СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Географиялық алаң

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, жаңаны білуге қызықтыру, географиядан алған білімдерін ортаға салу және шапшаңдыққа үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Географиялық алаң»

И. Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты


 

«Бекітемін»

Мектеп-интернат директоры: Л. А. Касымбекова

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Ж. Байдабекова











Географиялық алаң

(интеллектуалды ойын)







 

Күні: 30. 01. 2019ж

Уақыты: 14.15

Сыныбы: 10-11 - сыныптар

Өтілетін орны: мәжіліс залы


  География пәнінің мұғалімі:

Ф.Б. Ниетбаева



Сабақтың тақырыбы: «Географиялық алаң» (интеллектуалды ойын) Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, жаңаны білуге қызықтыру, географиядан алған білімдерін ортаға салу және шапшаңдыққа үйрету.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Географиялық алаң» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер. Сайысқа 10-11-сынып оқушылары қатысады.

Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Мектеп-интернат директоры – Л. А. Касымбекова
2. Оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г. Ж. Байдабекова
3. Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі және математика пәнінің мұғалімі – Р. Т. Абдуллаева

4. Мектеп-интернат психологы – Д. Үсенбаева

5. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі- Нұрмағамбетова Г.

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Зымыран сұрақтар

  3. Географиялық ассоциация

  4. Өз өнерін көрсету

  5. Интеллектуалды жекпе-жек (капитандар сайысы)

  6. Елтану

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз.

1-кезең. Таныстыру.

Топтардың өзін-өзі таныстыруы ( топ аты, ұраны, эмблемасы, сайысқа дайындығы, топ жетекшісі)
2- кезең. Зымыран сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай

І топтың сұрақтары

1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)

2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)

3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (шаш гигрометрі)

4) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)

5) Жердің тас қабаты (литосфера)

6) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)

7) Ең биік тау (Гималай)

8) Германияның ақша бірлігі (еуро)

9) Тіршілік қабаты (биосфера)

10 Үндістан астанасы (Дели)

11) Васко – до – Гамма кім (саяхатшы)

12) Жер серігі (ай)

13) Қазақ елінің діні (Ислам)

14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында (9)

15) Қырғызстанның ақша бірлігі (сом)

16) Ең кіші материк (Аустралия)

17) Суық материк (Антарктида)

18) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)

19) Мойны ұзын жануар (керік)

20) Ресейдің президенті (Владимир Путин)


ІІ топтың сұрақтары

1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)

2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)

3) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)

4) Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)

5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)

6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)

7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)

8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)

9) Су қабаты (гидросфера)

10) Канаданың астанасы (Оттава)

11) Ливингстон кім? (саяхатшы)

12) Емен қанша жыл жасайды? (2000 жыл)

13) Ең көп таралған дін (христиан)

14) Ең үлкен арал (Гренландия)

15) Муссон деген не? (жел)

16) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)

17) Ең үлкен материк (Еуразия)

18) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Париж)

19) Ең кішкентай құс (колибри)

20) АҚШ – тың қазіргі президенті (дональд Трамп)


3- кезең. Географиялық ассоциация

Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай


1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.

Цунами

2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.

Дүние жүзілік су айналымы

3. Ессентуки, Анталия, Майами.

Курортты жерлер

4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.

Астаналар

5. Теңіз, көл, өзен.

Су қоймалары

6. Игуасу, Анхель, Виктория

Сарқырамалар

7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия

Жылы ағыстар

8. Мариана, Ява, Пуэрто - Рико.

Шұңғымалар

9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю

Аралдар

10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.

Таулар


ІІ топқа:

1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.

Айсберг

2. Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра

Сарқырама

3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.

Желдер

4. Гвинея, Бискай, Парсы.

Шығанақтар

5. Гоби, Сахара, Такла - Макан, Тар

Шөлдер

6. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай

Өзендер

7. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория

Көлдер

8. Тайга, саванна, тундра

Табиғат зоналар

9. Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген, Каир

Астаналар

10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар

Бұғаздар

4-кезең. Өз өнерін көрсету (Әр топ өз өнерлерін ортаға салады)

5-кезең. Интеллектуалды жекпе жек (капитандар сайысы)
16 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезек-кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез - тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Ең ұзын өзен? Ніл
2. Ең жүйрік аң? Гепард
3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы
4. Ең суыққа төзімді құс? Пингвин
5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхиты
6. Ең үлкен арал? Гренландия
7. Ең терең көл? Байкал
8. Ең биік шың? Эверест
9. Ең биік сарқырама? Анхель
10. Ең қалың мұз жамылғысы? Вилкес жері ( Антарктидада)
11. Ең құрғақ жер? Атакама шөлі
12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз
13. Ең биік тау көлі? Титикака
14. Ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз
15. Ең үлкен архипелаг? Индонезия
16. Ең терең шұңғыма? Мариан

6-кезең. Елтану

Мемлекеттің тулары кезекпен-кезек көрсетіледі.Дайын топтар тудың қай мемлекетке тиесілі екендігін тауып,астанасымен бірге атаса,толық ұпайға ие болады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.


     


   


Жұмбақ сауалнама. (Көрермендермен ойын)
1. Бөлінген екі елге,
Халық бар азиялық шетелде.(Солтүстік, оңтүстік Корея)
2. Жер бетінде халқы көп,
Кім айтады елді дөп. (Қытай)
3. Шығыс Азиялық мемлекет,
Тұрады 5 мың аралдан.
Әлі күнге пират көп,
Қажетін тонап таба алған.(Индонезия)
4. Өзі - қала, ел - өзі, дамыған үлгі үрдісі.
Азиялық болса да, Еуропалық тұрмысы.(Жапония)
5. Мұсылман үшін қасиетті, дінінің туған жері еді.
Мұнайда қалқып байыған, бұл арабтың қай елі. (Сауд Арабия)

Қорытындылау:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз. Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, қорытындысын шығарады. Жеңімпаз топ марапатталады.

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Биік-биік асулардан көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз.