Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Шұбар орта мектебі
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Орындаған: А.Оразымбетова
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
I-бөлім
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің және әпкелеріміздің мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
«Гимн»
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты.
«Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6 миллионнан астам халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды.
Осы сұрапыл соғыста елін,жерін қорғап ерлік көрсеткен Ұлы Отан соғысының батырларын еске алып, видео көрулеріңізді ұсынамын..
Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі:
Айсұлтан
Бұлт түніріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Ақтілек
Соғыс жалмап аға – іні бауырды,
Зар жылытып тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Сұңқар
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Жібек
Таң алдында сағат бесті соққанда,
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды ойранды.
Нұртілеу
Осы хабар уақытында алынды,
«Соғысқа» деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.
Айзат
Қатық құйып ішкен күнім зереңге,
Елім, сені енді қайтып көрем бе?!
Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,
Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!
Отаныма берген бірақ антым бар,
Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»
Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,
Арттарында сізге сенген халқың бар!
Ерлан
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
Томирис
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.
Жас Ұландар биік ұстап туыңды,
Жарқыратсын туған елдің таңбасын!
Айшабибі
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап,
28 батырды жеңе алмады жау бірақ.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.
Жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Айсұлтан
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
Жібек
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
Ерлан
Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұр олар 28 мың болып,
28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.
Жүргізуші: Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік мәңгі сақталып қалды. Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбекқорларына біз мәңгі қарыздармыз.
II-бөлім
Жүргізуші: Жеңіс күніне арналған шағын мерекелік концертімізді ұсынамыз.
Жүргізуші: Жүрек біткен желпінісін, жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілісін дамыл таппай!
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Барлық жүрек қалғандай қанат қақпай
Би: «Қазақ биі»
Би: «Үнді биі»
Би: «Өзбек биі»
Би: «Флешмоб»
Осымен бүгінгі «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
Сөз кезегі мектеп әкәмшілігіне және ата-аналарға беріледі.