СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Халқымыздың асыл қазыналы ұлттық дәстүрлеріміздің тағамдары

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халқымыздың асыл қазыналы ұлттық дәстүрлеріміздің тағамдары туралы терең мәліметтер беру

Просмотр содержимого документа
«Халқымыздың асыл қазыналы ұлттық дәстүрлеріміздің тағамдары»

«Надеждин жалпы білім беретін мектебі» КММ









Ашық сынып сағаты:

«Халқымыздың асыл қазыналы ұлттық дәстүрлеріміздің тағамдары»







Мұғалім Баянбаева К.И.



























2021-2022оқу жылы

Тақырыбы:

«Халқымыздың асыл қазыналы ұлттық дәстүрлеріміздің тағамдары»

Мақсаты: ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру.Балаларға өзіміз қазақ халқымыздың асыл қазыналы ұлттық дәстүрлеріміздің тағамдарымен таныстыра отырып, ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу. Бұрынғы ата-бабаларымыздың қалай өмір сүріп жүргені туралы айтып түсіндіру.

Көрнекіліктер: слайдтар, видеоматериал, буклеттер,кітаптар











































Барысы:



Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан бүгін біз қазақ халқының дастарқаны туралы, біздің ұлттық тағамдар туралы айтып өтеміз. Жоғары сынып оқушылары сіздерге көп таныс емес материалдарды жинап, сіздердің білімдеріңіздіді толықтырады.

Оларды мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап бересіз.

1-жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші?

-Күн суық, жерде аппақ қар жатады, адамдар қалың киімдерін киеді, анда-санда аяз, борандар,бұрқасын болып тұрады.

-Жарайсыңдар.

-Қыс суық болғандықтан, адамдар бұрын алыс жолға ат арбамен шыққанда, жылы қалың киімдерін кигенмен қатар,тоңбау үшін жылқының етін жеп,сорпасын ішкен екен.

Қазақтардың басты тамағы ет болған. Еттердің ішінде жоғары бағаланған жылқының еті болған.

-Одан не жасаған?

- Одан әр-түрлі тағамдар пісірген.

-Жақсы,жарайсыңдар?

2- жүргізуші:

Еттен жасалған қандай ұлттық тағамдады білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.Содан кейін презентация арқылы оқушылардың білімдері толықтырылады)

Ет (жас ет, сүр ет).

Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.

Жөргем– бунақтап өрілген ішек.

Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.

Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.

Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.

Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.

Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.

Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.

Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.

Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам

1-жүргізуші:

Қой етін көбінесе жазғы уақытта жеген. Асылған ет басты тағам болып саналған. Оған таба нан қосып жеген. Сорпаны қазақтар еттің артынан ішкен. Өкпе-бауырды кішкене турап қуырдақ жасаған. Сиыр еті тамаққа пайдаланылмаған.
Видеоматериал : Шұжықты қалай дайындайды?

2- жүргізуші:

-Сүттен жасалған қандай тағамдарды білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.Содан кейін презентация арқылы оқушылардың білімдері толықтырылады)

Айранды кейде қатық деп атаса, шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран. Қойыртпақ-қатыққа, айранға,қымызға,ішетін іркітке сүт немесе су қосып,торсыққа құйып,қанжығаға байлап жүріп далада ішетін ақ, сұйық айран.Қанжығада жүріп көп шайқалғандықтан қойыртпақтың ашыған дәмі білінбейді, ішуге дәмді, асқазанға жеңіл болады. Қойыртпақ көбінесе малшыларға, сондай-ақ

Жолаушыларға өте қолайлы.

