Тақырыбы: «Ғажайып физика» (интеллектуалдық сайыс сабақ)
«Ғажайып физика» атты сайыс сабағын өткізу үшін 9 сынып оқушыларынан 2 топ құралады. Әр топтың аты болуы керек. «Білгірлер» және «Ғалымдар»
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл ойының,шығармашылығының дамуына жағдай жасау
Тәрбиелік: Ойын барысында оқушылардың физикалық терминдерді қолдану мәдениетін, сауаттылығын қалыптастыру, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың өту барысы:
І.Кіріспе бөлімі
ІІ.Негізгі бөлім
1 кезең: Бәйге “Логикалық сұрақтар”
2 кезең: Полиглот “Жеті жұрттың тілін біл”. Сұрақтың жауабын үш тілде айту
3 кезең: Ғалымдар “Физик ғалымдар”. Ғалымдар туралы сұрақтарға жауап беру
4 кезең: Жорға “Сиқырлы текше”. Сыйқырлы текше ішіндегі сұрақтарға жауап.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз.
І.Кіріспе бөлім
Физика табиғаттың тілдесер үні екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғынды, алдыңды орап,
Артыннан қалмайды екен тірі де ол.
Солған ән,айтылған сөз,ішілген ас,
Бәрінің бағынары осы екен ғой.
Сондықтан табиғаттың сыры терең,
Деушіге оқып,зерттеп,көрем білем.
Демеңіз болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем - деген өлең жолдарымен бүгінгі кешімізді бастаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім
1 кезең. Логикалық сұрақтар. Әрбір топқа он оннан сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балл.
1 топ
1. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? (3 кг)
2. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (Есіміміз)
3. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? (Өмір)
4. Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? (Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен)
5. Қай айда 28 күн бар? (Барлық айда)
6. Мені ешкім түсінбейді, неге? (Өйткені ол ешкі ғой)
7. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? (Адам)
8. Лимонның жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
9. Король кімнің алдында тәжін шешеді? (Шаштараздың)
10. Суды елекпен қалай тасуға болады? (мұз қылып қатырып)
2 топ
1. Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
2. Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді? (Сөздікте)
3. Итпен биттің айырмашылығы неде?
(Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.)
4. Құлақ не үшін керек? (Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
5. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? (Жол полициясы)
6. Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? (Ұзынағашта)
7. Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? (Сіріңке)
8. Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін сөндірсек қаншауы қалады? (Үшеуі қалады, қалғандары жанып, таусылып жоқ болады)
9. Үйдің ең суық жері? (Сырты)
10. Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні болмайды).
2 кезең: Полиглот. “Жеті жұрттың тілін біл”. Сұрақтың жауабын үш тілде айту. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балл.
1 топ
1. Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама
Жауабы: Энергия, energy
2.Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады?
Жауабы:Материя, matter
3.Траекторияның ұзындығы не деп аталады?
Жауабы: Жол, дорого,road
4.Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Жауабы.Күш, сила,strength
2 топ
5. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы
Жауабы: Диффузия, diffusion
6.Жердің жалғыз серігі
Жауабы.Ай, луна, moon
7.Зат бөлшектерінің табиғатынан бөлек табиғаты ерекше бөлшектер ағыны
Жауабы: Жарық.свет, Iight
8.Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі
Жауабы:Күн. Солнце, sun.
3 кезең: “Физик ғалымдар” . Ғалымдар туралы сұрақтарға жауап беру.
Ғылымда түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры бар ғой. Мысалы бір күні әйгілі физик Резерфорд лабораториясынан шәкіртін кездестірді.
Шәкірті тәкапарланып:
Жұмыс жасап жатырмын – депті.
Сіз күндіз не істедіңіз?
Жұмыс істедім, - депті шәкірті.
Ал ертеңгісін ше?
Жұмыс істедім.
Шыдамы жетпеген Резерфорд – сонда сіз қай кезде ойланасыз? – депті.
Ал біздің ойыншыларымыз қаншалықты ойшылдарды таба алады екен? Сұрақтар ортақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 15 балл.
1 топ
1.Ол бірінші ғалымдардың арасында соғысқа қызмет еткен құрбандыққа шалынған ең бірінші ғалым?
Жауабы: Архимед
2.Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі» деген ғалым
Жауабы: М.В.Ломоносов
3.Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном
Жауабы: Галилео Галилей
4.Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон
2 топ
5.«Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай,үйде отырып-ақ қалам ұшымен дәлелдеген» ғалым
Жауабы: Исаак Ньютон
6.Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім?
Жауабы: Э. Резерфорд
7.Физика табиғат туралы ғылым ретінде сөздің ғылыми мағнасын байытудатарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз
Жауабы:Әбу насыр әл-Фараби
8.Тірі адамның қаңқа бөліктерінің құрылуын бірінші болып көрген кім?
Жауабы: Вильгелм Конрад Рентген.
4 кезең: Жорға“Сиқырлы текше”. Сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, әр дұрыс жаупқа 10 ұпай.
ТАБИҒАТ
10. «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия)
20. Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп)
30. Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық)
40. Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз).
ТЕХНИКА
10. Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (3 кг)
20. Ең алғаш рет қыздыру шамын 1872 ж. Санкт-Петербургте кім ойлап тапты. (А.Лодыгин)
30. Оқушы рюкзагының белбеуі неге жалпақ? (Жалпақ белбеу денеге қысымды аз түсіреді)
40. Оттағы шәйнек неге ызылдап әндетеді? (ауа көпіршіктерінің су жылығанда ұлғайып, түбінен қопарылып жоғары көтеріле бастаған қозғалысынан ызыл туады)
ҚҰБЫЛЫС
10. Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебін түсіндіріңдер (сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады, сондықтан ұстап тұру қиын)
20. Мылтықтан атылған оқ піскен жұмыртқаны тесіп өтіп кетеді. Ал,шикі жұмыртқаға оқ тисе не себепті быт-шыт болып жарылып жан-жаққа ұшып кетеді? (Паскаль заңы орындалады)
30. Судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма? (таяз жерінде ауырдады, терең суда тас ауыртпайды себебі суда адамды көтеру оңай. Архимед күші әсер етеді)
40. Бөлмеде отырып ауаның қысымын неге сезбейміз? (Сыртқы ауа мен адамның ішкі қысымдары тең)
ІІІ. Қорытынды бөлім
Әділ қазыларымыз қай топ жеңгенін анықтағанша, сіздерге ғалымдар өміріндегі қызыкты оқиғалар туралы айта кетейін.
Бүгінгі сайысымызды мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялар мен аяқтағым келіп тұр.
1.Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты.Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмысістеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты.Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты.Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жіберіпті: «Өкінішті – ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жәберуде көп жұмыс туғызады.Сондықтан сізден сұрарым,ең оңайы,маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз»
2.Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен.Біркүні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті: «Мырзалар!Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хатты оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
3.Кирхгоф өзінің жұмысында «Күнде алты барын байқадым» депті. Тыңдап отырғандардың бірі «Мұндай жаңалықтан не пайда, бәрібір ала алмаймыз» деген. Біраз уақыттан кейін осы ашқан жаңалығына алтын медаль берген. Сонда «Міне,мен күндегі алтынды алдым» депті әзілдеп.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен жеңімпаз топты жариялаймыз. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Хош сау болыңыздар!