СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Драмалық шағын қойылым

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Әуезвтың "Қарагөз" пьесасынан мектеп оқушыларының арасында өтетін көркемөнерпаздар сайысына арнайы ықшамдалып алынған қойылым.

Просмотр содержимого документа
«Драмалық шағын қойылым»

«Қарагөз» пьесасы

(Құстардың сайраған дауысы)

Дауыс

  • Қарагөз ,Қарагөз

(Жүгіріп Қарагөз келеді, Сырым екеуі құшақтасады.)

Сырым:

  • Қарагөз, жаным мен сені алып кетуге келдім. Аттар дайын тұр. Менімен кетуге дайнсың ба?

Қарагөз:

  • Не дейсің? Қайда? Қайда кетеміз?

Сырым:

  • Қаракесекке, менің нағашыма. Бұл ел саған ел болмайды. Менде екі жол ғана қалды. Бірі сені көрмей қаңғырып кету. Екіншісі сенің жолыңда, сенімен бірге өлу. Қай жолға түс дейсің? Қаңғырып кет дейсің бе, әлде менімен мәңгі бірге боласың ба? Өзің айтшы. Сен не айтсаң да мен көнемін. Соңғы сөз сенде.

Қарагөз:

  • (ойланып) не деймін?.... не айтармын. Рас содан басқа амал қалмады. Не сенен мәңгі айрылу, не сенімен бірге кету.....

Сырым:

  • (құшақтап тұрып) ойлан... ойла да қазір шешімін айт, Қарагөзім. Бізде уақыт аз. Біреу біліп қоймай тұрғанда кетейік, жаным.

(Осы кезде Матай тығылып келіп екеуіне қарап тұрады)

  • Елдің бізге қарғыс айтқаннан басқа білері жоқ. Жанымызды, махаббатымызды ешкім ұқпайды. Өмір бойы тығылып жүре алмаймыз. Бір шешімге кел. Не қаңғыр де, менімен жүр Қарагөз.

Матай:

  • (сыбырлап) Ә ,сұмдық .... мыналар не деп жатыр. Қой тезірек Наршаға жеткізейін. (шығып кетеді)

Қарагөз

  • Сен мені жеңдің. Мен саған еремін. Басқа амалым жоқ. Өзім сүймейтін Наршамен өмір сүре алмаймын. Қайда жүр десең сонда барамын. Құдай бетімізден жарылқасын.

Сырым:

  • Олай болса дәл қазір кетеміз. Жүр жаным, жүр аттарға барайық.

Қарагөз:

  • Сырым, құдай қосса екеуміз бір болармыз. Бірақ бүгін емес. Бүгін кете алмаймыз.

Сырым:

  • Енді қашан? Неге кете алмаймыз?

Қарагөз:

  • Мына ауылда біздің ауылдың үлкендері жатыр. Ата- анам да осында. Солар кеткен соң қашайық. Үлкендерді жер қаратып кеткен дұрыс болмас.

Сырым: бұл сөзің де дұрыс шығар. Солар кеткен соң – ақ қашармыз. Ендеше ,жаным, келш бір құшақтап кетейін.(екеуі құшақтасып тұрғанда Нарша, Матай, Жабай шығады)

Нарша:

  • Бұл не масқара! Ақыры бәрі белгілі болды ғой. Әкесі қараңыз, қызыңызға қараңыз.

Жабай:

  • Құдайдың қарғысы тигендер. Не ғып тұрсыңдар! Ұстаңдар мына оңбағандарды. Сырым сені өлтірмесем кәпір болайын. Ұста, ұста арсызды. Мылтық әкел, ат итті! Өлтір осы жерде.

(Сырым жақындағандарға қанжар тосып қашып кетеді, бәрі артынан қуа жөнеледі)

Жабай:

  • Мына қызды да ұстаңдар табанын тіліп, күң қылыңдар. Бетін тіліңдер. (Шашынан тартып жұлмалай бастайды )

Қарагөз:

(көзі аларып, әрең сөйлейді)

  • Мен... мен... өлтір мені... мен әлдеқашан өліп қалғанмын, өлтір мені (екі жігіт қолын байлайды. Қарагөз жерге сұлқ құлайды)

Жабай:

  • Сырым жердің астына кірсең де табамын. Мына жүзі қарамен екеуіңді бірге өлтіремін. қоймаймын! Мылтық қайда?

Нарша жерге құлаған Қарагөзге тақап келіп:

  • Не болған мынаған. Көзі аларып кетіпті ғой...

Қарагөз: шашын жұлмалап:

  • Мен өлдім.... мен өлдім... аааа не болды? Бәрің неге шулап жүрсіңдер? Дулат неге ән салмайды?

Нарша:

  • Мынаған не болды? Жынданып кеткен бе? Иа, жынданып кетіпті көзі жаман.

Жабай:

  • Өлсін ол албасты. Оған неге жаның ашып келеді? Жынданған аз бұған. Табанын тіліп итке лақтыру керек. Алып жүріңдер қазір оған көрсетеміз.( бәрі шығып кетеді)