СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы "Біз бақытты балалармыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы "Біз бақытты балалармыз"

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы "Біз бақытты балалармыз"»



Сабақтың тақырыбы: Біз бақытты балалармыз

Мақсаты: балалармен бірге тақырыпты қайталай отырып , тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, сұрақтарға жауап беруге үйрету. Ұқыптылыққа , ұйымшылдыққа баулу. 
Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер, муляждар,
Сөздік жұмыс: балабақша, отбасы, жемістер-көкөністер, азық-түлік, ойыншықтар.
Мотивациялық қозғаушылық кезең: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Балалар біз таңертең қайда келеміз?

  • Біз балабақшаға келеміз.

Эмоция тілімен... Топтық жұмыс.

  • Осы сөйлемді ренжу, қуану, таңданумен айтып көріңдерші. (Біз балабақшаға келеміз.)

  • Іздену-ұйымдастырушылық кезең: Балабақша қандай?

  • Балабақшамыз үлкен, әдемі,кең, жарық.

  • Біз балабақшада не істейміз?

  • Біз балабақшада сабақ оқимыз, тамақтанамыз, серуендейміз, жаттығу жасаймыз, ән саламыз, би билейміз, ойнаймыз.

  • Топта қандай ойыншықтар бар?

  • Топта қуыршақ, аю, қоян, зырылдауық, доп бар.

  • Доп неден жасалған?(қуыршақ, аю, ат, зырылдауық, телефон)

  • Доп резеңкеден жасалған. Аю ағаштан жасалған. Зырылдауық пластмассадан жасалған. Телефон темірден жасалған. Ат ағаштан жасалған. Қуыршақ матадан тігілген.

  • Балабақшада кімдер жұмыс істейді?

  • Балабақшада тәрбиеші, күтуші, мұғалім, ән-күй мұғалімі, денешынықтыру мұғалімі, аспазшы, дәрігер, күзетші жұмыс істейді.

  • Ал, сендер өскенде кім болғыларың келеді?

    • Мен өскенде мұғалім боламын.

    • Мен өскенде жүргізуші боламын.

    • Мен өскенде құрылысшы боламын.

    • Мен өскенде ұшқыш боламын.

    • Мен өскенде сатушы боламын.

  • Неге сендер бұл мамандықты таңдадыңдар?

  • Өйткені менің анам дәрігер.

  • Өйткені менің әкем күзетші.

  • Даша, сенің отбасыңда неше адам бар?

  • Менің отбасымда төрт адам бар. Олар: анам, әкем, інім және мен.

  • Кирилл, сенің отбасыңда неше адам бар?

  • Менің отбасымда алты адам бар. Олар: анам, әкем, атам, әжем, ағам және мен.

  • Тамаша, жарайсыңдар балалар! Ендеше бізді Айсұлудың ата-анасы үйіне қонаққа шақырып жатыр. Кәне орнымыздан тұрайық, жолға шығайық.

Сергіту сәті:

Секірейік, жүгірейік,

Қуанайық, күлейік.

Отырайық, дем алайық,

Дем алып-ап, жүрейік.

  • Міне біз Айсұлудың үйіне келдік. Айсұлу кең дастархан жайып қойыпты. Дастарханда не бар екен?

    • Дастарханда нан бар.

    • Дастарханда шай бар.

    • Дастарханда ірімшік бар.

    • Дастарханда бауырсақ бар.

    • Дастарханда құрт бар.

    • Дастарханда сүт бар.

    • Дастарханда айран бар.

    • Дастарханда шырын бар.

  • Арина, сен қандай шырынды жақсы көресің?

  • Мен алма шырынын жақсы көремін.

  • Балалар,, тағы қандай шырындар бар?

  • Алмұрт шырыны, сәбіз шырыны, қырыққабат шырыны, анар шырыны, қызылша шырыны, қызанақ шырыны бар.

  • Жақсы, ал сендер Айсұлудың үйінде не жеп, не іштіңдер?

  • Мен сүт іштім.

  • Мен шай іштім.

  • Мен бауырсақ жедім.

  • Мен құрт жедім.

  • Мен алма жедім.

  • Ал мен жүзім жедім. Балалар, жүзім қандай?(сызба-нұсқа бойынша жұмыс)

  • Жүзім кішкентай, түсі жасыл, дәмі тәтті, домалақ.

  • Алхоры қандай?

  • Алхоры кішкентай, түсі көк, дәмі тәтті, сопақ.

  • Өте жақсы, Айсұлуға рахметімізді айтып, бақшамызға қайтайық, жолда біраз серуендеп алайық. Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қазір күз мезгілі.

  • Дұрыс, сендер күз айларын білесіңдер ме?

  • Қыркүйек, қазан, қараша күз айлары.

  • Күзде ауа-райы қандай болады?

  • Күзде салқын болады. Жел соғады. Жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғаяды, түседі.

  • Күз туралы сергіту сәтін ілесіңдер ме?

Жаңбыр жауады тық-тық-тық

Сен далаға шық-шық-шық

Жел соғады гу-гу-гу

Жапырақ ұшады гу-гу-гу

  • Қандай тамаша, сендер бахыттысыңдар ма?

  • Йә, біз бахытты баблалармыз!

  • Ендеше сабағымызды әнмен аяқтайық. Әуезді дыбыстар. Топтық жұмыс.

Ән әуені бойынша дауысты дыбыстар ерекшелігі анықталады.

------------------------ а

------------------------ ә

------------------------ о

------------------------ ұ

Тамаша әншісіңдер! Сендерге сабағымыз ұнады ма? Сендермен не туралы сөйлестік? Кімге қонаққа бардық. Жарайсыңдар, балалар, тиісті фишкаларыңда ала ғойыңдар. Осымен сабағымыз аяқталы, сау болыңдар!