Просмотр содержимого документа
«Эссе мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме»
Астана қаласы
№14 мектеп-гимназиясының
7 ғ сынып оқушысы
Шахдорхонова Айнура
Мұғалімі: Нурымбаева
Сандугаш Калдарбековна
Эссе
Тақырыбы: Мектеп – білім айдынындағы улкен кеме
Бұрынғылар «Адамзат баласының бұл өмірде үш түрлі міндеті болады» деген екен. Оның біріншісі - ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру, екіншісі – ұстаздық қылып, шәкірт баптау, үшіншісі - ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету. Бұл орайда, тәлім-тәрбие - ата-анадан, оқу мен білім - ұстаздан, ал қоғамға қызмет ету - баршамызға ортақ парыз болса керек. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы қағидалар. Ілім мен ғылым - бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Бұл орайда, Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөзі еске түседі. Осы бір аталы ұғым біз үшін әрқашанда басты ұстаным болуы шарт.
Бүгінгі мектеп оқушылары, ел тізгінін ұстар - ертеңіміз. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші де осылар. Білімнің дамуы - бұл қоғамның алға жылжуы, адамзат өркениетінің өнегелі өлшемі. Сондықтан 21 ғасырда кез келген елдің көзіне қарақ, көкірегіне шырақ болатын да, қоржынын қампайтып, қалтасын томпайтатын да - білім. Ал білімнің қайнар көзі - мектеп.
Өздеріңізге мәлім, Елбасының назарынан білім-ғылым саласы еш уақытта тыс қалған емес. Елбасының халыққа Жолдауында да «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың білімі мен білігіне байланысты» екені атап айтылған болатын.
Бүгінде мемлекет қолдан келген мүмкіндіктің барлығын да жасап келеді. Бұл солай болуы да тиіс. Себебі ұрпақ білімі үшін жұмсалар қаржы мен қайрат - ең қайтарымы мол, қайырымы кең игі шара екені белгілі. Бұл болашақ үшін салынған ең маңызды да мағыналы инвестиция. Өйткені, мемлекетіміздің келешек экономикалық, әлеуметтік, рухани даму нәтижелері, өрлеуі мен өркендеуі бүгінгі мектептерде қалыптасып жатыр. Бұл жерде ең алдымен оқытушы бейнесі, ұстаз болмысы - үйретуші ғана емес, тұла бойы тәлімді тәрбиеге, өрелі өнегеге толы тағлымды жан. Ол болашақ қоғамның бет-бейнесін қалыптастырар бірден-бір тұлға. Ұрпағымыздың ертең қандай адам болуы - мұғалімдердің бүгінгі арқалар жүгі болмақ.
Сөз жоқ, егер мұғалім өз бойындағы жақсы қасиеттер мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіре алса, ол - кемел ұстаз. Біз осы бір қарапайым қағиданы қай кезде де жадымыздан шығармауымыз қажет.