СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ересек топ конспектілері

Нажмите, чтобы узнать подробности

ересек топтарға арналған сабақ жоспарлары. қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Ересек топ конспектілері»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Менің балабақшам

Тақырыбы: Біреу –көп

Мақсаттар: Балаларды балабақшаның ішінде бағдарлай білуге үйрету.

Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы туралы түсінігін дамыту.

Міндеттер: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайу; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру,таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру,

Кіріспе бөлігі:  «Жұмбақтар жне оның шешуі» ойыны.

Педагог балаларға жұмбақтар жасырады. Тікен-тікен, тік пісте

Қысы-жазы бір түсте.

Көк жиекті шәй табақта

Алтын алма тербелер,

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер.

Қалпағы бар,

Басы жоқ.

Қолы да жоқ,

Шашы жоқ

Сыңар аяқ «көкеңнің»

Ойлап, тап, не екенін.

Негізгі бөлім: Дәптермен жұмыс.

Педагог 1 тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды

  • Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?

  • Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

  • Бір-бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.

Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай салыстыруды ұсынады. 2-тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылды. Педагог дәптерге орындау үшін мынадац тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол салыңдар.

Педагог балалардан «жолды қалай салдыңдар?» деп сұрайды

Сергіту минуты

Оңға қарай иілдік,

Солға иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

3-тапсырма 1 және 2 затты санауға байланысты берілген.

Пеагог балаларға сұрақ қояды

  • Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киі үй тұр?

  • Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?

  • Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?

Педагог балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

3-тапсырма

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Бұл орманның пішіні –

Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны,

Шығады тоқаш наны боп. Ол не?

  • Барлық шеңберлерді бояңдар.

  • Неше шеңбер боядыңдар?

  • Сендер бояған шеңбердің көлемі қандай?

Осы жерде педагог шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіне салады.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Шырша.

Күн.

Саңырауқұлақ.

Балалар сұрақтарға жауап береді;

шырша бүрі, кірпі,

Күн, саңырауқұлақ, шырша.

Балалар күнді, саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды.

Балалар үлкен кесе мен үлкен шәйнекті, кіші шәйнек пен кіші кесені сызық арқылы қосады.

Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар жұмбақтарды шешеді (дөңгелек), шеңберлерді бояйды және педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Соңғы бөлігі: Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Өзін-өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.

Педагог балаларға 1тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгңмен салыстырады. Егер балаланың жұмысы үлгңге сәйкес келетін болса, ол төменгң оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса – сары шеңбер, ал егер қате көп болса- қызыл шеңбер сызады.

Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Менің достарым

Тақырыбы: Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіру

Мақсаттар: 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тануға және атай білуге үйрету.Кеңістікте бағдарлауды дамыту.

Міндеттер: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайу; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру,таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру,

Кіріспе бөлігі:  Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық.Балалар, сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер? Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкөністр, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.

- - Біздің қолымызда неше жеміс бар? Олар көп пе әлде бірнешеу ме?

- - Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен?

- Қарбыз туралы не айтуға болады?

- Қарбыз нешеу екен?



Негізгі бөлім: Дәптермен жұмыс:

1 тапсырманы орындау.

- Балалар, жемістерді қызыл, көкөністерді жасыл, тәттілерді көк қарындашпен қоршап сызыңдар. Барлық қызыл түсті, барлық жасыл түсті заттарды атаңдар.

2 тапсырма:

Алма, алмұртты тиісті түстермен бояу

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

3 тапсырма:

- Сол жақтағы себетке көп алманы, оң жақтағы себетке бір үлкен алманы жапсырыңдар.







Соңғы бөлігі: - Бүгін қандай сөздер кездестірдіңдер?

- Жапсырманы қайдан табамыз?

Не үйреңдіңдер?





















































































Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Бір саны және цифры. Екі және цифры

Мақсаттар: Көрнекілік негізінде

7 санының (құрамымен) пайда болуымен таныстыру. Ойыншықтарды санату арқылы сану дағдыларын жетілдіру. Уақытты бағдарлауды дамыту: тәулік бөліктері, апта күндері.

