СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Химиялық олимпиадалар бағдарламасы. 7-11 сынып.

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл арнайы курстың мақсаты дарынды балаларды олимпиадалардың барлық деңгейлерiнiң мазмұнымен таныстыру. Мектептен бастап халықаралық олимпиадаларға дейiн жетемiн деген талапкерлер осы бағдарламада аталған мәселелердi қалай да болса меңгеруi керек.

Просмотр содержимого документа
«Химиялық олимпиадалар бағдарламасы. 7-11 сынып.»

1. Химиялық олимпиадалар бағдарламасы


Түсiнiктеме


Бұл арнайы курстың мақсаты дарынды балаларды олимпиадалардың барлық деңгейлерiнiң мазмұнымен таныстыру. Мектептен бастап халықаралық олимпиадаларға дейiн жетемiн деген талапкерлер осы бағдарламада аталған мәселелердi қалай да болса меңгеруi керек.

Бұл бағдарламаны мұғалiм жуық бағдар ретiнде қарастыру керек. Мұнда Қазақстанның құрама командасының халықаралық олимпиадаларға бiраз жылдар қатысып жұрiп жинаған тәжiрибесiн ескерiлдi. Қазiргi олимпиадалардың деңгейлерiнiң тым жоғары болғандығы соншалық, мектеп бағдарламасынан көп тысқары кеттi.

Мұғалiм өзi оқушының дайындықты бастаған кездегi деңгейiне қарай қосып-алып немесе тақырыптардың кезегiн басқаша орналастыруынаболады. Қай тақырыпқа қанша уақыт бөлу де әркiмнiң өз еркiнде, себебi көп нәрсе оқушының бастапқы дайындығына және қабiлетiне байланысты. әйтеуiр осы бағдарламада келтiрiлген сұрақты тиiстi мерзiмде меңгерсе болғаны. Лабораториялық жұмыстар туралы да дәл осылай айтуға болады. Егер мектептiң өзiнде жағдай болмаса, жақын жердегi университеттiң тәжiрибеханасында жаттыққан жөн болар едi. Кейбiр тәжiрибе жасауға қажеттi қимылдарды көздi жұмып жасайтындай халге жету керек. Кейбiр тәжiрибелiк жұмыстардағы жететiн дәлдiк сол әдiске тән дәлдiктен кем болмағанша жаттығуды қайталай беру керек.

Оқушыларды арнайы әдебиеттермен қамтамасыз ету олимпиадаларға дайындалу кезiнде өте маңызды орын алады. Бiраз дағдыланғаннан кейiн кейбiр дарынды оқушылар тiптi мұғалiмдi керек қылмайды, жақсы оқулықтар мен оқу құралдары болса болды. Олардың тiзiмiн уақыт өткен сайын толықтырып отыру керек. Бiз өзiмiздiң тұрғыдан қарағанда ең жақсы деген кiтаптардың тiзiмiн келтiрдiк. Тiзiмнiң ұлкен болып көрiнуi де мұмкiн. әркiм өз маңайынан тапқанын, немесе сұйгенiн, немесе шамасының жеткенiн оқиды. Халықаралық олимпиадаларды өткiзушi елдер жыл сайын Интернет жұйесi арқылы алдағы болатын олимпиада дайындалуға арналған жаттығу есептерiн жариялап тұрады.

Меңгеруге тиiстi сұрақтар тым көп және қиын болғандықтан дайындықты ертерек бастау керек. Бiздiң ойымызша 8 сынып оқушылары университеттiң 1 курсының, 9 сынып - 2 курсының, 10 сынып - 3 курсының және 11 сынып - 4 курсының химиялық сабақтарының бағдарламаларын меңгерсе ғана халықаралық олимпиадаларда жұлделi орындардан ұмiттенуге болады. Бұл әрине аз және оңай жұмыс емес. Олимпиадалардың деңгейлерi кұннен кұнге қиындамаса, оғайлайтын тұрi жоқ. Сондықтан жеңiмпаз болам деген оқушылар қалай да болсын жолын тауып университеттiң химия курсының бәрiн болмаса да көпшiлiгiн меңгеруi тиiс. Жағдай солай!

