СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. 

Просмотр содержимого документа
««Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»»

№ 54 сәбилер бақшасы
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Павлодар қ, 2016ж


Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті талап етеді. Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдісіне тоқталғым келеді.                               
Сапалы білім беруде сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалана отырып, балалардың танымдылық белсенділігін, қызығушылығын арттыру,  шығармашылық іс - әрекетінде қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан оқыту технологиясы көптеген стратегиялардан тұрады.
Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:
•    Ой шақыру
•    Бес жол өлең
•    Топтастыру
•    Венн диаграммасы 
Интерактивтік бөлім
 “Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тәсілі”
Бала тілі – бал демекші, баланың айтқан тақпақтары, әңгімелеуі бізді сүйсіндіреді. Бірақ өкінішке орай, кейбір балалардың байланыстыра сөйлеуі, тақпақты тұрақты есте сақтай алмауы кездеседі. Бірақ қай бала болмасын сурет салғанды жақсы көреді. Сондықтан біздің «тіл дамыту және көркем әдебиет» деген пәндерімізді оқытқанда, мен өз тәжірибемде схемалық суреттерді қолданамын. Бұл әдістің балалар оқығанды есте сақтауына көптен – көп көмегі бар. Қазір сіздерге кеңес ретінде мастер – класс өткізгім келеді. Бүгін біз «Көктем» тақырыбына кішкентай жұмбақ-тақпақ жаттаймыз. (Әдетте алдымен оқып беремін, одан кейін балалармен талдаймыз)

«Ой шақыру»

Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайда толады.
Күн ұзарып, жылынады,
Бұл қай кезде болады? 

/ Көктем/ 
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (көктем) 
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар? ( толық жауап алу) 
- Кім маған жыл мезгілдерді атап береді ( күз, қыс, көктем, жаз) 
- Бір жылда неше ай бар? (бір жылда он екі ай бар) 
- Кім маған ай аттарын атап береді? (Атайды) 
- Бір айда неше апта бар? ( толық жауап алу) 
- Бір аптада неше күн бар? ( толық жауап алу, атап беру) 
- Жарайсыңдар! 
- Балалар, осы бізді не қоршап тұр? (Табиғат) 
- Дұрыс, ал табиғатқа нелер жатады? (адамдар, жануарлар, өсімдіктер,   құстар ...) 
Алдарыңда нелердің суреттері жатыр? (құстардың)
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жыл құстары»  

Тақтаға орманшының суреті ілінеді.

“Қызығушылығын ояту”

“Мағынаны ашу”
(сұрақ – жауап арқылы)

- Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді.
Жыл құстары жайлы не айта аламыз?
- Жыл құстары олар жылы жаққа ұшып кететіндер.
Қыстап қалатын құстар жайлы не айтуға болады?
- Олар қысы жазы өз мекенінде тіршілік етеді.
- Құстар қыста немен қоректенеді деп ойлайсың?
Ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.
- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.

“Бес жол өлең”
“Ой толғаныс”
•    Д/о  “Шешуін тап” 
(Құстарға байланысты жұмбақ жасыру)
 Ойын « Шешуін тап» Құстар жайлы жұмбақ жасыру.
1. Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын-шіркей қорегім
Бау-бақшаны қорғаймын
Ал атым ше? (Торғаймын)
 
2. Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)
 
3. Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып. (сауысқан)
•     

4. Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп.
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
•     
- Балалар ағашта қай құс қалды?
- Қарлығаш.
 
- Ол қандай құс?
-  жыл құсы.

•    Сергіту сәті
•    Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды,
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем айы басталды. (қимылмен көрсету )
Құстардың суретіне қарайық, қандай құстар қалды, оларды атау.
(Карточкалар үлестіріледі). Дұрыс жауап беру арқылы ағашымызға, көлімізге жан бітеді.
Құстарды топтастыру
•                 
Берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.

Сабақты сын тұрғысынан жоспарлап өткізу мынандай нәтиже береді:
•    - балалардың бір – бірімен қарым – қатынас жасай білуге үйренеді;
•     - басқаларды тыңдауға;
•    - өз ойын топ алдында ашық айтуға;
Ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
“Сын тұрғысынан ойлауды” дамыту технологиясымен жұмыс істегенде, баланың танымдық белсенділігі, шығармашылығы артады.