Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы.
Жаратылыстану пәнінен сыныптан тыс жұмыс «Интеллектуалдык казино»

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы,Ә.Молдағулова
атындағы №38 мектеп-лицейінің
биология пәнінің мұғалімі
Шукирова Алма Ақболатқызы.
география пәнінің мұғалімі
Шаимова Алтынгуль Ергенқызы
Тақырыбы: Табиғаттанушылар сайысы
Интеллектуалдық казино
Сайыс мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Түрі: ойын
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация,
«ақыл »-фишкалар,
Барысы:
1.Ұйымдастыру Ойын алаңы казино сияқты безендіріледі, ойыншыларға алдын ала бәріне бірдей мөлшерде «ақыл» беріледі. (10 ақылдан)
Ойынның шарты:18 ойыншылар казино алаңына жиналады. Оларға сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Олар өздерінің шамасына қарай көнге «ақыл» тігеді. Сұраққа жауап берсе көнге тігілген барлық ақылда иемденеді. Ақылдары тауысылған ойыншылар ойыннан шығады. Ең көп ақыл жинаған ойыншылар жеңімпаз атанады.
Сайыс сұрақтары мынадай бөлімдерге топтастырылған:
Қызықты биология
Ұлы есімдер
белгілер сыры
география ғылымына үлес қосқан ғалымдар
био
гео
Жүргізуші сөзі:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта
жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім- патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы! Қызықты оқыту бүгінгі күннің мәселесі. Тартымды сабақ оқушыларға тек қана қуаныш әкеп қоймайды, сонымен қатар олардың танымдық қабілетінің дамуына да ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім – деп ұлы Абай айтқандай уақытында генетика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсіре алмай қалмас үшін өткізгелі отырған «Табиғат сыр шертеді» атты ашық сайыс сабағымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Жарыс десе жасқанба,
Абайлап басып, дөп таңда.
Өзіңе қарсы шыққанды
Алға қарай бастырма – деп сайысқа түскелі отырған оқушыларға жігер, қайрат беріліп, сайысқа түсетін оқушылар ортаға шақырылады.
Ойлы болсаң, озып көр!
Қызықты биология
1.Тау перілері бұл гүлді күні түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды екен.Тек шынайы сүйген адамдарға бұл гүлді сыйлыққа береді..
Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік.
Тау шыңында өседі, махаббат, бақыт, ерлік символы.
Альпинисттер сайысында жүлдеге гүлдің алтын мүсіңімен марапаттайды. Эдельвейс-Еңлікгүл
2.Бұл гүлдер ішіндегі ханшайымы. Шығыс елдерінде киелі гүл деп саналған. Гүлінің майы алтынмен бағаланған.
Ең алғаш сәндік үшін өсіріле бастаған хош иісті гүл.
Ежелгі римдіктер махаббат құдайы Афродитаға арнаған Раушан
3.Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен.
Бұл қандай құс? Қораз
4. Бұл үй жануары Библияда (Інжілде) аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. мысық
5.Малай архипелагының ең үлкен қосмекендісін атандар.
Бұл комодо вараны ( Комодо аралының айдахары).Ұзындығы 3 м,
салмағы – до 140 кг.
«Ұлы есімдер»
1.Ағзаларға қосарлы атаутізім беруді ұсынды. К.Линней
Ең алғаш 1817 жылы “протозоа”терминін пайдаланған ғалым . Г.А.Гольдфус
3.1668 жылы ең алғаш ұсақ ағзаларды сипаттап жазған ғалым А.Левенгук
4.Орыс ғалымы 1886 жылы ең алғаш қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеді.Ол кім?
5. Бұл кім?
«Ілімге толса көкірек, ашылар көзі сананың»
Майлықожа жырау
3 География -Ғалымдар:
«География» ұғымын енгізген: Эротосфен
Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлкен үлес қосқан қазақ ғалымы: Ш.Уәлиханов
Бұл ғалымның саяхаты нәтижесінде жер шарының шар тәрізді кені анықталды: Ф.Магеллан
Бұл саяхатшы өзі ашқан жерін Үндістан деп, онда тұратын халықтарды үндістер деп атады? Х.Колумб
Ең алғаш рет глобусты жасап шығарған адам: М.Бехайм
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
4 «Ұғымдар» 4 «Ұғымдар»
Цианея
Целом
Анус
Мерацидий
Планула
5.Тез сұрақ географиядан
Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар:Меркурий
Жер мен күннің арақашықтығы:150 млн км
Материктік жер қыртысының қалыңдығы тауларда неше км-ге жетеді:70-80 км
Ай мен Жердің арақашықтығы: 384000 км
Горизонтальдар деп аталады: биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық.
Білген сайын келеді біле бергің, біле беру емес пе тілегі елдің!
«Жаратылыстану ғылымына жататын бұл ғылым саласында қаншама математика жатыр».
И. Кант
6 «Мен жаратылыстанушымын»
Логикалық сұрақтар:
Неліктен ертедегі халықтар жерді тегіс деп ойлаған?
Неге планда жер беті бұрмаланбайды?
Бастапқы меридиан мен экватор сызығы қай жерде түйіседі?
Жер бетін айналып шығу саяхаты 50 градус па немесе 70 градус ендікпен жүргенде қысқа болады ?
Қазақстанның барлық нүктелері қандай бойлық, қандай ендікте жатыр?
Мықты болсаң, тауып көр!
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз бажаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз аман болсақ!
Мұғалім сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттайды осы шараның маңыздылығына байланысты сөз сөйлеп сабақты қорытындылайды.