Сүтті тағамдар әр түрлі болды. Жылқы сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат дайындалды. Сиыр, ешкі, қой сүттерінен май, ірімшік, тағы да басқа тағамдар әзірленді. Айран – қазақтардың сүйікті бір сусыны болған. Су мен айранның қосындысы «шалап» деп аталды. Сүттен май шайқалды. Көп уақытқа сақтау үшін майды суық сумен жуып, тұздап, қой қарынына салған. Тағамдардың ішіндегі ерекше орында – ірімшік болды. Күнде кептірілген құрты қыста ыстық сорпаға езіп салады. Ірімшіктің «сары ірімшік» және «ақ ірімшік» деген түрлері болды.
Іркіт. Құрт қайнату, кейде майын алып, іркітін сусынға ішу үшін сабаға, күбіге жинап ашытқан айран-қатық, шикі сүт. Іркіттің басын піскен сүттен ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Содан кейін оны пісіп, сапырыпсусын орнына да ішеді.іркіттің түрлері: - қойдың іркіті, сиырдың іркіті, пісірілген іркіт, сабаның іркіті, күбінің іркіті.
Быршымы. Ұйытқысы нашар болған немесе көп тұрып қалған іркіт түрлері, одан көбінесе құрт қайнатылады.
Тұрнияз. сүтке май, су, езген құрт, ақтаған тары қосып қайнатқан соң бұқтырып қойып жейтін оңтүстік қазақтарының сүйікті асы, ұнды бөлек қуырып алып, тұрнияздың үстіне себелеп те әзірлейді.
Ежегей. Көбінесе қой сүтіне езілген құрт қосқан қойыртпақ. Ол адамды тер торлатады, оңалтады.
Ақірім. Сүр еттің сорпасына айран қатық немесе қымыз қосып сапырып ішетін қышқыл сусын. Ол әрі сусын, әрі тамақты бойға жақсы тартады. Ертеректе сүр етке тойғаннан кейін құр шай немесе ақірім ішу салт болған.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқын дәмінің бірі.
Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбігідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқының көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ боолғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз ескі қымыз, ол – жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.
Қымыздың түрлері. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қыыз, күзгі қымыз, қысқы қымыздеп атаған.
Құнан қымыз. Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға беріледі. Кейде ол ас пен тойларға апару, ұзақ отырыстарда ішу үшін даярланады.
Төрт тәулік бойы ашытылған дөнен қымыз, бес тәулік бойы ашытылған бесті қымыз, одан да күшті асау қымыз деген күшті қымыздар да көбінесе сондай мәжіліс, тойларға арналып ашытылады. Саумал баяу ашыған немесе ащы қымызға жаңа сауған бие сүтін қосып пісу арқылы жұмсартылған, қарттар мен балаларға арналған қымыз.
Сірге жияр қымызы. Күзді күні бие ағытарда соңы қымыз бірнеше күн жиналады. Салт бойынша ел шақырып, ет асып, сірге жияр қымыз бөліп ішіледі.
Қазақ этнографиясына тән жазбалы деректер мен ауыз әдебиеті бойынша қымыздың басқа да 25 түрлі атауы бар.
1- жүргізуші:

-Балалар, ұннан жасалған қандай тағамдарды білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.Содан кейін видеоматериал арқылы оқушылардың білімдері толықтырылады)

Мұғалімнің сөзі:

-Балалар, қандай жаңа мәліметтерді білдіңдер?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

Ас, тағам туралы мақал-мәтелдерді кім тез жалғастырады?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.) Тәрбиелік сәттерде арасында болады


мақал-мәтелдер сонын аяқтау Жауаптары:

Қарны ашқан қазанға ... (қарар.)


Ас тұрған жерде... (ауру тұрмайды.)


Мешкей деген жақсы... ( атақ емес.)


Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа ... (қарайды.)


Ет дегенде бет... ( бар ма?)


Өле жегенше, ... (бөле же.)


Асы бар аяқтан... (аттама.)


Тату үйдің тамағы... ( тәтті.)


Сыйлап берсе, .... (суын іш.)


Ас адамның —... ( арқауы.)


Нан— тамақтың ... (атасы)
Ынтымақ — көптің... ( батасы.)


Ас иесімен... ( тәтті,)
Табағымен ... (жақсы.)


Ет — етке, сорпа — ... (бетке.)


Аш тамағым, тыныш ... (құлағым.)


Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе ... (сол ілінеді.)


Сұрап бергенше, ... (Соғып бер.)


Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін... (тастама.)


Бауыр шырын, ... (бас тәтті,)
Ағайынмен ішкен... ( ас тәтті.)


-Балалар, сонымен біздің ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға рахмет.