Секциясы: Құрылыс және коммуналдық шаруашылық
Зерттеу жұмысы
«ЭКСПО-2017» АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ «ШАҢЫРАҚ» ҚОНАҚ ҮЙІ
Раим Сұңғат
3 курс(мамандығы 0104000 «Кәсіптік білім беру» техник-құрылысшы)
«Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі»
Ғылыми жетекші: арнайы пән оқытушылары
Сахашева Д.А.
ОРАЛ 2014
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................3
Негізгі бөлім.....................................................................................4
1.1. «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызы мен міндеттері........4
1.2. «Шаңырақ» қонақ үйінің ерекшелігі................................6
Қорытынды......................................................................................11
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................12
Кіріспе
Мемлекетіміздің 22 жыл ішінде өркендеп дамуы экономикамыздың іргетасының берік өсіп, одан әрі оны жетілдіру болып табылады. Елбасы айтқандай өндіріс қуаттылығын сол аймақтың негізгі қоры мен инфрақұрылымын байланыстыру тиімді орналастыру болып табылады деген болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауында құрылыстағы жаңа технологияның маңызы мен баламалы энергияны пайдаланатын нысандарға ерекше тоқталып өтетін. Оны еліміздің экономикасының дамуының локомотиві деп, құрылыстағы жаңа технологиялар өндірісінің дамуына күн мен жел энергияларын пайдалануға бейімдеу керек деген. Күн мен жел энергиясын пайдалана отырып ұлттық нақышта салынған нысандар тек Астанаға ғана емес барлық қалаларға түгелдей көрік берері рас. Бүгінгі менің баяндамама негізгі тұздық болып отырған да осы тақырып. ЭКСПО-2017 көрмесінің біздің елімізде өткізілуі, күллі әлемнің назарын аударған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы таңдалып алуынуы жайдан жай емес.
Әлем өте тез, артқа қарап бұрылуға мұрсат бермес шапшаңдықпен өзгеруде. Осындай екпінмен жаhандану тамыр-таныстықты да, бәсекені тежейтін нарықтық емес тетіктерді де барған сайын ығыстыра түсуде. Дамудың аса маңызды шартының бірі – «жасыл» экономика десек, ол өз еліне артықшылық беру, экономиканың, бүкіл қоғамның осыған дайын болуы. Әңгіме баламалы энергияны пайдалану ,ұлттық нақыштағы ғимараттарды көптеп салу еңбекті тұтынуда және құндылықтарды тиісінше бөлуде, құрылымдық өзгерістулер туралы болып отыр. Осының негізінде Батыс қана емес, экономикасы өтпелі көптеген елдер өздерінің бұл саладағы бәсекелестік артықшылықтарын жедел қарқынмен нығайтуда. Бұл салада Қазақстанда қалыс қалған емес, бізде бей жай қала алмадық.
Негізгі бөлім
«ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызы мен міндеттері
Еркіндікті еншілеген егемендігіміздің тарихында көңіл марқаяр толайым табыстар толып жатыр. Шешендігі мен көсемдігі даугершілікте, батырлығы мен ақылдылығы жаугершілікте сыналып, қайратты қажырлылықпен қадамын нық басқан Алаш ұрпағы арманын аласартқан емес. Асыл арман ешқашан адастырған да емес. Тәуелсіздігімізге тірек, елдігімізге тілек, барша қазаққа жүрек болған Астанамыз мәртебемізді биіктетіп, айбынымызды асқақтатты. Алысты жақындатты. Қазақ Елін жатқа танытты. Таныта да бермек. Оның бір айқын дәлелі – бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі болмақ. Тілін тапсаң, табиғаттан асқан жомарт жоқ.Табиғат адамға емес, адам табиғатқа мұқтаж. Аспан мен жердің ортасында беймарал өмір сүрем десең күнді «көкелеп», желді «жәкелеп», суды «әкелеп» қызмет ету керек. Табиғат-ананың тілін табу да оңай емес. Ол басынғанды, тасынғанды, өктемсігенді қаламайды. Ысырапты тіпті жек көреді. Бірақ, «қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» дегендей, қойнауындағы ризығын адамзат баласынан аямайды. Еліміздің бас қаласы Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталуы бекерден-бекер емес. Ғасырлар алмасып, заман жаңарған сайын адамзат баласы өздеріне қажетті қуат көздерінің жаңа түрлерін игере бастайды. Соңғы жылдары елімізде Күн, Жел және Су әсерлері арқылы электр қуатын өндіру жұмыстарына ерекше назар аударыла бастады. Мамандар, «бұл, біріншіден, қоршаған ортаға мүлде зиянсыз десе, екіншіден, адамзат баласы үшін табиғат мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға жол ашылады» дейді. Шынында, жер бетіндегі тіршілік үшін жылуын аямайтын жомарт күннің қуаты арқылы үйімізді жылытып, жарықтандырып, тіпті, ас пісіріп дегендей, оны тағы басқа шаруаларымызға да оңтайлы пайдаланып жатсақ, несі айып?
