СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Капилярлық , веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Капилярлық, веналық, артериялық қан кетде көрсетілетін алғашқы көмек.Аяқ-қол қан тамырлары зақымданғанда жгутты пайдала пайдаланып көмек көрсету. мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек. 

Просмотр содержимого документа
«Капилярлық , веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.»

Бекітемін:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Капилярлық , веналық және артериялық қан кетуде
көрсетілетін алғашқы көмек. Аяқ – қол қан тамырлары
зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету.
Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек. Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға қан кету түрлері туралы түсінік беру.

  • Адамгершілікке, салалауатты өмір салтына тәрбиелеу.

  • Оқушыларды қан кету кезіндегі алғашқы көмек көрсете білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдстыру кезеңі А) амандасу
Ә) түгендеу
Б) сабаққа дайындықтарын тексеру
В)топқа бөлу.

(қан топтарының түрлеріне қарай топқа бөлу.)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1 – тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

  1. Капиллярдағы қан қысымының жылдамдығы қандай?

  2. Жүрек неше бөлімнен тұрады?

  3. Қан тамырларды ата?

  4. Тамырдың соғуы дегеніміз не?

  5. Артериялық қысым дегеніміз не?

Жауабы:

1. 0,5 мм/с

2. төрт бөлімнен, екі жүрекше және екі қарынша

3. Артерия, вена, капилляр

4. Тамырдың соғуы - жүрек жиырылған сайын пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.

5. Артериялық қысым –бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысымы.


(жауаптарын дәптерге жазып, көршісіне тексеруге береді. Ол оқушы тақтадағы

дұрыс жауаппен салыстырып тексеріп, дұрыс жауап санын көрсетіп қайтарады.)



2- тапсырма: Есеп шығару.

1.Қалыпты жағдайдағы жүрек 1 минут ішінде орта сеппен 6 литр қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта қанша мөлшерде қан айдайды?

2. Қалыпты жағдайдағы жүрек 1 минут ішінде орта сеппен 6 литр қанды тамырларға айдаса, 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?

3.1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді, 1 сағатта қанша рет өтеді?

4. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді, тәулікте қанша рет өтеді?

Жауабы:

1.60х6=360 рет, яғни 1 сағатта 360 литр қан айдайды.

2. .60х6=360 рет, 360x24 =8640, яғни 1 тәулікте 8640 литр қан айдайды.

3.60 х2=120, яғни 1 сағатта-120 рет айналып өтеді.

4. 60 х2=120, 120х24=2880, яғни 1 тәулікте 2880 рет айналып өтеді.

(жауаптарын жазып, көршісі топтармен алмастырады, тексеруге береді. Ол топ тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып тексеріп, дұрыс жауапты бағдаршам әдісі арқылы бағадайды..)



ІІІ. Сергіту сәті

ІV. Жаңа сабақ

Оқушылар көрмеге саяхат жасап жаңа тақырыпқа қатысты суреттермен танысады.


Мәтінмен танысу: (ауддио запись арқылы.)

Қан кетудің үш түрін ажыратады.: Капиллярлық,Веналық және Артериялық. Капиллярлық қан кетуде жарақаттан қан тамшылап, баяу ағады. Сондықтан оны тоқтату оңай. Алғашқы көмек: жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен (5 % -дық) өңдеп таза дәке таңғышын салып, орап тастау керек.

Веналық қан кету қызыл қою түсті қан ағатын веналар зақымданғанда болады. Ірі веналар зақымданған кезде жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп сүртеді, қысатын таңғыш салады. Аяқ – қол жарақаттанған жағдайда оларға қан жүруді азайту үшін көтеріп ұстау керек. Егер қысатын таңғыш қан кетуге көмектеспесе , онда міндетті түрде дәрігерге апару керек. Ірі веналардың зақымдануы өте қауіпті және көп қан кетуі мүмкін. Оларға ауа кірсе. Өкпе тамырлары бітеліп, мүшелер мен ұлпаларға оттектің түсуі бұзылуы мүмкін.

Артериялық қан кету адам өміріне едәуір қауіпті болып саналады, себебі бұл кезде көп қан кетеді. Қан ашық алқызыл түсті болып жарақаттан атқылап ағады. Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып, жгутпен қысу керек. Егер жгут дұрыс салынса, қан кету тоқтайды.

Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутты ересек адамдарда екі сағаттан, ал жас балаларда 40-60 минуттан артық ұстауға болмайды. Сондықтан жарақатты жерге жгут салынған уақытты дәл көрсетіп, қағаз жапсырып, зардап шеккен адамды тез арада ауруханаға жеткізу керек.

V.Бекіту

1 тапсырма – «Мен қан кетуде алғашқы көмек көрсетуге дайынмын»

көрініс қою . (4 топқа төрт түрлі қан кету типтері беріледі.)

1 топ - Капилярлық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.

2 топ - Веналық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.

3 топ - Артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.

4 топ - Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

Критерийлері :

1Барлық топ мүшелері қатысуы тиіс

2Тақырыптан ауытқымау

2 тапсырма Қан кетуге қатысты төмендегі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігін анықтаңыз.

(Оқушылар қағазға «Дұрыс», «Дұрыс емес» деп жазып алып мұғалімнің келтірген мәліметтерін анықтап жауап көтереді.).

  • Капиллярлық қан кеткенде адам көп қан жоғалтуы мүмкін..( Дұрыс емес)

  • Жгутты ересек адамдарға 2 сағаттан артық уақыт салуға болмайды.(Дұрыс)

  • Веналық қан кету кезінде қан алқызыл түсті болады. (Дұрыс емес)

  • Қан кетудің 3 түрін ажыратады (Дұрыс)

  • Артериялық қан кету кезінде қан жарақаттан атқылап ағады..(Дұрыс)

  • Артериялық қан кету ада өміріне қауіпсіз.(Дұрыс емес)

VI . Үйге тапсырма Жүрек және қан тамырлар жүйесінің аурулары.VІI .Бағалау.Тапсырмалардан алған бағаларын жинақтап журналға түсіру.

VІI. Кері байланыс

Баспалдаққа шығу әдісі бойынша тақтадағы баспалдақтың сатысынан өзінің орнын көрсету. Критерийлерге жеткенін немесе не себепті жете алмағанын сұрау



































І қан тобы

ІІ қан тобы

ІІІ қан тобы

IVқан тобы





  1. Капиллярдағы қан қысымының жылдамдығы қандай?

  2. Жүрек неше бөлімнен тұрады?

  3. Қан тамырларды ата?

  4. Тамырдың соғуы дегеніміз не?

  5. Артериялық қысым дегеніміз не?


  1. Капиллярдағы қан қысымының жылдамдығы қандай?

  2. Жүрек неше бөлімнен тұрады?

  3. Қан тамырларды ата?

  4. Тамырдың соғуы дегеніміз не?

  5. Артериялық қысым дегеніміз не?


  1. Капиллярдағы қан қысымының жылдамдығы қандай?

  2. Жүрек неше бөлімнен тұрады?

  3. Қан тамырларды ата?

  4. Тамырдың соғуы дегеніміз не?

  5. Артериялық қысым дегеніміз не?


  1. Капиллярдағы қан қысымының жылдамдығы қандай?

  2. Жүрек неше бөлімнен тұрады?

  3. Қан тамырларды ата?

  4. Тамырдың соғуы дегеніміз не?

  5. Артериялық қысым дегеніміз не?

1 топ - Капилярлық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.



2 топ - Веналық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.



3 топ - Артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.





4 топ - Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.







1.Қалыпты жағдайдағы жүрек 1 минут ішінде орта сеппен 6 литр қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта қанша мөлшерде қан айдайды?



2. Қалыпты жағдайдағы жүрек 1 минут ішінде орта сеппен 6 литр қанды тамырларға айдаса, 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?



3.1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді, 1 сағатта қанша рет өтеді?



4. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді, тәулікте қанша рет өтеді?