СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«ХХІ – ғасыр көшбасшысы»

Сабақтың мақсаты: Білімді, жан – жақты болуға үйрету. Білімге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: тірек – сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер, сағат

 

Просмотр содержимого документа
««ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны»

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі»МКҚК

Информатика пәні оқытушысы

Жанат Икенова




«ХХІ – ғасыр көшбасшысы»

Сабақтың мақсаты: Білімді, жан – жақты болуға үйрету. Білімге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: тірек – сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер, сағат


І. «Бәйге»

Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін он балл алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілеймін!

1 – сұрақ: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?

Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?

2 – сұрақ: Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?

Жауап: 1991 жылы 2 қазанда қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубәкәров тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанды.

3 – сұрақ: 1992 жылы 20 қыркүйекте дүние жүзі қазақтары үшін қандай атаулы күн болды?

Жауап: 1992 жылы 20 қыркүйекте Дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісі ашылды.

4 – сұрақ: Қазақстан Республикасының төл құжатын азаматтарға беру қашан басталды?

Жауап: 1993 жылы 12 қарашада

5 – сұрақ: Қазақстан Республикасының ан енгізілді?

Жауап: 1993 жылы 12 қарашада

6 – сұрақ: Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентінің қашан сайланды?

Жауап: 1991 жылы 1 желтоқсанда

ІІ. «Жеті жұрттың тілін біл».

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен қатар қатесіз жазуларыңыз тексерілді. Барлығыңызды табыс тілеймін!

  1. Күн мен түн таңертеңгілік жыл мезгілі (көктем – весна - spring)

  2. Мұрты бар, иегінің сақалы жоқ

Тоны бар киеріне шапаны жоқ

Пайдасы үй ішінен табылған соң

Далаға кіріп – шығар сапары жоқ

(мысық – кот - cat)

  1. Жүз теңгең болғанша,

Жүз....... болсын (дос – друг - frend)

  1. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп – мяч - ball)

  2. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

  1. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы (ит – собака - dog)

  2. Ұшқан ......., жүгірген аң,

Бәрі тамақ. (құс – птица - birg)

  1. Әр адамның шағын отаны. (отбасы – семья - famili)

Ұпай аз оқушы ойыннан шығарылады.



ІІІ. «Қызықты жетілік»

Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 баллдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 балл жинауға болады. Әрине, дұрыс жауап берсеңіз.

  1. 20- Тік төрт бұрыштың ауданын қалай табамыз?

(Ұзындығы мен енін көбейтеміз)

  1. 20 – Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

(Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді)

  1. 20 – Қазақтық ұлттық аспабында орындалатын әуен?

(Күн)

  1. 30 – Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?

(Компос)

  1. 30 – Елтаңбаның авторы кім?

(Шот – Аман Уәлиханов және Жандарман Мәлібеков)

  1. 30 – Көкжиектің негізі неше тұсы бар?

(Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

  1. 40 – Қазақ ордасының ең соңғы ханы кім?

  2. Оның шын аты?

(Абылай хан, шын аты - Әбілмансұр)

  1. 40 – Қазақстанда «Қызыл кітап» қашан шықты?

(1977 - жылы)

  1. 40 – Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталады?

Бұл еңбекті жасауға кімдер қатысқан?

(жеті жарғы – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)



ІҮ. «Жорға»

Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына дұрыс жауап берулеріңізге қарай ұпай жинай аласыздар. 1 сұрақ – 1 балл болып есептеледі.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз.

1 – қатысушыға сұрақ:

  1. Сиырдың пірі – (Зеңгі баба)

  2. Жылдан құр қалған жануар – (Түйе)

  3. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан. (Масштаб)

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – (Қазақ тілі)

  5. Басты байлық – (Денсаулық)

  6. Ел басқару саласындағы ең жоғары лаузымды тұлға – (Президент)

  7. Қара алтын – (Мұнай)

  8. Ұя салмайтын құс – (Көкек)

  9. 12 ай – (Жыл)

  10. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы – (Ыбырай Алтынсарин)

  11. Абайдың әжесі – (Зере)

  12. Көру мүшесі – (Көз)

  13. 7 3 – (343)

  14. Қысқы Олимпиада өткен қала – (Солт – Лейк - Сити)

  15. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі – (Карта)

  16. Заттың санын білдіретін сөз табы – (Сые есім)

  17. 9 мамыр қандай күн – (Жеңіс күні)

  18. Жаңа түған балаларға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы. – (Бесік тойы)

  19. Күйді орындаушы адам – (Күйші)

  20. Ақан серінің тұлпарының аты – (Құлагер)


2 - қатысушымызға сұрақ

  1. Түйе пірі – (Ойсыл қара)

  2. Жыл басы не? – (Тышқан)

  3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін бортылдақ жұмсақ қабаты – (Топырақ)

  4. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі – (Орыс тілі)

  5. Адам денесінің тірегі – (Қаңқа)

  6. Үкіметті кім басқарады? – (Премьер - министр)

  7. Ақ алтын. – (Мақта)

  8. Орман дәрігері – (Тоқылдақ)

  9. 7 күн – (Апта)

  10. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? – (Б. Соқбақбаев)

  11. Есту мүшесі – (Құлақ)

  12. 8 3 – (512)

  13. «Абай жолы» роман – эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

  14. Қырғызстан астанасы – (Бішкек)

  15. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер – (Тау жыныстары)

  16. Заттың қимылын білдіретін сөз табы – (Етістік)

  17. 25 – қазан қандай күн – (Республика күні)

  18. Баланың тәй – тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең – (Тұсау кесер)

  19. Біржанмен айтысқан ақын қыз – (Сара)

  20. Қобыландының тұлпарының аты – (Тайбурыл)


Жеңімпазды анықтау, құттықтау, қорытындылау.