СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

¨  Кайнозой заманының негізгі кезеңдері және Жер бетіндегі өзгерістер

¨  Кайнозой заманының қай кезеңдерінде өсімдіктер әлемінде өзгерістер болды?

¨  Кайнозой заманындағы өсмідіктер эволюциясының негізгі бағыттары?

Үштік кезеңнің (палеоген) бас кезінде Еуропа ормандарында мәңгі жасыл магнолиялавр ағашыпальмабамбуктардан басқа, жылу сүйгіш ағаштар — фикусэвкалипт, нан ағашы кеңінен таралды. Кайнозой заманының екінші жартысында күн суытып жылу сүйгіш өсімдіктер тек Оңтүстікте ғана сақталып калды. Солтүстік және орталық ендіктерде жалпақ жапырақты үйеңкіжекеқандағашемен ормандары сиреп ашық далалы жердің көлемі ұлғайды. 

Просмотр содержимого документа
«Гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы»


Сабақ жоспары



Мектеп: Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп

Күні:04.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

 Кайнозой заманында, ірі ароморфоздар туралы біледі.

Күтілетін нәтиже

  • Параллельдіэволюцияның мәнін түсінеді.

  • Гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуын біледі.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Жазбалар жасай алады (оқылым және жазылым дағдылары)


Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу, Ашықтық, Өзіне және айналадағы құрмет, Ынтымақтастық, Академиялық әділдік.

Пәнаралық байланыстар

Тарих,география

АКТ қолдану дағдылары


Алдыңғы білім

Мезозой заманының ерекшелігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5- минут

  • Ынтымақтастық атмосферасын орнату

  • Оқушылармен бірге сабақ мақсатын, жетістік критерийлерін анықтап алу

Сабақтың тақырыбын жағдаят сұрақ арқылы табу, оқу мақсатына өздігінен жетуге ұсынады.

флипчарт

стикерлер

этаптардың суреті




Сабақтың ортасы

8 мин









































































6 мин

















10 мин


















11 мин



І нұсқа

1. Тіршілік өздігінен пайда болды”деген теорияға қарсы шыққан ғалым:

А)Луи Пастер; Б)Франческо Реди; В)А.Левенгук; Г)Аристотель.

 2.1651жылы “жұмыртқа жұмыртқадан шығады” деп жариялаған ғалым :

А)Ф.Бэкон; Б)Аристотель; В)Уильям Гарвей; Г)Луи Пастер.

3.Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс болжамды кім 1922-24жылдары ұсынды?

А)Джон Холдейн; Б)Стенли Миллер; В) Джон Тиндаль; Г)Александр Иванович Опарин.

 4.Протобионттар немесе “тіршілік жолашары” :

А)Коацерваттар; Б)Бейорганикалық заттар; В)Газдар қоспасы; Г)Су буы.

 5.1953-55жылдары қарапайым май қышқылын,несепнәр,сірке және құмырсқа қышқылдарын,бірнеше амин қышқыл алған американдық биохимик:

А)Луи Пастер; Б)Франческо Реди; В)Стенли Миллер; Г)Джон Холдейн.

 ІІ нұсқа

1.1925-29жылдары Опариннің ойын әрі дамытқан ағылшын биологі :

А)Джон Холдейн; Б)Чарлз Дарвин; В)Джон Тиндаль; Г)Аристотель.

 2.Американдық зерттеуші Сидней Фокс тәжірибе арқылы не алды?

А)Май; Б) Протеиноид; В)Несепнәр; Г)Сірке қышқылы.

 3.Франция Ғылым академиясы 1859жылы тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс,дәлелді шешім ұсынғандарға арнайы сыйлық тағайындады,соған кім ие болды?

А)Луи Пастер; Б)Джон Холдейн; В)Аристотель; Г)А.И.Опарин.

 4.Луи Пастердің тәжірибесіне ұқсас Англияда қандай ғалым тәжірибелер жасады?

А)Джон Холдейн; Б)Джон Тиндаль; В)Эрнст Геккель; Г)Чарлз Дарвин.

 5.Л.Спалланцани нені дәлелдеді?

А)Тіршіліктің өздігінен пайда болуын; Б)Споралар өнуін; В)Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын; Г)А және Б

 ІІІ нұсқа

1.Протобионттар немесе “тіршілік жолашары” :

А)Коацерваттар; Б)Бейорганикалық заттар; В)Газдар қоспасы; Г)Су буы.

