Билет № 1 Есеп. 2 санның көбейтіндісін есептейтін программа құрастыру және тексеру. |
Билет № 2 Тәжірибелік жұмыс Microsoft Office Word бағдарламасын ашыңыз. «Мен мәтінді пішімдеуді үйренудемін» мәтінін теріңдер және оны тағы да 10 рет көшіріңдер. Пішімдеудің келесі параметрлерін тағайындаңдар. Жол № | Гарнитура | Әріптің мөлшері | Әріптің пішіні | Түзеу | Бірінші жолдағы шегініс | 1 – 2 | Times New Roman | 12 | қарапайым | сол жақ шетіне | 1 см | 3 – 4 | Courier New | 14 | жуан | ортасына | 0 см | 5 – 6 | Comic Sans MS | 16 | курсив | оң жақ шетіне | 5 см | 7 – 8 | Tahoma | 18 | жуан курсив | сол жақ шетіне | 0 см | 9 – 10 | Arial | 20 | асты сызылған | ортасына | 5 см | Әр жол үшін өзінің түсін таңдаңдар. Файлды сақтаңыз. |
Билет № 3 Тәжірибелік жұмыс Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. 100-67= (30*5)-6= (456+76)-(76+3)= 6*(45+5-21)+9= 207+65-(54+32)*2= 76-9*(5-2)= (300+200)-(54+3)= 66:3+11= 80:2+4*(34+12)-1= 100+58-(34+5*2):2= |
Билет № 4 Есеп A = (x+y/(5+x))/|y-sinx+x|+5arctgx функциясын есептейтін программа құру. |
Билет № 5 Кез келген 3 бүтін сан берілген: X, Y және Z. Осы сандарды кему реті бойынша орналастыратын программа құру қажет. |
Билет № 6 Тәжірибелік жұмыс Мәтінді теріңіздер. Сәтемір хан Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар. «;» белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар. Файлды сақтаңыздар. |
Билет № 7 Есеп Кез келген жыл мерзімін енгізіп, сол жылдың шығыс күнтізбесі бойынша қай жануардың атына сәйкес келетінін анықтау программасы. Алгоритм негізіне 12-ге қалдықсыз бөлінетін жыл мешін жылы болатыны алынған. |
Билет № 8 Есеп 1 мен 100 аралығындағы сандар қосындысын есептейтін программа құру. |
Билет № 9 Есеп «Студент» сөзі берілген. Стандартты тіркестік процедуралар мен функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек: сөздің ұзындығын табу; сөзге «пін» жалғауын жалғау; сөзден «ден» үзіндісін кесіп алу; сөзден «ент» үзіндісін алып тастау; сөз алдына «Мен» тұрақтысын кіргізу; сөз ішіндегі «е» әрпінің орналасу нөмірін табу |
Билет № 10 Есеп 13 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құрастыру |
Билет № 11 Тәжірибелік жұмыс Microsoft Office Excel бағдарламасын ашыңыз. Келесі мәліметтер бойынша кесте құрыңыз. Тестілеудің нәтижесінде қазақ тілі пәнінен Марат 30 балл, Самат 28 балл, Динара 19 балл, Жанара 23 балл алды, математикадан Марат 25 балл, Самат 20 балл, Динара 15 балл, Жанара 18 балл, тарих пәнінен Марат 29 балл, Самат 27 балл, Динара 17 балл, Жанара 19 балл алды. Кесте бойынша диаграмма құрыңыз. |
Билет № 12 «Жонглер» сюжеті. Жонглердің бір қолындағы заттың екінші қолына ауысуын бейнелейтін анимациялық әсері бар слайд құрыңдар. |
Билет № 13 Есеп 25, 31, 18, 29, 48 сандарын ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аударып, олардың қосындысын тап. |
Билет № 14 Тәжірибелік жұмыс Бухгалтерлік есептеу жүргізіңіздер. Реттік саны Қызметкердің аты-жөні Тариф.ставка Сағат саны 3-ші граф. 18 бөліп, 4 граф.көбейту керек 5-ші граф. 10-ға көбейтіп, 100-ге бөлу керек 5-ші граф. 5-ке көбейтіп, 100-ге бөлу керек 5-ші граф. 1-ге көбейтіп, 100-ге бөлу керек 6-шы, 7-ші, 8-ші граф-ды қосу керек 5-ші графадан 9-шы графаны алып тастау керек. 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | Р/с | Тегі, аты - жөні | тариф. ставка | сағат саны | есептелген | Ұсталатын | Ұсталатын барлығы | Қолға тиетін барлығы | 10% | 5% | 1% | 1 | Бекжанов А | 80650 | 19 | 85130,55 | 8513,055 | 4256,527 | 851,3055 | 13620,888 | 71509,666 | 2 | Ахтанов Т | 92500 | 18 | | | | | | | 3 | Кенжебаева Д | 78980 | 20 | | | | | | | 4 | Саменов Б | 83200 | 22 | | | | | | | 5 | Токтамысова Г | 90470 | 19 | | | | | | | 6 | Жайлаубаева Н | 88765 | 17 | | | | | | | 7 | Базарбаев Ш | 75500 | 16 | | | | | | | 8 | Омаров Р | 78999 | 21 | | | | | | | 9 | Молдашева З | 91329 | 21 | | | | | | | 10 | Асаубаева Ж | 71000 | 20 | | | | | | | |
Билет № 15 Есеп Кез келген екі санның үлкенін анықтайтын, maxi функциясын пайдаланып, берілген төрт санның үлкенін анықтайтын программа құру қажет. |
Билет № 16 Есеп n элементтен тұратын нақты сандар жиымының элементтерін өсуі бойынша реттеп орналастыру программасын құрастыру |
Билет № 17 Тәжірибелік жұмыс Натурал сандардың тізбегі берілген дедік. Осын натурал сандардың тізбегі 1,2,3,4,... саны берілген К санынан үлкен болғанша цикл орындалу керек. Осы алгоритмге сызба-нұсқа жасау керек. алг қадамдық цикл (бүт s,i,k) арг s, i, k нәт басы енгізу (k) s:=0; i:=1; s:=s+i; егер sk онда i:=i+1 әйтпесе бітті шығару i, s соңы |
Билет № 18 Тәжірибелік жұмыс «Гүл» сюжеті. Гүлдің өсуін және жетілуін бейнелейтін анимациялы слайд құрыңдар. |
Билет № 19 Тәжірибелік жұмыс Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. 100-67= (30*5)-6= (456+76)-(76+3)= 6*(45+5-21)+9= 207+65-(54+32)*2= 76-9*(5-2)= (300+200)-(54+3)= 66:3+11= 80:2+4*(34+12)-1= 100+58-(34+5*2):2= |
Билет № 20 Есеп 1 мен 100 аралығындағы сандар қосындысын есептейтін программа құру. |
Билет № 21 Есеп 2 бүтін сан енгізіп және 1-ші санның 2-санға бөліндісін есептеп, оны экранға шығаратын программа құру. |
Билет № 22 Есеп 25, 31, 18, 29, 48 сандарын ондық санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне аударып, олардың қосындысын тап. |
Билет № 23 Есеп 2 санның көбейтіндісін есептейтін программа құрастыру және тексеру |
Билет № 24 Есеп Кез келген 3 бүтін сан берілген: X, Y және Z. Осы сандарды кему реті бойынша орналастыратын программа құру қажет. |
Билет № 25 Есеп A = (x+y/(5+x))/|y-sinx+x|+5arctgx функциясын есептейтін программа құру. |