Просмотр содержимого документа
«Бірыңғай мүшелерге,қаратпа,қыстырма,оңашаланған айқындауышқа қойылатын үтір»
Күні: 13.02. Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Бірыңғай мүшелерге,қаратпа,қыстырма,оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір
Сабақтың мақсаты : білімділік – Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;
дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;
тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, топтастыру, талдау,жаттығу
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір |
|
Қойылатын орындары |
Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз келгенде арала- рына үтір ойы- лады. | Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде жалғаулық шылаулары бірыңғай мүшелермен қайталанып келгенде қойылады. | Мен, және жалғаулық шылаулары қайталанбайды. Онда жұптасқан бірыңғай мүшелердің соңғы жұбының алдына қойылады. | Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде жалғаулық шылаулары бірыңғай баян- дауыштар ара- сында қайта- ланбай келсе, шылаудан соң үтір қойылады | Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде жалғаулық шылаулары бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай тұрса үтір қойылмайды. |
Айгцл, Әсел, Әдемілер бүгінгі жауапкер- шілікті айқын сезінеді. | Аяулым да, Асыл да, Ме- руерт те не үйге кірерлерін, не кері бұрылып ке- терлерін білмей дал болды. | Айнұр мен Айдын, Ардақ пен Қанат кезекшілікті бөліп алып, кезекшілік міндеттерін пысықтады. | Қоңырау соғылды да, сабақ басталды. Айта салды да, кейін қарай жүгіріп кетті. | Келді де көрді. Бойын шаттық әрі белгісіз қорқыныш би- легендей ме?.. Хабарласпады я келмеді. |
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір |
Қойылатын орындары |
Қаратпа сөз сөйлемнің ба-сында келсе үтір одан кейін қойылады | Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе үтір екі жағынан қойылады | Қаратпа сөз сөйлемнің аяғында келсе үтір алдынан кейін қойылады |
Асқар, кел ақылдасайық | Ақылдасатын , Бейбітжан, не қалды? | Неге олай дейсіз, апа? |
Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір
Оңашаланған айқындауыш - өзінің алдында тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз.
Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.
Мысалы: Біз, Қазақстан жастары, еліміздің жарқын болашағына сенеміз! Үлкен ұлы, Асаны, еңбекқор азамат еді.
Жаттығумен жұмыс:164,166-жаттығулар жазбаша орындалады.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 168- жаттығу.