басы | Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан мұғалім оқушыларды 9 сыныпта жүргізілетін тақырыптармен таныстырады. Оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында «сұраққа жетіп ал» белсенді әдісі қолданылады. Ол үшін мұғалім кішірек допты сұрақ қоя отырып бір оқушыға лақтырады.Ол оқушы келесі оқушыға сұрақ қоя отырып допты лақтырады. Сұрақтар: - Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не? - Тоқыма өнерінің түрлерін атаңыз; - Алаша өнері дегенді қалай түсінесіз? - Кілем, гобелен тоқу өнері дегеніміз не? Осылайша мұғалім 3 минут ішінде оқушылардың алдыңғы білімдерін анықтайды. | Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау. | Оқулықтағы графикалық суреттер |
ортасы | Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері. Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше Пластмасса кигізілген қарапайым-біз Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Негізгі шалу түрлері мыналар: Оқушыларды «қаламсап» әдісі арқылы 3 топқа біріктіру. Тоқыма өнеріндегі кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлері түрлі-түсті қағазға жазылып жеребе таратылады. Әр топ оқушылары берілген тоқыма өнері туралы мәліметтер жинақтайды. Тапсырма: Әр топқа тиісті кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлерінің тарихын, тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттеңіздер. Қазақстандық және әлемдік тоқыма өнерінен мысалдар келтіріңіздер. Дескриптор: кілем, гобелен, алаша өнерінің тарихын біледі; кілем, гобелен, алаша өнерінің түрлерін анықтайды; тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттейді; қазіргі кілемдер түрлерін анықтайды. мәліметті сызба, сурет ретінде флипчартқа түсіреді; зерттеу жұмысына таныстырылым жасайды Оқушылар жоғарыда аталған тоқыма өнері туралы туралы мәліметтер жинақтап флипчартқа сызба, сурет ретінде түсіреді, бояуда орындайды, креативті таныстырылым жасауға дайындалады. Зерттеулерін біткен топ қол шапалақтап белгі береді және таныстырылымға шығады. Таныстырылым аяқталған соң өзге топ оқушылары басбармақ әдісінде өзара бағалау жүргізіп, әр топтан бір оқушы ауызша кері байланыс береді. Оқушылардан бүгінгі сабаққа байланысты кері байланыс алынады. Ол үшін «білемін», «білмеймін», «білгім келеді» деген үш бағаннан тұратын «Ой толғау» кері байланыс парақшасы беріледі. Оқушылар өз ойларын осы кестеге жазады. 3.Тәжірбиелік жұмыс кезеңі. Зерттеу, тәжірбиелік, шығармашылық дағдыларды дамытуға, түспен тәжірбие жасауға арналған тапсырма: Киіз басу (немесе ши тоқу) техникасындағы шығармашылық жұмысқа нобай орындау. Бағалау критерийлкрі және дескрипторлармен таныстыру. | Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз бас) Әр түрлі ұлттық бұйымдармен танысады. Оқушылар сәндік-қолданбалы өнер үлгілер атауын анықтайды. Ою атауларымен суреттерін скетчбукке түсіреді;; Өзіңің зерттеу жұмысы туралы баяндайды; Атқарылған жұмыстар туралы қорытындылар жасайды. (Видеофильмді көру) Жасаған нобайлары мен жоспарын жұпта талқылайды Топтағы әр оқушы қарсы топтағы әр оқушыға сұрақ қояды. | Дискриптор арқылы бағалау Киіз басу өнерін зерттейді; Киізден орындалатын бұйымдардын атауларын анықтайды; Киіздің емдік қасиеттерін анықтайды Бұйымдардын атаулары мен суреттерін скетчбукке түсіреді; Өзіңің зерттеу жұмысы туралы баяндайды; Атқарылған жұмыстар туралы қорытындылар жасайды. Қазақ халқының ұлттық ою-өрнек түрлерімен айырмашылықтарын анықтайды; | Интерактивті тақта 3-Слайд. 4-5 слайдтар 6-Слайд. PZ2KFLcY Слайд 8-9. Кітаптар, журналдар, зерттеу үшін мәтін, фотосуреттер, суреттер. |