Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 30.10.18
Тәрбиеші: Абишева А.М.
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сауат ашу негіздері
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Ғ дыбысы және әрпі»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
3.Оқыту: «ғ» дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: жұмыс дәптері, әріп қималары.
Көптілділік: сызғыш-линейка, дауысты дыбыс-гласный звук.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші балалардың назарын тақтада ілініп тұрған әліпбиге аударады да, жұмбақ жасырады.
2. Негізгі бөлім:
Жұмбақ:
Көп әріп ішінде-
Шалғы пішінде.
Тап мұны, түсін де.
- Дұрыс таптыңдар, балалар, бұл «ғ» дыбысы. «Ғ» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен «ғ» дыбысы естіледі.
- Балалар, «ғ» дыбысын айтып көрейік
- «Ғ» дыбысы-дауыссыз дыбыс, әндетіп, созып айтуға келмейді.
- Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейтін едік?
- Дұрыс айтасыңдар.
- «Ғ» дыбысы бар сөздерді кім тез тауып айтады?
- Кәне, кім аға сөзін қима әріптер арқылы тақтаға жазып береді?
- Енді «ғ» дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай ағасын
Ағатай ағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
- Сызғыш сөзін буынға бөліндер.
- Дұрыс айтасындар.
Көптілділік: сызғыш-линейка, дауысты дыбыс-гласный звук.
Ғарыш-аспан әлемі.
- Балалар, буындардың жазылуын сызба түрінде былай көрсетеді (тақтада көрсетеді): сыз-ғыш.
- Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Сызғыш, сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- 6 дыбыс, 6 әріп бар.
С- дауссыз дыбыс.
Ы- дауысты дыбыс.
З- дауыссыз дыбыс.
Ғ- дауыссыз дыбыс.
Ы- дауысты дыбыс.
Ш- дауыссыз дыбыс.
2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.
- Екінші буын қай дыбыстан басталады? (Екінші буын «ғ» дыбысынан басталады.)
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді «ғ» дыбысының таңбасымен танысайық.
Тәрбиеші «ғ» дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсын.
Тәрбиеші тақтаға қысқа буындар жазып, балаларға оқытады: ҒА, ҒҰ, ҒЫ, ҒО, ҒӘ.
Сөздерді оқыту: АҒА, ҒАРЫШ.
(Балалар буындар мен сөздерді тәрбиешінің көмегімен оқиды.)
Дид./ойын:«Сөйлемдерді толықтыру»
Ойын шарты: балалар тәрбиешінің бастаған сөйлемін жалғастырады.
- Өзімнен үлкен бауырым- аға.
- Қыз құлағындағы әшекей - сырға.
- Ат тұяғындағы темір- таға.
- Қап-қара құс- қарға.
- Шегені қағатын- балға.
- Жарыста айғайлайтын сөз- алға.
- Шыр-шыр еткен- торғай.
- Мысықтың баласы- марғау.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі № 9 тапсырма орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3. Қорытынды:
- Қандай дыбыспен таныстық?
- «Ғ» дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздерде «ғ» дыбысы бар екен?