Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады.) І. Психологиялық дайындық: Әрбір сабақ Үйрену, оқу, ұлағат. Әрбір Ісім Тірлік, бірлік, адалдық. Әрбір сөзім Шындық, теңдік, адамдық. Әр жүректе Туған елге махаббат. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызып алу. Көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсету Үйден бөлу әдісі 3. Аяз ата, ақшақар, шырша, аққала суреттерін тарату арқылы топтарға бөлу ІI. Өтілген тақырыпты пысықтау "Серпілген сауал" 1. Біз оқып жатқан тарау қалай аталады? 2. Қазір жылдың қай мезгілі? 3. Қыс мезгілінің белгілері қандай? 4. Қардан не жасаймыз? 5. Аққала жасағанда нені қолданамыз? 6. Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады? 7. Сендер шырша жыры әнін өттіңдерме? Бұл әннің авторлары кімдер? 8. Шырша жырындағы басты кейіпкерлерді ата. III. Жаңа сабақ 1. Ой ашар Жаңылтпашты жаңылмай айту Ізшілер іздесті, Түз кезді, із кесті. 2. Ізге түсті Ізмұрат, Ізмұратты біз бірақ Іздеп-іздеп таппадық. Ізі-қайым, қызық-ақ. 3. Із дегенді қалай түсінесің? 4. Суретпен жұмыс Суреттегі кімнің, ненің ізі екенін анықтау 5. Мәдіхат Төрежанов туралы мағлұмат беру 6. Мәтінді іштей оқу Жұпта талқылау 7. Топьық жұмыс 1 топ : Мәтінді мазмұндау 2.топ :Мәтіндегі оқиға жылдың қай кезеңінде болған? Оны неден аңғардың? 3 топ: Қарға қатысты жазушы қолданған көркем сөзді тап? 4 топ:Мәтін бойынша сұрақ құрастыру 8. Сергіту сәті 9. Жеке жұмыс "Өмірде де өз ізің , өз белгің болсын!" Осы тілекті қалай түсінесің? 12. Тұлғалар туралы айту 13. Шығармашылық тапсырма "Менің ізім" тақырыбында эссе жазу IV.Қорытындылау: Бүгінгі сабақтан не түйдім? V.Үйге тапсырма беру: Өз ізі әңгімесін түсініп оқу Іздердің суретін салып келу. VI.Бағалау |