Просмотр содержимого документа
«Этнология және этнография курсы бойынша қысқаша глоссарий»
Глоссарий
Абориген – байырғы тұрақты тұрғын.
Адаптатция (бейімделу) – адамдардың жаңа этникалық ортада өмірге бейімделуі, немесе осы ортаның экономикалық және әлеуметтік салаларында солармен өзара қатар өмір сүру.
Аккультурация – мәдениеттердің бір-біріне сіңісу үрдісі.
Антропогенез – антропология бөлімі, адамның шығу тегін зерттейді.
Аппартейд – бір рассалық топтың екінші топқа жүйелі түрде жою мақсатында үстемдік ету формасы.
Билингвизм – бір мемлекеттің халқы қос тілде сөйлеп іс-қағазын жүргізуі.
Геноцид – қандай да болмасын ұлттық, этникалық немесе діни топтарды толық немесе жарым-жартылай жойып жіберу.
Диффузия (араласу, сіңу, кірігу) – физикадан алынған ұғым.
Дискринимация – мәдени белгі, рассалық түр сипаты, этникалық шыққан тегі, діни сеніміне қарай адамдар тобын шектеу.
Интеграция (бірігу) - әртүрлі этностардың негізгі этникалық белгілерді сақтай отырып, этникалық мәдени байланыс орнату үрдісі.
Консолидация (нығайу) – біршама тәуелсіз халықтардың және олардың, әдетте, тілі және мәдениеті бойынша туысқан, біріңғай, тұтас этникалық ортақққа қосылу үрдісі.
Релятивизм – барлық моральдық белгілердің салыстырмалы екендігі және әр түрлі халықтардың мәдени байлықтарының салыстыруға келмейтіндігі жөніндегі ғылым.
Сегрегация – рассалық немесе этникалық белгісіне қарай жеке тұрғындар тобын күштеу арқылы этномәдени изоляциялау.
Табиғи ассимиляция – бір-бірінен пайда болуы, мәдениеті және тілі
жөнінен ажыратылатын этностардың этникалық арақатынастар үрдісі.
Урбанизация - өнеркәсіпті және халықты ірі қалаларға жинақтау бағыты.
Этникалық азшылдық – мемлекеттік құрылымдары жоқ, демографиялық потенциялы нашар, саны аз халық. 50 мың ға дейінгі саны бар аз этнос.
Этникалық сепарация – негізгі этностан, әдетте, оның шағын бөлігі бөлініп шығады, ол бөлік уақыт өте жеке тәуелсіз этносқа айналады.
Этникалық парпарация этнос азды-көпті бірнеше бөлімдерге бөлінеді, сонымен бірге жаңа этностардың бірде-бірі өзін бұрынғы этноспен бірдей деп санамайды.
ЭӘҰ – этноәлеуметтік ұжым.
Этнос – белгілі аумақта тарихи қалыптасқан, тілінде, мәдениетінде, психикасында, сана-сезімінде тұрақты ерекшеліктері бар адамдар жиынтығы.
Этногенез – этностың пайда болуымен дамуы, құлдырауы.
Этнография – дүние жүзіндегі халықтардың пайда болу мәселесін, мекен-жайын, тұрмыстық және мәдени ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.