Авторлық бағдарламаның тақырыбы:
GRAMMATICAL FEATURES OF THE ENGLISH LANGUAGE
Ержанова Рима Ануаровна
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Мырзабек Дүйсенов атындағы жалпы білім беру №15 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Аннотация
Қазақстан Респбуликасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрықтың 15-қосымшасы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 сәуірде №34217 болып тіркелген құжатын басшылыққа ала отырып, авторлық бағдарлама жасалынды.
«Grammatical features of the english language» атты авторлық бағдарламасы, грамматикалық сауаттылықты орнатуға көмек ретінде мектеп оқушыларына арналған. Бұл курсты оқу оқушыларға жоғары талап деңгейінде жұмыс тәжірибесін алуға, білім алу жағынан өз мүмкіндігін бағалауға, оқушылардың оқу уәжін дамытуға көмек тигізуде көкейкестігі көзделеді. Курс аясында алған білімдері шет тілін білуді талап ететін кез келген салада ағылшын тілін әрі қарай меңгеруге пайдалы болады.
Ағылшын тілі – қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Әлемдік өркениетке ілесуі біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды. Шетел тілін оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгерту ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.
Grammatical features of the english language» атты авторлық бағдарламасында грамматикалық, ережелер мен құрылымдарды сауатты қолданып, оқушыларға қазақ тілінің негізінде шетел тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс, еркін баяндай білуге дағдыландыру сияқты іскерлік дағдыларын қалыптастыруға және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамытуға ықпалын тигізеді.
Ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы басқа да көптеген белгілердің болуымен сипатталады: көсемшелердің көп мағыналылығы мен түрленуі, субъектіні предикат етістігімен дұрыс үйлестіру қажеттілігі, бір болымсыздықты қолдану және т.б. Нормаларды жүйелі түрде зерделеу, оларға тән бірнеше ерекшеліктерді ескере отырып, шет тілін меңгеруге және кез келген лексикалық құрылымдарды дұрыс түсіндіруге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның өзектілігі:
Бұл материалдың мақсаты оқушыларға шартты сөйлемдердің негізгі түрлерін түсінуге және оларды сөйлеу мен жазуда дұрыс қолдануды үйренуге көмектесу болып табылады. Материалды оқу барысында оқушылар шартты сөйлемнің әр түрінің ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды қолдану мысалдарын біледі. Оқушыларға ағылшын тілінің грамматикасын үйрету, ағылшын тіліндегі грамматикалық ережелерді ескере отырып, грамматикалық айтылымдар мен құрылымдарды сауатты пайдалануға машақтандыру болып табылады.
Бұл бағдарлама оқушыларға грамматикалық талдаулардың әртүрлі түрлерін сенімді түрде қолдануға көмектеседі және грамматиканы үйрену процесін қызықты әрі түсінікті етеді деп күтілуде.
Бұл бағдарламаны жасаудың негізгі мақсаты жалпы білім беретін мектепің орта буын оқушыларының тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, құрамында ағылшын тілінде грамматикалық түсініктімелер, жаттығулар, сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін арттыруға шумақ өлеңдер, логикалық тұрғыда дамытуға түрлі тақырыптағы тапсырмалар енгізілген. Жұмыс барысында оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуге, жоба жұмыстарын қорғау барысында бір-бірлерін бағалап, талдауға дағдыланады. Бағдарламаның тиімділігі оқушыны жан жақты дамыту болып табылады. Әрбір алынған тақырып оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жасалған.
Білім алушылардың ағылшын тілінің грамматикасын оқуға деген ынтасын арттыру.
Авторлық әзірлеменің олардың оқуына оң әсерін көрсететін білім алушылардың пікірлері мен реакциялары.
Бағдарлама 9-сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаның қажеттілігі оның оқуы оқушыларға өзінің әлеуетін білім беру тұрғысынан бағалауға көмектесетіндігінде.Бұл курс оқу процесін дараландыруға ықпал етеді. Ол оқушылардың ағылшын тілін меңгерудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Курс ағылшын тілінің грамматикасын білуді кеңейтеді және тереңдетеді, қызығушылықты сақтайды, болашақ мамандығы үшін оны одан әрі оқу қажеттілігін сезінеді, ынтасын арттырады. Курсты оқу 8 - сыныпта 34 академиялық сағатқа есептелген.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Оқушылар ақпаратты оңай игере алатындай етіп материал құрылымдалған және логикалық түрде ұйымдастырылған болуы керек.