Міндеттер: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайу; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру,таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру,

Кіріспе бөлігі

Таңғы жиын :

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнайды,

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлайды.

Жаңылтпаш

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім.
Тосын сәт: «Хат» келді.

Балалар бізге бүгін хат келіпті.Сол хаттың ішіндегі тапсырмаларды орындайық.

Негізгі бөлім: Есеп орталығы

Тапсырмалар:

Оң жақтағы кірпінің үстіне 1алманың, сол жақтағы кірпінің үстіне 2алманың суретін сал.

Топтастыру

2.Жұмбақ жасыру:

Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар

Атын оның атаңдар?

1.Шеңбер неге ұқсайды?

2.Ал енді алдымыздағы пішіндердің ішінен шеңберді көрсетейікші.

Дәптермен жұмыс

Бір-бірден ғана салынған суреттерді боя.

Д/О: «Кім жылдам»

Өзін-өзі бағалау.

Сергіту сәті.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Соңғы бөлігі: Балалар, біз қай орталықта болдық? Мұнда не үйрендік

Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма? Неліктен?





















Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Жиһаздар

Тақырыбы: 3 саны және цифры 4 саны және цифры.

Мақсаттар: 8 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.1-ден – 8- гедейінгі сандар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді дамыту. Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын жетілдіру.

Міндеттер:  Балаларға 4 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.

Кіріспе бөлігі:  

1.Өткен сабақты пысықтау
“Балық аулау”ойыны

0+3=
1+2=
2+1=
2 -1=
3- 0=
3- 2=

Ғажайып сәт: қоян келеді, менде төрт сәбіз болған, ал мен біреуін жоғалтып алдым. Балалар маған бір сәбізді тауып беруге көмектесесіңдер ме?

Негізгі бөлім: Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Бұл сан сендерге таныс па?
Онда бүгін 4 санымен танысамыз.

 2. Топтарға бөліну: әдеби,құрастыру, манипулятивтіккарточкалар арқылы

Әдеби орталығы:

Дәптермен жұмыс
Оқушыларға 4 саны мен цифрының таңбалану әдісін ұғындыру. 

«Мүсіндеу» орталығы

Тұзды қамырдан сәбізді мүсіндеу.

Математика орталығы:

Шулешка технологиясы: Аквариумдағы әріптер қандай пәтерде тұратынын анықтау.



Соңғы бөлігі:Кім жылдам?” ойыны

Қоян: рахмет балалар, маған сәбіз жасап бергендеріне

  • 4 санының құрамын табу, тура-кері санату

Мнемотехнологиямен қорытындылау

































Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Менің отбасым ,ата-аналар еңбегі

Тақырыбы: 5,6 сандары мен цифрлары

Мақсаттар: Көрнекілік негізінде

9 санының құрамымен таныстыру. 9 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға үйрету.Заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.

Міндеттер:  Балаларға 5, 6 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 5, 6 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 6 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.

Кіріспе бөлігі:  Армысын алтын күн.

Армасын жер – ана.

Армысын балалар.

Сәлеметсіз бе, апай!

Бүгін біз сендермен 5 санымен танысамыз.

Негізгі бөлім: -Балалар, 5 санының төменгі жағы дөңгелекке, жоғары жағы ілмекке ұқсайды.

Ол қандай сан екен?

Ол қандай саннан кейін тұрады?

Түра және кері санау. (1-5, 5-1)

Таяқшаны пайдаланып, үлгі бойынша үй, жалауша құрастыру.

Сергіту сәті

Бір — таңертең тұр.

Екі — шыныгып, бекі.

Үш — тазала тіс.

Төрт — сабындап жу бет.

Бес — сүртін тез.

Д/о «Осындай затты тап» геометриялық пішінді үлгімен салыстыру.

Соңғы бөлігі: Біз бүгін қандай санмен және цифрымен таныстық. Неге ұқсайды?.

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Менің көшем

Тақырыбы: 7,8,9 сандары және цифрлары

Мақсаттар: 10 санының құрамыментаныстыру. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға үйрету. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруды жетілдіру.

Міндеттер:  Балаларға 7,8,9 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 7,8,9 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 9 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.