Астанамызға баламалы энергияны түгелдей пайдалана алатын ұлттық үлгідегі зәулім ғимараттар салып қазақ екенімізді күллі әлемге жария қылу
ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі мақсаты.
Қазірше мына жайды қадап айтамыз: әлемдік туризм орталықтарының біріне әлдеқашан айналған, қазірдің өзінде халқының саны екі жарым миллионға жуықтаған, 163 қабаттан тұратын, биіктігі… 828 метрлік Бурдж Халифа сияқты көк тіреген керемет – әлемдегі ең зәулім ғимарат сияқты ғажайыптары ауыз ашқызып, көз жұмғызатын Дубай сынды қаланың кереметтері,әлемді таң қалдырған жас Астанамызға баламалы энергияны түгелдей пайдалана алатын ұлттық үлгідегі зәулім ғимараттар салып қазақ екенімізді күллі әлемге жария қылсақ несі айып. Шынында да, ЭКСПО өткізудің кезекті мандатына ие болу еліміздің, халқымыздың ірі жеңісі, Елбасының дәйекті саясатының, оның халықаралық жоғары беделінің нәтижесі. Осы арада мына жайтты да ерекше ескеру керек, елдердің бізге қолдау көрсетіп, сенім білдіруі Қазақстанның халықаралық аренадағы салмағының өсе түскенін көрсететін жарқын көрсеткіш.Бұл біздің елдігіміздің биік бір белесі, халқымыздың тамаша табысы, мемлекеттің мығымдылығы, Арқа төсінде Астанадай аяулы қаланы асқақтатып, әлемге әйгілі ететіні рас.Ұлттық үлгідегі ғимараттар Астанада жоқ емес, бірақ біз өз ойымыздан туындаған ұлттық нақыштағы қонақ үйімізді ұсынсақ дейміз.
1.2«Шаңырақ» қонақ үйінің ерекшелігі
Заман талабы дейік пе, әлде жаңа технология дейік пе, қалай айтсақта қателеспейтініміз рас. Жас өсіп жарлы байымайма,елу жылда ел жаңа деп ата-бабамыыз бекер айтпаса керек.Бүкіл елдің назарын аударған «ЭКСПО-2017» көрмесі біздің елімізде өтетініне бізде қуаныштымыз. Осы орайда қалыс қалмай өз жобамызды сіздің назарыңызға ұсынсақ дейміз.Мен білім алып жатқан мекеме экономика және ақпараттық технологиялар колледжі болғандықтан біз әр жобаның жаңа индустриалдығымен экономикалық тиімділігін үнемі бірге саралап жүреміз.Сондықтан мен ұсынған жоба экономикаға еш шығын келтірмейтін ақылды қонақ үй санатынан болмақ. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз: бөлмеңізге кірген кезіңізде автоматты түрде жарық қосылып, желдеткіш бөлмеде сізге қолайлы температураны ұстап, өз бетімен қосылып,сөндіріледі. “Ақылды қонақ үйдің” тарихы ХХ ғасырдың ортасынан бастау алады. Мұндай идея негізінен Германияда туындаған көрінеді. Өйткені, ол елде электр энергиясының құны тым қымбат болған. Яғни, бұл үйдің шығынын азайту мақсатында жасалған. Өздігінен ашылатын есік пен дыбыстың шығуына қарай жарықтың өшіп-сөнуі секілді технология көпшілікті бертінге дейін таңғалдырып келгені белгілі. “Ақылды қонақ үй” сізбен бірге оянып, барлық жүйелерді сәйкес режімге ауыстырады. Демалушыға барлық қолайлы жағдай жасау үшін автоматты түрде терезе шымылдығын ашып, ауа температурасын төмендетеді. Ал егер демалушы серуенге шыққанда “Ақылды қонақ үй” бөлмелердегі жарықты сөндіріп, есіктерді жабады. Ал күн батқанда есік алдындағы шам өзі жанып, күн шыққанда сөнеді. ХХІ ғасыр – жоғары технологиялар заманы деп бекер айтылмаған. «Шаңырақ» қонақ үйінің ерекшелігіде осында. Қазір