталды. Күзге айтарымыз, берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын! Сау болыңыздар!