Кіріспе бөлігі:  Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз арайлап атқан күнге

Всем всем добрый день!

Здравствуй солнце золотое

Здраствуй матушка земля

Гуд монинг гоулд сан

Гуд монинг дия гестс

Гуд монинг май френдз

Уи уине ю ол зэ юэсте

Негізгі бөлім: -Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Аттарын атайықшы?

Балалар біз қыс айында қандай мерекелер өткіздік?

Балалар бізде қазір математика сабағы.

Біз өткен сабағымызда қандай сандармен таныстық?

0,1,2,3,4,5,6

Балалар біз 0 ден 6ға дейінгі сандарды санай да аламыз жаза да аламыз

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: 7саны. Яғни біз бүгін 7 санымен танысамыз.

7саны қасиетті сан.7қазына, 7 шелпек, 7 ата, 7 қарақшы жұлдыз, 1аптада 7 күн, кемпірқосақ түсі 7і бояу

Тапсырмалар 1-тапсырма: Анаграммалық жұмбақ

Ағам бізді жинады

Сегіз қолғап сыйлады

Қамқор болған ағамыз

Біздер қанша боламыз?(4бала)

Табақта бес алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?(7алма)



Алдында үш балапан

Артында үш балапан

Ақ тауық пен балапан

Айтшы соны балақан (сегіз)



Дәптермен жұмыс

7санын ауада сосын дәптерге жазу



Сергіту сәті

1,2,3 – ал қанекей ұш

4,5,6,7 – мынау ауыл шеті

8,9,10 – ал қайтадан қон

Асықпа да, саспа

Бірден қайта баста.



Ойын: «адасқан санды ретімен қой»

Соңғы бөлігі: Балалар бүгін бізге қонаққа кім кеді?

-біз бүгін қандай санмен таныстық?

-Аптада неше күн бар?

-сендерге бүгінгі сабақ қызықты болдыма?




















Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: 10 саны

Мақсаттар: Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдана білуге үйрету. Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Айналадағы заттардан сопақша пішінді заттарды таба білуге үйрету.

Міндеттер:  Балаларға 10 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 10 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 10 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.

Кіріспе бөлігі:  - Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.

  • Балалар үстел басында тұрып, қонақтарға қарап

Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып,

құтты қонақ келіпті, төрге міне еніпті,

сәлемдесу үлкенге,тәрбиенің басы ғой.

Сәлеметсіздер ме апайлар! Здравствуйте!

Good moning!

(Барлығы орындарына отырады.)

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме , құрметті қонақтар! «Білімділер клубына » қош келдіңіздер !

Өз білімдерін ортаға салатын үш топпен танысайық .

Бірінші топ: «Алғырлар»

Екінші топ: «Білімпаз»

Үшінші топ: «Тапқырлар»

Негізгі бөлім: Балалар бүгінгі біздің ойынымыз бес кезеңнен тұрады. Әр кезеңде 1 тапсырма болады. Тапсырманы дұрыс орындаған топ ұпайларға ие болады. Ал ,енді «Атына заты сай » деген үмітпен ойынды бастаймыз.

І-кезең. Блиц-турнир

1.Бір жылда неше жыл мезгілі болады?

2.Бір аптада неше күн бар?

3.Төртбұрышта неше бұрышы бар?

4. Қандай геометриялық пішіндерде не басы не соны жоқ?

5. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

6. 5 саны мен 7 санын арасында қай сан бар?

7.Заттар өзара бірдей болғанда, қандай амал қолданамыз?

8.Тоғыз саны қанша бірліктен тұрады?

9.Бір санңан екінші санды алу үшін қандай амал қолданамыз?

10.Бір таңбалы санңын ішіңде ең үлкені қандай сан ?

Соңғы бөлігі:  Әр топтың ұпай санын есептеу. Жеңімпаздарды анықтау. Меңгерген білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар. Алдыларыңда тұрған жасыл, қызыл және сары жапырақтарды мына ағашқа ілесіңдер. Кім бүгінгі ұ.о.і.ә.өте жақсы білсе ол жасыл жапырақты іледі,орташа түсінген бала қызыл жапырақты,ал кімоқу іс-әрекетінде  ештеңе түсінбедім деген бала сары жапырақты іледі. Сөйтіп балалар өздерін бағалайды.