Химиялық олимпиадалардың

барлық деңгейлерiне дайындалуға арналған бағдарлама

8 сынып


Семиинар сабақтарында шығарып ұйренуге ұсынлатын

есептердiң негiзгi типтерi

Химиялық формулалар бойынша жұргiзiлетiн есептеулер

  1. Заттың салыстырмалық молекулалық массасын оның формуласы бойынша есептеу.

  2. Кұрделi заттың құрамындағы элементтердiң массаларының қатынастарын оның формуласы бойынша есептеу.

  3. Кұрделi заттың құрамындағы элементтердiң массалық ұлестерiн оның формуласы бойынша есептеу.

  4. Берiлген зат мөлшерi бойынша заттың массасын есептеу.

  5. Берiлген массасы бойынша оның зат мөлшерiн есептеу.

  6. Газдардың салыстырмалық тығыздықтарын есептеу.

  7. Белгiлi мөлшерде берiлген газ тәрiздi заттың қалыпты жағдайда алатын көлемiн есептеу.

  8. Қалыпты жағдайда белгiлi бiр көлем алатын газ тәрiздi заттың массасын есептеу.

  9. Массасы бойынша газ тәрiздi заттың қалыпты жағдайда алатын көлемiн есептеу.

  10. Газ тәрiздi заттың молярлық массасын Клапейрон - Менделеев теңдеуi бойынша есептеу.

  11. Белгiлi массалық ұлестерi бойынша белгiсiз заттың қарапайым (эмпирикалық) формуласын табу.

  12. Жану өнiмдерiнiң массалары мен көлемдерi және олардың буларының салыстырмалы тығыздықтары бойынша органикалық заттардың нағыз (молекулалық) формулаларын табу.

  13. Электрбейтараптық шартын пайдалана отырып, иондық қосылыстардың эмпирикалық формулаларын табу.

Ерiтiндiлер дайындауға байланысты есептеулер

  1. Ерiген заттың массалық (көлемдiк) ұлесiн есептеу.

  2. Ерiген заттың массалық ұлесi бойынша ерiтiндiдегi ерiген зат пен ерiткiштiң массаларын есептеу.

  3. Ерiген заттың концентрациялары әртұрлi ерiтiндiлерiн араластыруға байланысты есептеулер: кәдiмгi әдiс, алгебралық әдiс және крест әдiсi.

  4. Заттардың ерiгiштiгiне байланысты есептеулер.

  5. Олеум тұзiлуiне байланысты есептеулер

  6. Ерiген заттың молярлық концентрациясына байланысты есептеулер.

  7. Ерiген заттың эквивалентiнiң молярлық (нормальдық) концентрациясына байланысты есептеулер.

  8. Ерiген заттың моляльдық концентрациясына байланысты есептеулер.

  9. Ерiген заттың концентрациясын өрнектеудiң бiр тұрiнен басқа тұрлерiне көшуге байланысты есептеулер.

  10. Ерiтiндiлердiң компоненттерiнiң молярлық ұлестерiе байланысты есептеулер.


Химилық реакциялар теңдеулерi бойынша есептеулер


  1. Реакцияға тұсетiн заттардың бiреуiнiң массасы бойынша реакция өнiмдерiнiң массаларын есептерiн есептеу.

  2. Бiреуi артық мөлшерде алынған бастапқы заттардың белгiлi массалары бойынша реакция өнiмдерiнiң массаларын есептеу.

  3. Басқа газдың белгiлi көлемiмен қалдықсыз әрекеттесуге қажеттi газ көлемiн есептеу.

  4. Реакция өнiмiнiң теориялық мұмкiндiкке қарағандағы шығымын есептеу.

  5. Құрамында белгiлi бiр қоспасы бар, бастапқы заттардың массасы (көлемi) бойынша реакция өнiмiнiң массасын (көлемiн) есептеу.

  6. Бiрнеше тiзбектес реакциялардың теңдеулерi бойынша жұргiзiлетiн есептеулер.

  7. Бiр мезгiлде параллель жұретiн бiрнеше реакциялардың теңдеулерi бойынша есептеулер ( қоспаның құрамын табу).

