СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Су асты әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Су асты әлем

Просмотр содержимого документа
«ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Су асты әлемі»

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 27.02.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып:

Тақырыбы: Су асты әлемі

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Үлкендермен, достар арасында әдептілікке, табиғатты сүюге, оған қамқор болуға тәрбиелеу

2.Дамытушылық: Айналасымен өзара қатынас орнату, мінез - құлық мәдениетімен дағдыларын дамыту.

3.Оқыту: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру;

Педагогикалық технологиялар:

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

-Балалар табиғат өлі және тірі табиғат болып бөлінеді.Өлі табиғатқа құм,тас,топырақ,су,ал- тірі табиғатқа өсімдіктер,жануарлар жатады.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу.

-Су қандай табиғатқа жатады?
-Ал қалай ойлайсыңдар,адамдар сусыз өмір сүре алама?
-Адамдарға су не үшін керек?
-Ал жанурлар мен өсімдіктерге су не үшін керек?
-Жер бетіндегі судың бәрін ішуге болмайды.Олар ащы,тұщы болады.Өзендердің,көлдердің сулары ащы болады ,оларды ішуге болмайды.Оларды бақшада пайдаланамыз,құстар мен аңдар ішеді.Адамдар құбырлардан ағатын суды пайдаланады.
-Судың пішіні бола ма?
Бір ыдысқа сүт,бір ыдысқа су құйып қасық салып оның қайсысынан қасық көрінетін бақылайды. Яғни «Су-мөлдір,сүт-мөлдір емес».
-Балалар суды орыс тілінде вода дейміз.
2.Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарап,талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Бір отырып,бір тұрып
Біз тынығып аламыз.
3. Жұмбақ жасыру

-Балалар сендерге жұмбақ жасырамын.
Дәміде жоқ,түсіде жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Көз жасын төгіп елжіреп,
Жүреді көкте көлбіреп,
Жел қуса кетер селдіреп.(Бұлт) 
4.Триз (ойын) «Жақсы,жаман»
-Қар жауса жақсы неге?
-Қар жаумаса жаман неге?
-Жаңбыр жауса жақсы неге?
-Жаңбыр жаумаса жаман неге?
Ойын: «Тез ойла»
Мақсаты:есте сақтау,тез ойлау,жылдам жауап беруге үйрету.
1.Су адамға не үшін керек?
2.Өсімдіктер сусыз өсе алады ма?
3.Балықтар қайда өмір сүреді?
4.Судің иісі,түсі барма?
5.Өлі табиғатқа нелер жатады?
6.Суды шашып,төгіп ластауға болама?

5. Сөздік жұмысы

Жаңбыр- бәріміз бірге қайталаймыз. Ол дегеніміз- су тамшылары. Жаңбыр жаз кезінде жауса егінде молшылық болады.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Бүгін не туралы әңгімелестік?
-Қыс мезгілінде су неге айналады?
-Су адамға қажет пе?
-Су қандай табиғатқа жатады?
-Судың дәмі,иісі болама?
Қандай суды пайдаланады адамдар?
-Суға шомылғанды ұнатасыңдар ма?
-Суды үнемдейміз бе?
Суды шашпай, ластамай, әр жерге төге бермей қадәрлеуіміз керек.Сусыз адамдар, жануарлар, өсімдіктерде өмір сүре алмайды екен.Балаларды мадақтау. Суреттерді көреді.