СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы "Мамандықтың бәрі жақсы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы "Мамандықтың бәрі жақсы". 

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері, құрал–жабдықтары.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы "Мамандықтың бәрі жақсы"»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Топ: Ортаңғы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Мемлекеттік тіл»

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері, құрал–жабдықтары.

Сөздік жұмысы: тәрбиеші, күтуші, мұғалім, дәрігер,аспаз, шаштараз,тігінші

Оқу іс-әрекеті

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балаларды ортаға шақырады.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Жарқыраған күнге!




Балалар мұғаліммен бірге қимылдарды орындайды



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Күзде ауа райы қандай болады?

Күзде қандай құбылыстар болатынын көрсетейік.

Жаңбыр жауады тық-тық-тық

Сен далаға шық-шық-шық

Жел соғады гу-гу-гу

Жапырақ ұшады ду-ду-ду


Балалардың назарын суретке аудара отырып, жаңа сөздермен таныстыру.

Билингвальды компонент:


Тәрбиеші- воспитатель

Күтуші- помощник воспитателя

Мұғалім-учитель

Дәрігер- врач

Аспаз- повар

Дыбыстық жаттығу:

Ші-ші-тәрбиеші

Ші-ші-күтуші

Лім- лім-мұғалім

Гер- гер- дәрігер

Паз- паз -аспаз

 Мынау – тәрбиеші. Мынау – күтуші. Мынау – мұғалім.Мынау – дәрігер. Мынау – аспаз.

Сергіту сәті

Шаршамаймыз ешқашан

Демаламыз бой жазып.

Жүгіреміз, секіреміз

Көңілденіп, ән салып.



Д/о: «Мамандық иелерінің құралдары»

Шарты: Әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастыру.

Күз мезгілі

Күзде салқын болады. Жел соғады. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды, түседі. Құстар ұшып кетеді.










Балалар сөздерді қайталап айтып, тілдерін жаттықтырады






Балалар тыңдайды, дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтып жаттығады.












Балалар әр мамандық иесінің құралдарын іздеп, табады

Рефлексиялық-

түзетушілік


«Иә, жоқ» ойыны

Бұл дәрігер ме?

Бұл аспаз ба?

Бұл тәрбиеші ме?

Бұл мұғалім бе?

Бұл тігінші ме?

Балаларды мадақтау.



Иә, бұл- дәрігер

Жоқ, бұл- мұғалім

Жоқ, бұл- күтуші

Иә, бұл- мұғалім.

Жоқ, бұл- аспаз



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Мамандықтың бәрі жақсы екенін ұғынады.

Түсінеді: Түрлі мамандық иелері бар екенін түсінеді.


Қолданады: Мамандық деген жаңа ұғымды сөздік қорларында қолданады.