Сабақтың
тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау
Сабақтың
мақсаты: білімділік мақсаты:
а) билер мен шешендер туралы түсінік беру; өмір
жолы мен шешендік сөздері туралы мәлімет беру;
тәрбиелік мақсаты:
ә) шешендік сөздер арқылы ой – саналарын оятып,
жақсы мінезге, сергек те зерек болуға тәрбиелеу
дамытушылық мақсаты:
б) оқушылардың ой - өрістерін кеңейтіп, сөздік
қорларын байыту,
дамыту;
Сабақтың
типі: Аралас сабақ
Сабақтың
түрі; Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың
әдісі; сұрақ – жауап, түсіндірме, баяндау.
Сабақтың
көрнекілігі; шешендер портреті, кубик, әр түрлі қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс; тарих, қазақ тілі
Қосымша әдебиеттер; “Егемен Қазақстан” “Қаз дауысты Қаыбек би”, “Халық тәлімі”5 қаңтар 2006 жыл,“Шешендік сөздер тәлімі”, “Қазақ тілі мен әдебиет”журналы №9 2006 жыл, №4 2002 жыл, №5 2000 жыл, №4 2007 жыл т.б.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Үйге берілген “Тайкелтірдің төрелігі” тақырыбы сұралады
III. Үй тапсырмасын қорытындылау кезеңі
Кубиктің 6 қырындағы тапсырмалар бойынша жүзеге асырады.
IV. Жаңа сабақ.
1. Тақтаға тақырыпты жазамын. Содан соң топтастыру стратегиясын пайдаланамын.

2. Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы қысқаша түсінік беремін.


3. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жүргіземін.
Қазыбектің жауабын оқушылармен бірлесе отырып талдаймын.
Шідер – аттың үш аяғын тұсап байлайтын қайыстан немесе металдан жасалған зат.
О дүниеге жеткеніңіз - өлу
↓ ↓
эвфемизм дисфемизм
↓ ↓
сыпайы сөздер дөрекі сөздер


қазақ тілімен байланыстыру
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ішіне – сыртына әдісі.
“Кім жылдам?” ойыны арқылы жүзеге асырылады.
Төстік, Кенжекей, Қазыбек, Жаман, Мадан, Ерназар, Тайкелтір, Айғаным, Кендебай, Жалқұйрық, Ақтайлақ, Қанай, тазша бала, Мергенбай, Бекторы, Байдалы, Төле, Күдері, Бұқар.
Жоғарыдағы сөздерді мен оқып тұрамын, ал оқушылар дәптерлеріне жазып отырады.
Ішіне (ертегі кейіпкері) сыртына(шешендік сөздің кейіпкері)
↓ ↓
Төстік, Кенжекей т.б. Қазыбек, Тайкелтір т. б.
2.Бес жолды өлең
1. Зат есім Қазыбек
2. Сын есім құрметті, сыйлы
3. Етістік шешеді, талқылайды, айтады.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем
Қазыбек ел дауын шешкен.
5. Синоним. Би, шешен
VII. Үйге тапсырма;
1. Шешендік сөзді жаттау.
2. Қазыбек би туралы реферат жазу.