Балалар, шаттық шеңберге тұрып ұ.о.і..ә аяқтаймыз.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар!

До свидания!

Bay bay!!!




























Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Алтын күз

Тақырыбы: : Заттарды өлшемі бойынша салыстыру.

Мақсаттар: Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттер:  Балаларға 10 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 10 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 10 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.

Кіріспе бөлігі:  Шаттық шеңбері: Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін айту.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

2.Өткенді қайталай:

-1-ден 10-ға дейін тура,кері санау.

Негізгі бөлім: -пішіндерді қайталау. Олардың қасиеттері дәлел-деу.

-суреттерден пішіндерді тауып атау.

-заттың қасиетін анықтау.

-Кеңестікті бағдарлау.

-Уақытты бағдарлау

3.Жаңа тақырып:дәптермен жұмыс

№1 тапсырма: Суретті құрастыруЖапсырма жұ-мысын орындау.

№2 тапсырма: №1 тапсырмадағы жұмысты қатыс-тыра отырып орындау.

№3 тапсырма:машиналардағы тең келетін пирами-даларды таңдап,бояу.

№4тапсырма:Ұяшықтардағы заттарды санау.

4.Сергіту сәті:

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киіміміз,

Өзіміз жуып аламыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз.

Біздің қолда он саусақ,

Барлық іске жарамды.

Дидактикалық ойын: «Салыстыр»

Шарты:салыстыруға арналған тапсырма.

Соңғы бөлігі:  Қортындылау

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Заттың қасиеті дегенді қалай түсіндіңдер?

-Кеңестік дегенді қалай түсіндіңдер?

-Қандай фигуралармен таныстық?

-Балалардың жауаптарын бағалау.



































Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Дені саудың жаны сау

Тақырыбы: Ұзындық.Шартты өлшеуішті пайдаланып заттарды ұзындығына байланысты салыстыр

Мақсаттар: Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуді дамыту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттер:  Балаларға 10 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 10 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 10 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.

Кіріспе бөлігі:  Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Негізгі бөлім: Оқушылар сабақ барысында заттарды беттестіру тәсілімен және әркелкі өлшем бірліктерімен ұзындықтарына қарап салыстыруды үйренеді.

Оқушылар ағаштар мен ғимараттардың биіктіктері де, адамның бойлары да ұзындыққа жататынын түсінеді. Оқушыларға екі жолақты ұзындықтарына қарап салыстыруға ұсыныс жасаңыз және біріншісі екіншісінен қысқа екенін анық көре алатындай жолақтарды көрсеу керек. Оқушылар бір жолақ — ұзын, екінші жолақ — қысқа деп жауап бере алады. Қай заттың ұзын, ал қай заттың қысқа екенін көзбен көре алмаған жағдайда не істеу керек екенін оқушылардан сұрау

. Шалбарға арналған екі белбеуді көрсетіңіз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Олар тиімді ұсыныс айтуы мүмкін. Содан кейін екі оқушының көмегімен беттестіріп салу тәсілін көрсетіңіз. Белбеулерді бірінің үсті-не бірін, бір ұшы бір-бірімен сәйкес келетіндей етіп салыңыз. Ұзындықтарына қарай белбеулердің айырмашылығын тіркеңіз. Ал белбеулердің екінші ұшының сәйкес келмейтінін көрсетіңіз. Бұл нені білдіретінін сұраңыз, жауаптарын тыңдаңыз (бір белбеу — ұзын, екіншісі — қысқа).

Соңғы бөлігі: Топпен жұмыс.

Оқушылар суретке қарап ненің ұзын екенін анықтау ұсынылады. Мойыншақпа әлде таяұша ма. Тапсырманы орындаку барысында оқушылар екі заттың ұштары бір-бірімен дәл келетініне назар аудару қажет. Оқушыларға шешу қиын, мысал көрсетіледі

Сыныпта ең ұзын және ең қысқа заттар ата.