2. Оқу процесін ынталандыру үшін материал қызықты және аудиторияға қатысты болуы керек.
3. Материал әр түрлі болуы керек және әр түрлі тапсырмаларды қамтуы керек, сонда оқушылар жан-жақты дағдыларды дамыта алады.
4. Материал барлық оқушыларға тілдік дайындық деңгейіне қарамастан түсінікті және қол жетімді болуы керек.
5. Оқушылар өздерінің жетістіктерін оңай қадағалап, алға қойған мақсаттарына жетуі үшін материал жүйелі түрде құрылымдалған болуы керек.
«Grammatical features of the english language» курсының міндеттері:
Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу.
Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру.
Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
ағылшын тілің негізгі грамматикалық құбылыстарын сөйлемде қолдана алады;
тілдік қарым – қатынас жасауға төселеді;
сөздіктермен жүйелі жұмыс арқылы тіл байлығы, сөздік қоры дамиды.
Normative part
Calendar thematic plan
1 hour per week -34 hours per year
№ | Theme of the lesson | Hour | Date | Correction |
1 term | | |
1 | Present Simple\Present Continuous | 1 | | |
2 | Stative verbs | 1 | | |
3 | Past Simple | 1 | | |
4 | Past Continuous | 1 | | |
5 | Past Simple\Past Continuous | 1 | | |
6 | Present Perfect | 1 | | |
7 | Present Perfect | 1 | | |
8 | Future forms | 1 | | |
9 | Will\be going to | 1 | | |
2 term | | |
10 | Present Simple and Present Continuous to talk about the future | 1 | | |
11 | Degrees of comparison of adjectives | 1 | | |
12 | Degrees of comparison of adjectives | 1 | | |
13 | Compound adjectives and adjectives as participles | 1 | | |
14-15 | Articles/ Articles | 1 | | |
16 | Countable\uncountable nouns | 1 | | |
17 | Indefinite pronouns | 1 | | |
3 term | | |
18 | Possessive and reflexive pronouns | 1 | | |
19 | Defining relative clauses | 1 | | |
20 | Defining relative clauses | 1 | | |
21 | Zero Conditional | 1 | | |
22 | If \unless First Conditional | 1 | | |
23 | First Conditional | 1 | | |
24 | Second Conditional | 1 | | |
25 | First Conditional\ Second Conditional | 1 | | |
26 | Modals | 1 | | |
27 | Modals | 1 | | |
4 term | | |
28 | Present Simple Passive | 1 | | |
29 | Past Simple Passive | 1 | | |
30 | Present Simple Passive\ Past Simple Passive | 1 | | |
31 | Present Perfect Passive | 1 | | |
32 | Present Perfect Passive | 1 | | |
33 | Types of questions | 1 | | |
34 | Types of questions | 1 | | |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Английский язык для студентов технических вузов в. 2 частях ч. 2 : Учебное пособие / Под ред. С.А. Хоменко и В.Ф. Скалабан. - Минск: Вышэйшая школа, 2006. - 207 c.
2. Фобии: Терминологический словарь (английский, русский, польский, татарский языки) / Под ред. В.И. Хайруллина. - М.: Ленанд, 2014. - 104 c.
3. Английский язык для гуманитариев: Учебник / Под ред. Золотовой М.В., Горшеневой И.А.. - М.: Юнити, 2017. - 192 c.
4. Английский язык для гуманитариев: Учебник / Под ред. М.В. Золотовой, И.А. Горшеневой. - М.: Юнити, 2013. - 368 c.
5. Английский язык для гуманитариев: Учебник / Под ред. М.В. Золотовой, И.А. Горшеневой. - М.: Юнити, 2016. - 368 c.
6. Английский язык для гуманитариев: Учебник / Под ред. М.В. Золотовой, И.А. Горшеневой. - М.: Юнити, 2013. - 368 c.
7. Аванесян, Ж., Г. Английский язык для юристов (для бакалавров) / Ж. Г. Аванесян. - М.: КноРус, 2017. - 285 c.
8. Аванесян, Ж.Г. Английский язык для экономистов: Учебное пособие для студ. эконом. спец-тей / Ж.Г. Аванесян. - М.: Омега-Л, 2012. - 312 c.
9. Аванесян, Ж.Г. Английский язык для экономистов: Учебное пособие для студентов экономических специальностей / Ж.Г. Аванесян; Редактор Л.Н. Волкова. - М.: Омега-Л, 2013. - 312 c.