Просмотр содержимого документа
«Денсаулық-зор байлық. 2 сынып»
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық-зор байлық.
Сабақтың мақсаты:1. Тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету, сөздік қорларын, сауатты
жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Есте сақтау, есту қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу,
мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында тәрбиелік
мәні зор әңгіме жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке гигиена құралдары, суреттер, жаңа сөздер жазылған парақтар,
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІV.Сөздік жұмысы.
Тара-расчесывай, сүрт-вытирай, жу-мой, тазала-чисти.
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.
Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.
V.Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында өтіліп отырған тақырып бойынша берілген өлеңмен жұмыс жасау.
2- тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген тәрбиелік мақсаттағы тапсырманы орындау.
3- тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тазалық тақырыбында «Есіңе сақта!» атты айдармен берілген тапсырма бойынша тәрбиеләк жұмыс.
4-тапсырма. «Не үшән керек?» сұрағымен жұмыс ұйымдастыру.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Су құйғанда өседі.
Тапсырмалар.
Жінішке буынды сөздердің астын сыз.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII.Оқушылардың білімін бағалау.
VIII.Үй тапсырмасын беру. 110-бет, 6-тапсырма. Өлеңді жаттау.