СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биология пәні .Сабақ жоспары 6 сынып.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология пәні . Сабақ жоспары 6 сынып. Тақырыбы жалпақ жапырақты өсімдіктер.

Просмотр содержимого документа
«Биология пәні .Сабақ жоспары 6 сынып.»

Биология пәні 6 класс
Сабақтың тақырыбы: Жалпақ жапырақты өсімдіктер

Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі, яғни ағаш, жалпақ жапырақты өсімдіктер бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбею циклінде аналық бүрлердің тұқымынан жаңа ұрпақтың жетілетіні туралы білім беру.
б) дамытушылық. Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім-біліктерін дамыту.
ә) тәрбиелік. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік, ауызша баяндау, ойын, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қарағай, шырша, самырсын, арша өсімдіктерінің кеппешөптері, плакаттар.

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытынды
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.      Өсімдіктерді қандай үлкен екі топқа бөлеміз?

2.      Жоғары сатыдағы өсімдіктер қалай бөлінеді?

3.      Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді атаңдар.

4.      Тұқымды өсімдіктер қанша топқа бөлінеді?

5.      Оларды атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ  Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия»- латын сөзі, яғни ірітіп- шірітубүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді.Қарағайда -зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Бұл  қарағайдың табиғаттағы маңызы болса, қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.Жатаған шырша Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

Шыршаның қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар,  сүрек сірке қышқылы алынады.Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған.Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Балқарағай Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және ШығысҚазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт,  бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.

VІІ. Үйге тапсырма беру 135-136 бет оқу