Күні:
Сынып: 5 «А»
Пән атауы: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы жайында толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру, ой – өрісін әрі қарай дамыту, шыңдау.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті мен еңбектері
Сабақтың формалары: жеке баламен, жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Ә) Жаңа сабақ
Ілияс Жансүгіров ( 1894 – 1938)
Қазақтың талантты ақыны Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Ол небәрі 4 жасында анасынан айырылып, бірыңғай әкесінің тәрбиесінде болады.
Зейінді, зеректі бала өзінің әкесінен хат таниды. 1911 жылы ауылдағы қазақ – татар тіліндегі бастауыш мектепті бітіреді. Одан кейін Ташкент қаласындағы қазақ – қырғыз институтында, 1925 жылы 31 жасында Мәскеуге оқуға кетеді. Онда 3 жыл оқып, 1928 жылы коммунистік журналистика институтын бітіріп, мол білім алған.
Жансүгіров - жан – жақты талант. Ол балаларға арнап небір әдемі өлеңдер жазған. Оның жақсы өлең – жырларын тыңдап өскен бүлдіршін туған жерін, өскен ортасын, ата – анасын сыйлап өсері сөзсіз.
«Күй» поэмасы







1.Негізгі кейіпкері – қобызшы Молықбай шал
2. Амантекше деген жайлауда өмір сүрген
3. Амудария жерінде Бағлан деген бай өмір сүрген.
4. Бағлан байдың Бозінген деген нардың баласы туылады
5. Бүкіл халық Самарханның жәбегін жауып, күн, айлар өткізіп Бозінгенді өсіреді
6. Бір ұры ботаны ұрлап әкетіп, енесін керуенге әкеліп сатып жібереді.
7. Енесі артына қарап, боздай – боздай, зар илеп, екі көзінен
жасты өзендей сорғалатып, ашуланып кете барады.
8. Бозінгенге құл ретінде аямай мініп, небір қиыншылықты көрсетеді
Б) Сабақтың қорытындысы:
1.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын.
2.Сұралған балаларды бағалау
3.Үйге тапсырма: І. Жансүгіров өмірбаянын оқып, «Күй» поэмасын оқып, мазмұндау.
126-130-бет.
Балалар, үйге тапсырма түсінікті ме? Түсінікті болса сабақ аяқталды, сау болыңыздар!