  8. Орын басу реакцияларының теңдеулерi бойынша есептеулер.

  9. Химиялық реакциялардың жылдамдығына және химялық тепе-теңдiкке байланысты қарапайым есептеулер.

  10. Эквивалент ұғымына байланысты есептеулер.

  11. Электролизге байланысты есептеулер.

  12. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестiру әдiстерi.

  13. Заттарды химиялық қасиеттерiне сұйене отырып анықтауға (Сапалық анализ) арналған есептер.

Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Задачи международных химических олимпиад./ Под общ.ред. В.В.Еремина.- М.: Изд-во «Экзамен», 2004,- 416с.

  2. Еремин В.В. Теоретическая и математическая химия для школьников. Подготовка к химическим олимпиадам.- М.: МЦНМО, 2007.- 392с.

  3. Лунин В.В., Ненайденко В.Г., Рыжова О.Н., Кузьменко Н.Е. Химия XXI века в задачах международных Менделеевских олимпиад./ Под ред. В.В.Лунина.- М.: Изд-во Моск. Ун-та: Наука, 2006.- 384с.

  4. Сорокин В.В., Свитанько И.В., Сычев Ю.Н., Чуранов С.С. Современная химия в задачах международных олимпиад.- М.: Химия,1993. - 288с.

  5. Оржековский П.А., Медведев Ю.Н., Чураков А.В., Чуранов С.С. Всероссийская химическая олимпиада школьников. – М.: Просвещение, 1996.- 192с.

  6. Задачи всероссийских олимпиад по химии / Под общ. ред. В.В.Лунина. - М.: Изд-во «Экзамен», 2004,- 480с.

  7. Кузьменко Н.Е., Еремин В.В. 2500 задач и упражнений по химии. - М.: ООО: Издательский дом «ОНИКС21 век» ООО « Издательство «Мир и Образование», 2002.- 640с.

  8. Химия: формулы успеха на вступит. экзаменах./ Под ред Н.Е.Кузьменко, В.И.Теренина.- М.: Изд-во Моск.ун-та.:Наука, 2006.- 377с.

  9. Сорокин В.В., Загорский В.В., Свитанько И.В. Задачи химических олимпиад (Принципы и алгоритмы решений) /Под ред. Е.М. Соколовской. М.: Изд. МГУ, 1989.- 256с. (Электронный вариант имеется в Интернете. См. Сайт МГУ: www.chemnet. msu.ru).

  10. Польские химические олимпиады. Пер. с польск. Под ред. С.С. Чуранова. М.: Мир, 1989. -533c.

  11. Будруджак П. Задачи по химии. Пер. с румынск. М.: Мир, 1989.- 343с.

  12. Сборник заданий I-XV международных химических олимпиад (1968-1983гг.). /Под ред. В.В. Сорокина. М. : Изд. МГУ, 1986.- 191с.

  13. Дайнеко В.И. Как научить школьников решать задачи по органической химии. М.: Высш. шк., 1987.- 160с. (имеется перевод на казахском языке).

  14. Чуранов С.С. Химические олимпиады в школе. - М.: Просвещение, 1982.-191с.

  15. Третья Соросовская олимпиада школьников. 1996-1997.-М.: МЦНМО, 1997.-512с.

  16. Четвертая Соросовская олимпиада школьников. 1997-1998.-М.: МЦНМО, 1998.-512с.

  17. Пятая Соросовская олимпиада школьников. 1998-1999.-М.: МЦНМО, 1999.-512с.

  18. Холин Ю.В., Слета Л.А. Репетитор по химии.-Харьков: Фолио, 1998. - 400с.

  19. Габриелян О.С., Прошлецов А.Н. Химия. 8-11 кл. Региональные олимпиады 2001/2002. – М.: Дрофа, 2005.- 287с.

  20. Адамович Т.П., Васильева Г.И., Мечковский С.А., Станишевский.Л.С Сборник олимпиадных задач по химии.. Мн. : Нар. асвета, 1980. - 80с.