 2.1953-55жылдары қарапайым май қышқылын,несепнәр,сірке және құмырсқа қышқылдарын,бірнеше амин қышқыл алған американдық биохимик:

А)Луи Пастер; Б)Франческо Реди; В)Стенли Миллер; Г)Джон Холдейн.

 3.1925-29жылдары Опариннің ойын әрі дамытқан ағылшын биологі :

А)Джон Холдейн; Б)Чарлз Дарвин; В)Джон Тиндаль; Г)Аристотель.

 4.Американдық зерттеуші Сидней Фокс тәжірибе арқылы не алды?

А)Май; Б) Протеиноид; В)Несепнәр; Г)Сірке қышқылы.

 5.Франция Ғылым академиясы 1859жылы тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс,дәлелді шешім ұсынғандарға арнайы сыйлық тағайындады,соған кім ие болды?

А)Луи Пастер; Б)Джон Холдейн; В)Аристотель

Жауабы:

   І нұсқа                               ІІ нұсқа                  ІІІ нұсқа           

          1.б                               1. а                        1. а  

          2.в                               2. б                        2. в

          3.г                               3. а                         3. а

          4.а                               4. б                        4. б

          5.в                               5. в                        5. а

Тесті тексеру

Барлығы дұрыс болса- “5”

1 қате болса- “4”

2 қате болса- “3


1. Тірі ағзалардың қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым?-палеонтология

2. Жылқы эволюциясын зерттеген ғылым?-коволевский

3. Ежелгі заман атауы?-архей

4. Силур, девон кезеңдері жататын заман?-палеозой

7. Ең алғашқы ашық тұқымдылар дамыған кезең?-тас көмір, палеозой

8. Археоптрикс құсы мезозойдың қай кезеңінен табылды?- Юра

9. Жаңа өмір заманы?-кайнозой

10. Материктер қозғаласы қандай заманда басталды?-мезозой заманында

11. Палеозой заманы неше кезеңнен тұрады.?-6 кезеңнен

12. Ароморфоз эволюцияға қандай өзгеріс әкеледі?

13. Аналогтық мүшелер қандай мүшелер жатады?


"Мағынаны тану". Тақырыпты мұғалімнің дайындаған сұрақтарымен оқушылардың ізденіс жұмыстары

  • Кайнозой заманының негізгі кезеңдері және Жер бетіндегі өзгерістер

  • Кайнозой заманының қай кезеңдерінде өсімдіктер әлемінде өзгерістер болды?

  • Кайнозой заманындағы өсмідіктер эволюциясының негізгі бағыттары?

Үштік кезеңнің (палеоген) бас кезінде Еуропа ормандарында мәңгі жасыл магнолия, лавр ағашы, пальма, бамбуктардан басқа, жылу сүйгіш ағаштар — фикус, эвкалипт, нан ағашы кеңінен таралды. Кайнозой заманының екінші жартысында күн суытып жылу сүйгіш өсімдіктер тек Оңтүстікте ғана сақталып калды. Солтүстік және орталық ендіктерде жалпақ жапырақты үйеңкі, жеке, қандағаш, емен ормандары сиреп ашық далалы жердің көлемі ұлғайды. 

1.Кайнозой заманын неліктен "жаңа өмір" заманы дейді?
2.Адам қашан пайда болды?
3.Төрттік кезеңнің ерекшеліктеріне мысалдар клтіріңдер.
4.Тіршіліктің қайтадан пайда болмай, тек дамып күрделене беретінін қалай түсіндіруге болады?
5.Үштік кезең мен төрттік кезеңде өсімдіктердің қандай түрлері пайда болды?
6.Мезозой мен кайнозойдағы ароморфоздарды тізіп жеке-жеке түсіндіріңдер.



http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=12864 видеоролик https://twig-bilim.kz/film/animal-senses-5287/




Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылардың топтарды бағалауы

Рефлексия.

1.Білдім:                        

2. Түсіндім:                     

    3. Жасай аламын:

Қосымша 3

Қосымша ақпарат:

Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран – Месопотамия мен Кордильер – Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.


Үйге тапсырма

Гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы.


Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

.


Барлық оқушылар:



Оқушылардың көпшілігі:



Кейбір оқушылар:



  1. Ғаламтор көзі арқылы іздену

  2. Мәтінмен жұмыс

  3. Талдау сұрақтары


Қосымша материалмен, ғаламтормен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?