СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Еңбекпен жеткен мұратка"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Арғы-бергі тарихты аударып көрсек біздің далада түрме, жетімдер үйі, қарттар үйі деген ұғымдар болмаған екен. Әйтсе де, қазір жағдай мүлдем басқа. Заманның ырқы солай ма, жоқ әлде адамдардың санасы өзгерді ме кім біслін, әйтеуір қалаларымыз қарттар үйі мен жетімдер үйіне толы. Қариясын құрметтеп, жетімін жылатпаған елдің мұнысына күйінішпен  қарайсың. Әйтсе де, қолдан келер шара жоқ. Заман түзелер, баяғы дәурен қайта оралар деп іштей тілек тілеп, дұға қыласың.  

Просмотр содержимого документа
«"Еңбекпен жеткен мұратка"»

«Қуаныш» балалар бақшасы- мектеп білім беру комплексі» мекемесі

Тәрбие сағаты

«Ардақтайық ата-әжені»

«Тұмар» ІІ–ші кіші тобы





Тәрбиеші: Тышкамбаева Г.С.

Токумбаева.А.К











Семей 2017ж

«Еңбекпен жеткен мұратқа»


Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Арғы-бергі тарихты аударып көрсек біздің далада түрме, жетімдер үйі, қарттар үйі деген ұғымдар болмаған екен. Әйтсе де, қазір жағдай мүлдем басқа. Заманның ырқы солай ма, жоқ әлде адамдардың санасы өзгерді ме кім біслін, әйтеуір қалаларымыз қарттар үйі мен жетімдер үйіне толы. Қариясын құрметтеп, жетімін жылатпаған елдің мұнысына күйінішпен  қарайсың. Әйтсе де, қолдан келер шара жоқ. Заман түзелер, баяғы дәурен қайта оралар деп іштей тілек тілеп, дұға қыласың.
Бұрнағы күні Қарағанды «Болашақ» академиясының бір топ студенті қарттар үйіне барып өнерлерін көрсетіп қайтты. Мақсаттары атақ пен абройға кенелу емес, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қарттардың көңілін көтеріп, батасын алу. Ойлары орындалды да. 
Концерт барысында өнерлі жастар өлең оқыды, ән салып, би биледі. Отырған жұрт көздеріне жас алып, ризашылықтарын батасымен жеткізді. Осы үйде жастары 88-90-ға келген қазақ қарттары тұрып жатыр. Концерт аяқталған соң, ол кісілермен әңгіме-дүкен құрудың да сәті түсті. Студенттер әр бөлмені аралап, қарияларға арнап алған азын-аулақ сыйлықтарын табыстады. Қарттардың сөз ауанына қарасақ қайсібірінің бала-шағасы, немере-шөберелері бар екен. Бірақ жасы келген шағында ұрпағының қызығын көріп төрде емес осы бір мекемеде отыруға мәжбүр. Бала күнінде балағына оралып, еркелеп өскен балалары өз қолдары өз ауыздарына жеткен шақта керек қылмай, сыртқа итеріп тастапты. Мұны қалай түсінбіруге болады? Қатігездік пе әлде азғындық па? 
Бір қызығы, бұл жердегі кісілер баласынан еш мейірімділік, махаббат көрмесе де, баласын жамандамайды. Тіпті, дөрекілікте танытпайды. Неге дейсіз бе? Себебі іштен шыққан шұбар жылан қашан да ыстық. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» дегенің кері осы.

1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам

«Қарттарым асыл қазынам»
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 - қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін ------- береміз.
Той деп бүгін шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Сыныбымыздың биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!
(«Қазақ биі»)
Қадірлі ата - әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Халқымызда «Бала деген бал екен,» деген сөз бар.
Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
«Немере» екен тәтті екен. дегендей, келесі кезекті
оқушылардың ата - әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.
Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!
«Асыл әжем» әні
Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт - береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
Ата - әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
«Туған жер» әні
ата, апайларымызға сұрақтар
Сіздер қандай оқушы болдыңыздар?
Балалық шағыңызда кім боламын деп армандадыңыздар?
Сіздерге алғаш әліппені ұстатып, білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаздарыңыз кім болып еді, және де ол кісі несімен ерекше естеріңізде қалды?
Сіз адам бойындағы қандай қасиетті бағалайсыз?
Оқушылардың ата - әже туралы эсселеріне кезек берелік
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).
Қорытындылау
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Міне, балалар, біз өзіміздің ата - әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі жүздескенше сау - саламат болайық!




























