Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 18 караша 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы//Образовательная область: «Қатынас»
Пән/Предмет: «Сөйлеуді дамыту».
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы/Тема: «Дәрігерде қонақта болдық»
Мақсаты/Цели: Балалардың медециналық сөздік қорын толықтыру.Сюжеттік сөйлемдерді ойын түрінде қолдана білу. «А» және «Ә» дыбыстарын айтуға жаттықтыру. Окыту/обучающая: Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбиелік: Дәрігердің еңбегі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Қарапайым дәрігер қолданатын қол жабдықтарымен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап әдісі, денсаулық сақтау, ойын.
Сөздік жұмыс: Дәрігер, дәрі.
Билингвалдық компонент: дәрігер-врач, дәрі- лекарство.
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: Сурет, дәрігер
Үйымдастырылған оку қызыметінің барысы
1. Ұйымластырушылық көзені/организационный момент.
Тіс ауырса, іш ауырса,
Анам дәрі береді,
Барлық бала,оны жақсы көреді.
2.Негізі бөлімі/основная
1.Әңгіме жүргізу.
Қалай ойлайсыңдар, бұл тақпақ не туралы ?
-Қандай мамандықтарды білесіңдер?
-Мамандық деген не?
-Ата-аналарың қандай мамандықтар иесі?
Суретпен жұмыс:
Суретпен жұмысТәрбиеші балаларға кішкентай баланың суретін көрсете отырып: Келгенше апам жұмыстан Бесікте ойынап жатады. Әрнені ұғып дыбыстан «А-а-а» - деп үн қатады.Бұл кім? Кішкентай бала «а-а-а», - деп ән салады екен. Кәне бәріміз қайталайықшы.
Кейбір балалардан жеке-жеке сұрайды. Тәрбиеші бұзау, лақ, әтештің суреттерін көрсетеді. Олардың қалай дыбыстайтынын айтады. Ақ бұзауыы ұнайды, «Мө-мө» -деп сүт сұрайды.Ақ бұзауым жақсы фермада,Апарамын көрмеге.(Е.Өтетілеуұлы) - Бұзау қалай дыбыстайды? («Мө-мө-мө» деп дыбысты қайталау)- Балалар, бұзауды еркелетіп, «әукім-әукім-әукім» деп шақырады. Тәрбиеші лақтың суретін көрсетіп:Лағым-ау, лағымЕстімей ме құлағың?Айтқан сөзді ұқпайсың,Келмей ме әлде тіл алғың?(Н.Меңгітаев)-Ал мынау ешкінің төлі – лақ.Лақ қалай дыбыстайды?
Тәрбиеші әтештің суретін көрсетеді.Оятпа әтеш сен бізді,Өзімде сездім, таң аттыСенсіз-ақ білем мезгілдіТанимын енді сағатты.(А.Сопыбеков)
Бұл – әтеш. Әтеш қалай дыбыстайды? Әтеш «қо-қо-қоқ» деген дыбыс шығарады. Лағым, лағым, лағым,Шошаңдаған шұнағым.Секіресің секеңдеп.Ойнағандай еркелепДидактикалық ойын: «Төлдер қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту.
2.Сергіту сәті
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
3. Ойын:
«Дәрігер» Мақсаты: Ойын арқылы дәрігер мамандығымен таныстыру.
Ойын шарты:Бір баланы дәрігер ретінде таңдап алу. Басқа балалар әр түрлі сырқатпен келеді. Дәрігер болған бала қолданып отырған құралдарын атап, оларды не үшін қолданғанын айтып беру
Ойын: «Төлдер қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту.
ІІІ. Қорытынды
Тәрбиеші балалар іс-әрекетін бағалайды.
-Дәрігер бізге керек пе?
-Дәрігер немен емдейді?
-Дәріні қайдан аламыз?
-Қандай үй жануарлардың төлдерін білесіңдер?
-Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар?
Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.