  21. Адамович Т.П., Г.И. Васильева, С.А. Мечковский, В.И. Тыворский. Сборник олимпиадных задач по химии. - Мн.: Нар. асвета, 1988.- 80с.

  22. Олимпады по химии: Сборник задач / И.И.Кочерга, Ю.В.Холин, Л.А.Слета и др. – Харьков: веста: Изд-во «Ранок», 2002.- 400с.

  23. Сборник экспериментальных заданий Всесоюзных химических олимпиад школьников / Составители: Оганесян Л.Б., Свиршевская Г.Г.-М.: МХТИ им.Д.И.Менделеева ,1988. - 48с.

  24. Николаенко В.К. Решение задач с повышенной сложности по общей и неорганической химии. -Киев, Рад. школа, 1990. - 159с.

  25. Николаенко В.К. Сборник задач по химии повышенной трудности / Под ред. проф. Г.В.Лисичкина. -М.:РОСТ, МИРОС, 1996.- 192с.

  26. Суворов А.В., Карцова А.А., Потехин А.А., Днепровский А.С. Увлекательный мир химических превращений. - СПб.: Химия, 1998. -168с.

  27. Окаев Е.Б. Олимпиады по химии: сб.тестов и задач.- Мн.: ТетраСистемс, 2005.- 144 с.

  28. Олейников Н.Н., Муравьева Г.П. Химия. Основные алгоритмы решения задач. / Под ред Ю.Д.Третьякова.- М.: УНЦ ДО, Физматлит, 2003.- 272 с.

  29. Демидов В.А. Нестандартные задачи по химии: 9-11 классы. – М.: Первое сентября, 2004.- 80 с.

  30. Сборник конкурсных задач с решениями. / Под ред. М.А. Володиной. – М.: Изд-во МГУ, 1983. - 248с.

  31. Лабий Ю.М. Решение задач по химии с помощью уравнений и неравенств.- М.: Просвещение, 1987. - 80с.

  32. Середа И.П. Конкурсные задачи по химии. – Киев: Вища школа, 1979. - 239с.

  33. Хомченко Г.П., Хомченко И.Г. Задачи по химии для поступающих в вузы.- М.: Высш. школа., 1987. - 238с.

  34. Гудкова А.С., Ефремова К.М., Магдесиева Н.Н., Мельчакова Н.В. 500 задач по химии.- М.: Просвещение, 1981.- 159с.

  35. Магдесиева Н.Н., Кузьменко Н.Е. Учись решать задачи по химии.- М.: Просвещение, 1986. - 160с.

  36. Адамович Т.П., Васильева Л.И., Понкович Г,А., Улазова А.Р. Сборник упражнений и усложненных задач с решениями по химии. Мн .: Вышэйшая школа, 1979. -

  37. Свитанько И.В., Харон Ю.Я. ЭВМ в решении расчетных химических задач. - М.: МИРОС, 1994.- 124с.

  38. Свитанько И.В. Нестандартные задачи по химии. М.: МИРОС, 1995.- 80с.

  39. Луцкая И.М. Задачи по органической химии с решениями. - СПб.: Изд-во С.-Петербургского университета, 1994.- 50 с.

  40. Резяпкин В.И. 750 задач с примерами решений.- Мн.: ЧУП «Изд-во Юнипресс», 2005.- 400с.

  41. Врублевский А.И. Задачи по химии с примерами решений. - Мн.: ООО «Юнипресс», 2002.- 400 с.

  42. Врублевский А.И. 1000 задач по химии с цепочками превращений и контрольными тестами. -Мн.: ООО «Юнипресс», 2003.- 400 с.

  43. Дзудцова Д.Д., Бестаева Л.Б. Окислительно-восстановительные реакции.- М.:Дрофа, 2005.- 318с.

  44. Степин Б.Д. Применение Международной системы единиц физических величин в химии.- М: Высш.шк., 1990.- 96с.

  45. Бекiшев Қ. Химиядан олимпиада есептерi. -Алматы: Рауан, 1997.-182б.

  46. Бекiшев Қ. Химия есептерi. - Алматы: РБК, 1998.- 264б.

  47. Бекишев К. Окислительно-восстановительные реакции.- Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 108б.