Мотивациялық кезең
|
Үнтаспадан құстардың сайраған дауысы, судың сылдырап аққан дауысы естіледі.
-Ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
-Оны естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Көктемнің белгілері туралы әңгіме жүргізеді.
-«Көктем» сөзін естігенде көңіл-күйлерің қандай болып өзгереді?
Көктемнің ерекшеліктерін анықтауға арналған сұрақтар қойылады.
|
Балалар әуен мен шығып жатқан дыбыстарға қатысты өз ойларын айтады.
(орман, құстар, қар еріп ағып жатыр)
Өз сезімдерін жеткізеді(қуанышты, көңілді, көтеріңкі)
(кеш келген көктем,сағындырып келген ,көп күттірген)
(қар ериді, шалшық су пайда болады)
|
|
|
Ұйымдастырушы
кезең
Сергіту сәті
|
«Көктем» тақпағын мәнерлеп оқу.(Сюжетті сурет пайдаланады)
Көктем келді: құс келді
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Көктем келді су ақты
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді гүл өсті.
Көбелектер гулесті.
Көктем келді: көл үсті
Көңілді де келісті.
Көктем келді: іс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Қазір барлығымыз бойымызды күн сәулесімен сергітіп алайық.
Көтеріліп жоғары күннің өзі,
Қарды ерітті, жылғалардан су ақты.
Жарқыраған алтындай күннің көзі,
Құшақтады құшағымен қуатты.
дидактикалық ойын:
«Сөз айт, көп айт»
дидактикалық ойын:
«Суретті жандандыр» (фланель тақта қолданады) Балалар қазір сендер сыйқыршы боласыңдар. Бірақ, сендердің қолдарыңда сыйқырлы таяқша емес, сыйқырлы сурет болады. Менің аузымнан шыққан сөздерді жандандырып көріңдер(балалардың қолына тақпақ мазмұнына сай жекелеме заттар мен құбылыстардың бейнелері,суреттері таратылады.)
- Көл үсті көңілді.
- Көктем келді, іс келді.
- Көбелектер гулесті
- Күннің көзі шуақты. Т.с.с.
дидактикалық ойын:
«Не қажет?»
|
Өлең сөздерін тыңдайды, жекелеме сөздерді суретке қарап еске сақтайды.
Тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Сурет бойынша сөйлем айтады, тақпақ мазмұнына сүйенеді.(Құс келді, ұшып келеді, гүлденеді)
Сурет мазмұнын түсінеді, айтады. Суретте болу керек құбылыстар мен заттарды атайды, оларды қою себебін түсіндіреді.
Тапсырманы дербес отырып орындайды.
|
|
|