«Қуаныш» балалар бақшасы- мектеп білім беру комплексі» мекемесі


Тәрбие сағаты

«Ана тілім-өз тілім»

«Тұмар» ІІ–ші кіші тобы



Тәрбиеші: Тышкамбаева Г.С.

Токумбаева.А.К.









Семей 2017ж

Ана тілің – арың бұл Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау. Сынып сағат көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б.Момышұлы Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов Барысы: (Мұғалімнің сөзі) - «Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» деп ұлы Абай айтқандай әр сөздің өз қиысыны мен қиюның тұрақты орны бар. Оны бір адам өзгерте алмайды, өйткені ол халықтың бүкіл ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы. Сөзге, тілге әмір жүрмейді. Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз. Біздің қазақтың әдеби тілі, басқа халықтардың да әдеби тілі сияқты, мәдениетті ілгері бастаушы қуатты құрал. Ана тілін ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру-ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі сияқты; ана тіліне ұқыпсыз, көңілсіз, қалай болса солай қараушылық, барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі. Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса, тіл-бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі, Тіл-бесік жыры. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі. Ал біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл. Әбділда Тәжібаев атамыздың мынадай тамаша өлеңі бар: Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы Өссе тілім – мен де бірге өсемін, Өшсе тілім – мен де бірге өшемін. - Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер? - Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген: Ана тілін білмеген – Ақылы жоқ желік бас. Ана тілін сүймеген – Халқын сүйіп жарытпас. - Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық! 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз. Ана тілін қастерлеп, құрметтейік! Бекіту: Мақалдың жалғасын табу ойыны 1) Кен байлығы – жерде, сөз байлығы (елде) 2) Ат жүйрігі айырады, тіл (жүйрігі қайырады) 3) Ауыз көркі – сөз, жүздің (көркі – көз) 4) Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл) 5) Шешеннің тілі – (шебердің бізі) 6) Сөз жүйесін тапса – (мал иесін табады) 7) Сөз – түпсіз, (өмір – шексіз) Піл көтермегенді, (тіл көтереді) Қорытынды: Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық! Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық. 



«Қуаныш» балалар бақшасы- мектеп білім беру комплексі» мекемесі



Тәрбие сағаты

«Менің тұңғыш Призидентім»

«Тұмар» ІІ–ші кіші тобы





Тәрбиеші: Тышкамбаева Г.С.

Токумбаева.А.К.







Семей 2017ж

1 желтоқсан президент күні тәрбие сағаты: «Менің тұңғыш Президентім!»

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты:а)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
Жүрісі: 
Әнұран
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
I бастаушы: Махаббат
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2 бастаушы: Сағындық
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. 
Ән: «Елім менің»
Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»
1.Мемлекетіміздің аты?
2.Елбасының әкесінің аты?
1): Әли
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Тәрбиеші:
Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Зухра: Қазақ  елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Орынжан: Нұрсылтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы 
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Мирас: Нұрсылтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Тілші: Сағызбай Назерке
1.    Президенттің атын кім қойған
-    Наурызбек
-    Тілші: Қазақстанда көптеген Нұрсұлтан атты азамат өсіп келеді. Осы туралы не дер едіңіз?
-    Іңкәр
Тілші: Абзал азаматтарға балдырған аттастарыңызға тілектеріңіз?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Қолмен жазылған хаттар 
-Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
Тілші: Елбасының кітап-журналдар оқуға уақыты бар ма екен?
-Алинур
Гүлмаржан: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндиік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Нұртілек: Әнге толсын барлық қала ауыл бар 
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін  ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Астанаға саяхат

Тілші: - Кәусар Астанадан қангдай әсер алдың?
Кәдесыйлықтар

Тілші: - Бүгінгі ттәрбие сағатына қатысқанына ризамын

Махаббат : Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу
                Ұлт тағдырын ойлауымыз керек
                Ұлттық теңгеміз өз бабында
Сағындық:
 Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын

Хор: Қазақстан  - Ақ Ордасының  іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.

Қорытынды: 
1.    Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде   сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2.    Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс

Дипломдар
     Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды  болсын.

Хор: «Елім менің»

 


























«Қуаныш» балалар бақшасы- мектеп білім беру комплексі» мекемесі



Тәрбие сағаты

«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»

«Тұмар» ІІ–ші кіші тобы





Тәрбиеші: Тышкамбаева Г.С.

Токумбаева.А.К.









Семей 2017ж