Америка, Түркия және Еуропа елдерінде “Ақылды қонақ үй” орнату жаппай сипат алды, Қазақстанда қолдана білсе нұр үстіне нұр жауар еді. Ойлап көріңізші, қонақ үй сізге есік ашып, кешке шам жағып қарсы алып, таңертең бір пульттегі бір-екі түймешікті басуыңыз арқылы кофе қайнатып, өзіңіз ұнататындай етіп жылы су дайындай бастайды және сүйікті ТВ-арнаңызды қосып қояды. Осы күнге дейін тек қиял, арман болып келсе, енді қазір ол өмір шындығына айналды. “Ақылды қонақ үй” – қауіпсіз әрі жанға жайлы жағдайда өмір сүру үшін арнайы ойластырылған қонақ үйдің автоматтандырылған жүйесі. “Ақылды қонақ үй” тұрғызылатын болса, заманауи технологиялар қуат көздерін үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар әрбір қазақстандықтың бас ауруына айналған баспана мәселесін шешуге де ықпалын тигізбек. Батыстың мұндай қонақ үйлерi жайлы болғанымен, екiнiң бiрiнiң қалтасы көтере бермейдi. Әрине, жаңалық аштық деп айтудан аулақпыз. Біз бар идеяны жетілдіріп, Қазақстанның климатына бейімдедік. Кететін шығын көлемін азайтудың жолдарын таптық. Үйдің іргетасын құйған соң арнайы дайындалған қабырғаларын орнату арқылы үйді 2-3 есе тез тұрғызуға болады. Сондай-ақ электр қуатын үнемдеу мақсатында ғылыми жобамызда жарықтандыру шамдарын күн батареяларымен жел генераторымен байланыстырдық.Біздің колледжі бұл бұрыннан іске асқан жоба. 18 мың м
аумақты алып жатқан білім нысанын түнгі мезгілде жарықтандыру дәл осы күн батареяларымен жел генераторы арқылы іске асады. Сонымен қатар «Шаңырақ» қонақ үйінде демалушы белгілеген уақытта жарықты сөндіретін ажыратқыш, тікелей адамға әсер ететін инфрақызыл детектор, фотоэлемент сияқты энергияны үнемдеудің анағұрлым тиімді тәсілдерін енгізу қарастырылған. «Шаңырақ» қонақ үйінде сонымен қатар қабырғалар жылжымалы, жабын плиталары қазақи үлгіде жасалаған. Қазақстанның тұрғын үй қорының қазіргі жай-күйі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршау конструкциялары арқылы жылудың едәуір деңгейде ысырап болуымен сипатталады. Қоғамдық ғимараттар мен қалалық тұрғын үй қорының көпшілік бөлігі жылуды тиімсіз оқшаулайтын қоршау конструкцияларымен, жылумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған.Қазіргі тұрғын үй қорындағы болат арматурадан жасалған метал қаңқалы, ауыр және энергияны көп қажет ететін керамзит фракциялары бар түрлі бетондар пайдаланылатын сыртқы қабырғалар ғимараттың жылу тиімділігін айтарлықтай дәрежеде төмендетеді.Осыған байланысты, тұрғын ғимараттардың жылу тиімділігін арттыруға бағытталған, отындық-энергетикалық ресурстарды үнемдеп ғана қоймай, сонымен бірге өңірлерге әлеуметтік және экономикалық әсер ететін энергия үнемдеу құрылысын әзірлеп, оны іске асыру аса өзекті болып отыр. Құрылыста ресурс үнемдеу принциптерін іске асыру жаңа энергетикалық тиімді жылу оқшаулағыш құрылыс материалдары мен технологияларын, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым саласындағы конструкциялық шешімдерді қолдану дегенді білдіреді. Ресурс үнемдеудің қандай да бір әдістерін қолдану мүмкіндігі ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы бойынша анықталады.
