СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ертегі әлеміндегі жабайы жануарлар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жабайы жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін жетілдіру

Просмотр содержимого документа
«"Ертегі әлеміндегі жабайы жануарлар"»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Өткізілген күн: 5.04.2016 ж.

Ортаңғы тобы «Жұлдыз»

Тәрбиеші; Құдабаева А.Ж

Білім саласы: «Қатынас» Кіші сала:Тіл дамыту Тақырыбы: «Ертегі әлеміндегі жабайы жануарлар»

Мақсаты: Жабайы жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін толықтыру. Олардың төлдерінің аттарын үйрету.Ертегі әлеміндегі жануарлардың мінезіне сипаттама бере отырып,қандай ертегі кейіпкері екенін ажыратуға дағдыландыру.Сурет арқылы ертегі мазмұнын құрастыруғадағдыландыру. Жан- жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: қасқыр-волк, лиса- түлкі,қоян-заяц.

Сөздік жұмыс: мыршай, көжек.

Көрнекіліктер: суреттер, таблицалар.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар қане шаттық шеңберін айтып сабағымызды бастаймыз.Бір кезде бір дауыс естіледі.Балалар, қане тыңдайықшы, бір дауыс шығатын сияқты. Қараңдаршы бізге адасып қалған қасқыр келіп қалыпты.

Балалар қане, қасқырмен амандасайық.Бұл қасқыр бізге Қызыл телпек ертегісінен келіпті.Ертегіде қасқыр не істеп еді еске түсірейікші.Біз қасқырды орманға жеткізуіміз керек.

Ал, осы қасқырдан басқа қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

Ия, балалар осы жабайы жануарлардың көбі біздің ертегілеріміздің кейіпкерлері.

Балалар, осы қасқыр туралы ертегі білесіңдер ме?


  • Балалар шаттық шеңберін айтады.

  • Балалар қасқырдың дауысы деп айтады.Балалардың назары қасқырға бөлінеді.







  • Балалар қасқырдың ертегідегі рөлін айтып береді.

  • Балалар көмектесуге тырысады.

  • -Балалар білген жабайы жануарларды айтып береді.





  • Балалар ертегіден үзінді айтады.






Ұйымдастырушылық ізденіс.

Балалар, қасқыр қайда өмір сүреді?

Ал, ендеше біз орманға барайық.

Орман ауасы қандай таза, олай болса тыныс алайық.

Балалар қасқырдың үйі апан деп аталады, сол апанға жеткізуміз керек, ол үшін кедергілерден өтсек, қасқырды үйшігіне жеткіземіз.

  1. Аюдың тапсырмасы- сендер мен туралы не білесіңдер?

  2. Тілдеріңді жаттықтырып,жаттығу жасаңдар.

Ю-ю-ю –аю

Балалар, аюдың баласын қонжық деп айтады.

Маған мына жерден әр қайсысың бір балықтан аулап беріңдер. Балалар балықты аулап, артындағы суретті әңгімелейді.

Балалар сергіту сәтін орындайды.





3.Менің жұмбақтарыма жауап беріңдер.

Өзі қу, айлакер, жүрген жүрісі бұлғаң, бұлғаң.

Жазда қыдырады,

Қыста демалады.

Бұтадан- бұтаға секіреді,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

Орғыған қорқақ, көзі қыли.

Қысы-жазы екі түрлі тон киеді.

Балалар, жарайсыңдар, енді аюдың кедергісінен өттік.Енді түлкінің кедергісінен өтуіміз керек.Түлкі қандай аң?Балалар түлкінің баласын мыршай деп атаймыз.

  1. Тапсырмасы. Д;О «Кім немен қоректенеді»

  2. Берілген таблицалардан сөйлем құрастыру.

  3. Балалар, үйшік ертегісінде түлкі не істеді?.

3 тапсырма.Балалар мына кітаптарының ішінен бір ертегіні суретіне қарап айтып берсеңдер өтесіңдер.

Ендеше, бәріміз жиналып, көзімізді жұмып 1,2,3 деп санасақ, өзіміздің топқа келеміз.






  • Орманда.





  • Балалар тыныс алу жаттығуын жасайды.

  • Балалар, тәрбиешіні мұқият тыңдап, кедергілерден өтуге тырысады.



  • Балалар, аю туралы өз ойларын айтып береді.




  • Балалар аюдың баласы қонжық деп қайталайды.



Балалар барлығы қосылып қайталайды.







  • Балалар, үстел үстіндегі балықтарды аулап, әрқайсысы балықтағы суреттен сөйлемдер құрастырады.

  • Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлерден

Ытқып, ытқып жүгірді.





  • Балалар жұмбақтың жауабын айтады.











Балалар түлкі қандай аң екенін айтып береді.







Балалар жабайы жануарлар немен қоректенетінін айтып береді.

Балалар, түлкінің суретіне қарап түлкі туралы білгендерін айтады.

Балалар қай ертегіде барын айтады.

Балалар суретке қарап ертегіні айтып береді. «Үш аю»







Балалар көздерін жұмып, тәрбиешіні қайталайды.

Рефлексивті коррекциялау

Балалар, қолымызға микрофонды алып сабақта не істегенімізді айтайық.

Балалар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Жабайы жануарларды.

Үйренеді:Жабайы жануарлардың тілдерін.

Қолданады:ертегі кейіпкері ретінде жабайы жануарларды қолданады.