Ұйымдастырушылық ізденіс | Тәрбиеші жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады. Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды. - Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше? Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық? - Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады. (Бояуларды араластыра жағу әдісін түсіндіреді). Ен, бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз. Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз. Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз, Өсіп өніп толамыз. Күнге қарап, табынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз. Бір отырып, бір тұрып, Орнымызды табайық. Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз. Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады, композиция жасалады. | Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді. Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық. Ағаштың жасалу жолдарын айтады, естеріне түсіреді. Әдемі гүлдер ашады, гүлдері күлгін, ашық қызылға бояйды. Берілген түстерді пайдаланып, алма ағаштарының гүлінің суретін салады. Қай жерде орналасқанын айтады, кеңістікті бағдарлау. Көкжиек сызып алу, ағашты төменнен жоғары қарай сызу, бұтақтарын діңіне, көлбеу, төменнен жоғары қарай сызық сызу арқылы салады, бұлтты жоғары жаққа орналастыру, т.б. айта отырып жұмыстарын ұқыпты жүргізеді. Сергіту сәтің орындайды. Тәрбиешінің айтуымен бояйды. |