Отындық-энергетикалық ресурстар шығысын азайтуға энергия үнемдеудің кешенді тәсілі арқылы, өңірлердің климаттық, техникалық-экономикалық, әлеуметтік және экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сәулет-жобалау және конструкциялық шешімдерді, сондай-ақ ғимараттардың инженерлік жабдығын жетілдіру есебінен ғана қол жеткізуге болады.
Жылу және энергия тиімділігі тұрғысынан алғанда, сыртқы жылуоқшаулағышы, желдетілетін және желдетілмейтін қасбеті бар, жеңіл жылуоқшаулағыш материалдар пайдаланылатын ғимараттар құрылысына көшу орынды болмақ. Тиімді қымтағыш ретінде көбікті полиуретаннан, көбікті полистиролдан, көбікті изолдан, минералды, шлак және шыны мақта мен талшықтан жасалған плиталарды, ұяшықты және жеңіл бетондарды, гипсті, құралатын термоқосымшалар және монолит түріндегі арболитті, құм және полистиролдан, перлиттен, вермикулиттен жасалған қиыршықтас түріндегі сеппелерді және т.б. пайдалануға болады.
Негізгі көтеретін конструкциялардың жылу ысырабын азайту үшін кеуекті құм бетондарды, сондай-ақ шлак негізіндегі жеңіл бетондарды және кремний өндірісіндегі қалдықтардан жасалған, керамзиттен 5 есе арзан жаңа қымтағышты пайдаланған жөн.
Қосымша қымтау кезінде қабырғаның біртекті конструкциясы көпқабаттыға айналады. Бұл жобалау сапасына және жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптарды күшейтеді. Өйткені қолданылатын материалдардың әртүрлілігі және көп болуы қымталатын конструкциялардың жылу қорғау қасиеттері мен пайдалану сенімділігін азайтуға алып келетін қателіктерге бой алдыру мүмкіндігін жеңілдетеді.
Соңғы 10-12 жыл ішіндегі әлемдік құрылыс тәжірибесінде сыртқы қоршаулардың тұтас қосымша жылу қорғанысын құрудың түрлі тәсілдерін әзірлеп, енгізу және бұрын салынған ғимараттардың сәулеттік келбетін жаңғырту кең етек алды. Көптеген шетелдік құрылыс фирмалары тиісті бұйымдар мен конструкциялар жиынтықтарын шығаруға маманданады. Құрылыс саласының осы бір жаңа тармағының дамуы, ең алдымен, тұрғын және басқа да ғимараттарды жылытуға жұмсалатын отындық-энергетикалық ресурстарды үнемдеу қажеттілігімен тікелей байланысты.
Біздің еліміздің жағдайында ғимараттарды жылытуға кететін шығындарды үнемдеу де маңызды. Қазіргі күні әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында энергия үнемдеу тұжырымдамасы мен бағдарламасы осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Алайда елімізде, ең алдымен, ірі панельді және ірі блокты ғимараттарды қосымша қымтау және гидроқорғау қажеттілігі осындай ғимараттардың айтарлықтай бөлігінің сыртқы конструкциялары қойылатын талаптарға жауап бермейтін, төмен, көбіне қанағаттанарлықсыз жылу-техникалық сипаттамаларға ие екендігіне негізделген. Салынған толықтай құралатын ғимараттардың бұл кемшіліктері мынадай бірқатар себептерге байланысты түсіндіріледі: үлгілік жобалардың жергілікті жағдайға, әсіресе, қатал климатты аудандарға; жылу-техникалық көрсеткіштері жобаларда көзделгеннен айтарлықтай төмен керамзитті бетон пайдалануға бейімделіп жасалмағандығы; панельдердің түйіскен жерлері үшін сенімді саңылаусыздандырғыш материалдардың жоқтығы, конструкцияларды дайындау және монтаждау сапасының төмендігі.
Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты, бұрын салынған ғимараттардың көпшілігінде сыртқы қоршаулардың термиялық кедергісінің қажетті шамасы қамтамасыз етілмейді. Сонымен бірге, ол қабырға панельдердің түйіскен жерлерінен су өтуі кесірінен қоршаулардың материалдары ылғалдануы нәтижесінде төмендеп кетеді де, бұл конструкциялардың тоңып, соңында мерзімінен бұрын бұзылуына алып келеді. Мұндай ғимараттарды жылыту отынды едәуір артық жұмсауды қажет етеді, алайда бұл шараның өзі де көбіне тұрғын үй-жайлардағы қалыпты жағдайды қамтамасыз ете алмай қалады.
Осыған байланысты, заманауи материалдарды, жабдықтар мен аспаптық-өлшеу құрылғыларын пайдалана отырып, ресурс үнемдеу технологияларын енгізу негізінде, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жылу қорғау тиімділігін арттыратын тұрғын ғимараттарды қосымша қымтаудың жекелеген жүйесі үшін физикалық-техникалық және конструкциялық-технологиялық негіздер әзірлеу өзекті және дер кезіндегі міндет болып отыр.
Құрылыс технологиялары сапасының проблемасына инженерлік-технологиялық, эстетикалық, пайдалану және экономикалық факторлардың түрлі сипаттағы аспектілері жатады. Құрылыс өндірісінің негізгі мақсаты – адамның толыққанды тұрмыс-тіршілігі үшін сапалы ғимараттар мен құрылыстар салу.
Құрылыс өнімінің сапасы пайдалану сенімділігін, экологиялық тазалық пен қауіпсіз, жайлы өмір сүру жағдайына кепілдік беруі тиіс.
Қорытынды
Мен өз жобамды қорыта келе құрылыстағы жаңа технологиямен баламалы энергияның маңызы мен міндеті туралы айтып өттім.
Жобамның негізгі мақсаты: қазір ғылым мен білімнің дамуы заманында жаңа технологиямен баламалы энергия маңыздылығын, соның ішінде ұлттық қонақ үйдің мағынасын ашу және «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсыну.
Жобанының міндеті:
Құрылыста баламалы энергияны пайдалану
Құрылыс саласының өркендеуін дамыту;
Көп қабатты ғимараттардың бой көтеруі;
Құрылыс шығынын қысқарту;
Жобаның өзектілігі: Бұл жобаны жүзеге асыру барысында мемлекет экономикасының өркендеуі, құрылыстың қарқынды дамуыту көзделуде.
Жобаның тиімділігі:
Біріншіден, құрылыс уақытын қысқарту,яғни құрылыстың күнтізбелік жоспарын азайту, жұмысшылардың уақытын тиімді басқару.
Екіншіден, жаңа технологияның маңызы. Көп қабатты ғимараттар салу.Бұл кранды пайдалану арқылы оны басқаратын жаңа мамандарды дайындау курстары ашылады.
Үшіншіден, әлемде жоқ биік ғимараттар негізі құрылады. Орал қаласында биік ғимараттар бой түзейді.Кезек күттіріп тұрған тұрғын үй мәселесі шешіледі.
Осылайша біз, құрылыстағы баламалы энергияны ќолдану жүйесін саралап көрдік. Талдап, талќыға келтіруді болашаќтың еншісіне ќалдырдыќ. Жобаға ќолдау табылып, ќаржыландырып жатырса мемлекет экономикасы үшін де, құрылыс саласы үшін де пайдасы зор.
Пайдаланган әдебиеттер:
Негізгі:
«Күн батареялары» газет журналдар
«Жел генераторы»ғылыми еңбектер
Қосымша:
«Ақылды қонақ үй»туралы мәліметтер
«ЭКСПО-2017» туралы мәліметтер
12